6 сынып Қазақстан тарихы 1-тоқсан «№ орта мектебі» кмм



бет23/31
Дата16.09.2022
өлшемі0.89 Mb.
#460839
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
6 сынып ҚМЖ-1 тоқсан-2022-2023 Қазақстан тарихы

Ойлау дағдысы: Түсіну
М: Оқушыларға қимақ қағанаты туралы мағлұмат беру
ҮІІІ-ІХ ғасырлар аралығында Солтүстік-Шығыс Қазақстан аумағында қимақ тайпалар одағы қалыптасты. Қимақтар туралы араб, парсы, түркі, қытай деректерінде айтылған. Осы деректер негізінде қимақтардың Батыс Моңғолия даласында өмір сүргенін білеміз. Ол жерден қимақтар VІІ ғ ортасында Алтай таулары мен Ертіс бойына көшті.
ЕБҚ оқушыға дереккөздің форматын үлкейтіп, қолдау
1-ші тапсырма. «Ой қозғау» әдісі
Ойлау дағдысы: Қолдану
Мәтінмен , араб деректерімен жұмыс
Әр топқа топ атауларындағы қимақ қалалары туралы мәтін және деректер таратылады. Мәтінді топта талқылап, сипаттама жасап, тапсырмаларды орындайды.
1 топ Имақия – тірек сызба сызу
Деректер:
Əл-Идриси:
«Қимақ астанасы - Имекия темір қақпалы қорғандармен берік қоршалған, ішінде базарлары, ғибадатханалары бар ірі қала».
Мәтін:
Қимақтар ІХ.ғ. бастап өз алдына жеке мемлекет болып өмір сүрген. «Худуд Әл-аламның» хабары бойынша, Қимақ мемлекетінің орталығы – Имақия қаласы.
Парсы тарихшысы Гардизи қимақтар құрамында жеті тайпа болғандығын жазған. Олар: эймур, байандур, татар, ланиказ, ажлар, имек, қыпшақ. Ең атақтылары – қимақтар мен қыпшақтар. Қағанат билеушісі – “қаған”. Бұл атақтан екі саты төмен “ябғу” атағы болды. Жеке тайпа көсемдерін “шад-түтік” деп атаған.
2 топ Карантия- картамен жұмыс .
Картадан Қимақ мемлекетінің аумағын, Карантия қаласын көрсету.
Деректер
Тамим Ібірі Баһр: «Қимақтарда қала мəдениеті мен сауда-саттық істері өрістеді, қимақ қағанының қолбасылық ордасының жанында тұратын қала жəне оның атырабында егін егетін отырықшы мекендері бар»
Мәтін:
Жазба деректердің хабарына қарағанда қимақтардың екінші орталығы – Алакөлдің шығыс жағындағы Қарантия қаласы.
3-топ Көктұма – картамен жұмыс
Картадан Көктұма қаласын тауып, қала туралы мағлұматтар айтып, қимақтардың көрші мемлекеттерін картадан көрсетіңіз
Мәтін:
Көктұма– ортағасырлық қала орны. Қазіргі Алматы облысы Алакөл ауданындағы Көктұма ауылының жанында, Алакөлдің оңтүстік-шығыс жағасында орналасқан. Көктұманы 1957 ж. Жетісу археологиялық экспедициясы зерттеген. Табылған бұйымдардың дені қыштан жасалған заттар (хұмдар, қос құлақты құмыралар, батырып та, қалыптап та өрнектеген тақталар). Бұлар б.з. 9 – 11 ғасырларына жатады. Көктұма – 9 ғасырда қимақтардың Дамурия деп аталған қаласы, ал Шыңғыс хан империясыкезінде өлке орталық болған. Қазір қаланың орны түгел дерлік жойылуға айналған. 


4 топ Дахлан – тірек сызба сызу
Деректер:
Қимақтарда жазу болған деп топшылауға дәлел бар. Мұны Әбу Дулафтың мына сөзінен көреміз: «Оларда қамыс өседі, бұл қамыспен олар жазады». Тегі қимақтар қамыс қаламмен жазып, мұнда ежелгі түрік әліппесін пайдаланған болуы керек. Мұны Ертіс бойынан, Тарбағатай тауларынан табылған заттар — мезгілі IX—X ғасырларға қатысты түрік жазулары бар қола айналар да көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет