6D010300 – Педагогика және психология мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың эмоциялық жағдайын зерттеу


қажет ететін білім алушылардың эмоциялық жағдайын зерттеу (ЖОО



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата24.05.2024
өлшемі0.54 Mb.
#501815
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9
қажет ететін білім алушылардың эмоциялық жағдайын зерттеу (ЖОО 
мен колледждердің нашар еститін білім алушылары мысалында)» деп 
таңдауымызға негіз болды. 
Зерттеу мақсаты: Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың 
эмоциялық жағдайын зерттеудің теориялық және әдістемелік әзірлемесін 
(ЖОО мен колледждердің нашар еститін білім алушылары мысалында) 
негіздеу. 
Зерттеу нысаны: жоғары және орта кәсіптік оқу орындарындағы 
педагогикалық үдеріс.
Зерттеу пәні: ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың 
эмоциялық жағдайын зерттеу үдерісі (ЖОО мен колледждердің нашар еститін 
білім алушылары мысалында). 
Зерттеу болжамы: егер ЖОО-ның, колледждің оқу үдерісінде нашар 
еститін білім алушылардың эмоциялық жағдайын дамытуға арнайы 
бағдарлама әзірленіп, эмоциялық жағдайын зерттеудің құрылымдық-
мазмұндық моделі жасалса, онда жалпы оқыту жағдайларында білім 
алушылардың эмоциялық жағдайының оңтайлы деңгейін арттыруға болады
өйткені: танымдық, мінез-құлық және психофизиологиялық компоненттер 
жоғары оқу орындары мен колледждерде ерекше білім беруді қажет ететін 
білім алушылардың эмоциялық жағдайын дамытудың негізгі бағыттары 
ретінде, жалпы білім беру жүйесінде нашар еститін білім алушыларды әртүрлі 
әлеуметтік қызметтерге қосуды, оң эмоциялық жағдайды, оптимистік көңіл-
күйді, эмоциялық эмпатияға қабілеттілікті, басқа адамдарға мейірімді қарым-
қатынасты қалыптастыруды, психикалық үдерістерді біркелкі және уақтылы 
дамытуды қамтамасыз етеді. 
Зерттеудің жұмыс болжамы:
1. ЖОО мен колледждердің ерекше білім беруді қажет ететін білім 
алушыларының 
эмоциялық 
жағдайы 
оның 
өзінің 
бағалауына,
дифференциалды эмоциялар шкаласының деңгейіне және оны қалыптастыру 
жағдайына тәуелді.
2. ЖОО мен колледждердің ерекше білім беруді қажет ететін білім 
алушылары оқуға деген ынтасын, тұлғааралық қарым-қатынас бағытын 


басқара алса, онда оның әр түрлі психикалық үдерістерді біркелкі және 
уақтылы дамытуы жүйелі болады. 
3. Егер ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың эмоциялық 
жағдайын дамытудың негізгі бағыттары анықталса, онда жалпы білім беру 
жүйесінде нашар еститін білім алушыларды әртүрлі әлеуметтік қызметтерге 
қосуда оң эмоциялық жағдайы, оптимистік көңіл-күйі, эмоциялық эмпатияға 
қабілеттілігі қоршаған ортамен мейірімді қарым-қатынасты қалыптастырудың
тиімді тетігі бола алады.
Қойылған мақсатқа, объектіге, тақырыпқа және болжамға сәйкес 
зерттеудің міндеттері анықталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет