– теориялық әдістер: зерттеу
мәселесі бойынша философиялық,
психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді, сондай-ақ зерттелетін мәселе
бойынша диссертациялық зерттеулерді теориялық талдау;
– эмпирикалық әдістер: сауалнама, байқау, психологиялық әдістер: «А.
Вессман және Д. Рикстің эмоциялық жағдайды өзінің бағалауы»; «Т.И.
Ильинаның ЖОО-да оқуға деген ынтаны зерттеу әдістемесі»; «К. Изардтың
дифференциалды эмоциялар шкаласы (ДЭШ)»; «Т.
Лиридің тұлғааралық
қарым-қатынас тесті», «Бейімділік», «Люшердің түстік тесті», «ӨБК
сауалнамасы: өзін-өзі сезіну, белсенділік, көңіл-күй В.А. Доскин, Н.А.
Лаврентьева, В.Б. Шарай, М.П. Мирошников»;
– қалыптастырушы әдістер: ЖОО мен
колледждердің нашар еститін
білім алушыларының эмоциялық жағдайының оңтайлы деңгейін қамтамасыз
ету бойынша бағдарламаны әзірлеу және енгізу, тренингтерді,
рөлдік
ойындарды пайдалану, проблемалық жағдайларды шешу міндеттері;
– статистикалық әдістер: эксперимент нәтижелеріне сапалық және
сандық талдау әдістері.
Зерттеу базасы: Зерттеулер І. Жансүгіров атындағы Жетісу
университетінің (ЖУ),
Талдықорған
жоғары медициналық колледжінің,
Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің, (Талдықорған қаласы);
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің
Қаратау тау-кен
технологиялық колледжі (Қаратау қаласы); М.Х. Дулати атындағы Тараз
өңірлік университетінің (ТУ, Тараз қаласы) базасында жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: