сандық талдау, алынған деректерді түпкілікті өңдеу; қорытындылар мен
ұсынымдарды өңдеуге арналды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Ерекше білім беруді қажет ететін
білім алушылардың эмоциялық
жағдайын зерттеудің ғылыми-теориялық негіздері анықталды.
Алғаш рет қазақстандық психология ғылымының шеңберінде нашар
еститін білім алушылардың жоғары оқу
орындары мен колледждерінде
эмоциялық жағдай мәселесі қарастырылып, іргелі және қолданбалы білімдерді
дамытуға мүмкіндік жасалды.
Зерттеудің құрылымдық-мазмұндық моделі және ЖОО мен колледжде
нашар еститін білім алушылардың эмоциялық жағдайын дамытудың негізгі
бағыттары әзірленді.
Жоғары оқу орындары мен колледждерде
нашар еститін білім
алушылардың эмоциялық жағдайын зерттеу әдістемелері анықталып, зерттеу
жұмыстары жүргізілді.
ЖОО мен колледждің нашар еститін білім алушыларының эмоциялық
жағдайының оңтайлы деңгейін қамтамасыз ету бойынша «Жоғары оқу
орындары мен колледждің нашар еститін білім алушыларының эмоциялық
жағдайының оңтайлы деңгейін қамтамасыз ету» бағдарламасы әзірленді.
Достарыңызбен бөлісу: