7. Жеделдетілген нормалау. Жеделдетiлген нормалау


Ауа ортасының электрлік жағдайы және оның гигиеналық маңызы



бет6/14
Дата24.03.2023
өлшемі189.94 Kb.
#471045
түріРегламент
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
рк 1-1

16. Ауа ортасының электрлік жағдайы және оның гигиеналық маңызы.
Атмосфераның электрлік жағдайы атмосфераның электрлік және магниттік өрістерімен, иондануымен және нажағай электрімен сипатталады.
Электр өрісінің болуы келесімен байланысты: Жер, жалпы алғанда, теріс зарядталған полюс болып табылады, ал атмосфера – оң зарядталған, осының нәтижесінде атмосферада жерге тікелей бағытталған тоқ түзіледі. Жер бетіндегі электр өрісінің кернеулілігі 130 В/м, ал, адамның тұрған кездегі басы мен аяғының арасындағы градиенті 250 Вт құрайды. Электр тоғының кернеулілігі жылдың әр түрлі мезгілінде, тіпті тәулік ішінде, бірдей емес. Жоғары деңгейдегі кернеулілік қыс мезгілінде, ал аз деңгейдегі - жаз мезгілінде байқалады. Бір күннің ішінде құрлықтағы кернеуліліктің ең жоғарғы деңгейі - 10 нан 12 сағатқа дейін және 18 ден 22 сағатқа дейін, ал ең төменгі деңгейі - 3-тен 5-ке дейін, 14-тен- 16 сағатқа дейін байқалады. Сонымен қатар, электр өріс кернеулігінің ендікке де тәуелділігі бар: орта ендікте ол үлкен, экватор мен полюске қарай азая береді. Электр өрісі кернеулілігінің кезең-кезең өзгеріп отыруы, күннің белсенділігі мен геомагниттік белсенділіктің өзгеруімен тығыз байланысты. Ауа райы жағдайына, атмосфералық қысымның шамасына, бұлттардағы зарядтарға, ауаның ластануына байланысты ауаның электр өткізгіштігінің өзгеруі де кернеулілік шамасына әсер етеді. Мысалы, электр өрісінің кернеулілігі, атмосфералық қысым жоғарылағанда, тұмандар, жауын-шашындар пайда болған кезде, бірнеше есеге жоғарылап отырады. Электр өрісі кернеулілігінің ең үлкен өзгерістері, потенциал градиенті ондаған, жүздеген есе жоғарылайтын, күннің күркіреуі кезінде байқалады. Атмосфераның электр жағдайының өзгерулері де адам ағзасына өз әсерін тигізеді, себебі, адам ағзасының қызмет атқаруы биохимиялық ғана емес, сонымен бірге, электрофизиологиялық үрдістермен де қамтамасыз етіледі. Барлық электромагниттік жүйе тәрізді, тірі ағза да атмосфералық электр параметрлерінің өзгерулеріне сезімтал болады. Бұндай реакциялардың айқын көрінісіне ауа райының өзгерісі және күн белсенділігінің күшейуі кезіндегі сезімтал адамдар мен науқастарда пайда болатын метеопатиялар жатады («Климат және ауа райы» тарауын қараңыз). Адамның ағзасына әсерін ететін ауаның қасиеттерінің бірі, ауаның иондануы болып табылады. Иондану, яғни ауаның құрамындағы молекулалар мен атомдардың қарама-қарсы зарядталған иондарға ыдырауы, негізінен ғарыштан және күннен келетін сәулеленулердің, ауа мен топырақ радионуклидтері сәулеленуінің әсерінен, сондай-ақ, судың тозаңдануы кезінде жүреді. Әуелі атомнан электрон бөлініп шығады, осының нәтижесінде бейтарап атом оң зарядталады, ал электрон, басқа бейтарап атомға қосылып, теріс ион түзеді. Түзілген мономолекулярлы аэроиондар әдетте өміршең емес. Олар өздеріне газдың 10-15 молекулаларын қосып алып, тұрақтылығы жоғарылау болатын, жеңіл иондарға айналады. Бірақ, олардың өмір сүру уақыты 1-2 минуттан аспайды, себебі ауаға араласқан шаң бөлшектерімен, су тамшыларымен, микроб денелерімен жанасқанда, олар орта және ауыр иондар түзеді. Ауада иондану үрдістерімен қатар, кері үрдіс – әр түрлі зарядталған иондардың өзара әсерлесу нәтижесінде бейтарап атомдардың түзілуі жүреді.
Жеңіл иондардың мөлшері белгілі бір дәрежеде ауаның тазалық деңгейін сипаттайды. Ауаның шаңдануы мен химиялық ластану дәрежесі және ылғалдылығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым, оның құрамында жеңіл аэроиондар аз болады. Жабық бөлмелерде жеңіл иондардың мөлшері өте сезімтал көрсеткіш болып табылады, себебі бұл бөлмелерде олардың мөлшері, деммен шығарылған көмірқышқыл газымен, адам ағзасының метаболизм өнімдерімен, шаң бөлшектерімен рекомбинациялануына байланысты, сонымен қатар, тыныс алу үрдісінде, тері мен киіммен сіңірілуі нәтижесінде төмендейді. 1 см3 ауда концентрациясы 200000 шамасындағы жеңіл электр заряды теріс иондардың адам ағзасына қолайлы әсер ететіндігі көрсетілген: орталық жүйке жүйесінің функционалдық жағдайы жақсарады, жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің тонусы жоғарылайды, алмасу үрдістері ынталандырылады, жарақаттар жазылуы жылдамдайды. Электр заряды теріс иондармен қаныққан ортада болуы, қан қысымы жоғарылаған, бронх демікпесі, аллергиялық аурулары, анемиялары, әр түрлі эндокриндік бұзылыстары бар науқастардың жалпы жағдайларын жақсартады. Бұл иондар қажу кезінде де қолайлы әсер етеді. Керісінше, электр заряды оң, ауыр иондарының мөлшері ауада жоғарылаған уақытта, адамдарда әлсіздік, ұйқышылдық, бас ауруы, шаршау мен қалжырағанын сезінуі пайда болады, қан қысымы жоғарылайды. Ауа ортасының қолайлы иондану тәртібін қамтамасыз ету үшін, атмосфералық ауа мен жабық бөлмелердің ауасының ластануын төмендетуге бағытталған шараларды жүргізу қажет. Ауаның иондануының жақсаруына ластаушы заттарды сіңіретін жасыл желектер және тозаңдалып тұрған судың иондаушы әсерінің арқасында ашық суаттар мен фонтандар да ықпал етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет