Судың химиялық құрамы. Санитарлық норма мен ережеге сай су химиялық құрамы жағынан зиянсыз болу керек және табиғи судың құрамында кездесетін заттар, суға өңдеу процесінде қосылатын реагенттер, адамдардың іс-әрекет нәтижесінде суды ластайтын заттардың мөлшері стандарттағы нормативтерге сай болуы керек.
Гигиеналық жағынан маңызы жоғары болып келесі көрсеткіштер саналады.
Темір көбіне жер асты суларының құрамында темірдің дигидрокарбонаты түрінде кездеседі. Су ауамен қатынасқа түскенде темір тотығып, темірдің гидрооксидіне айналады. Ол суға лайлы қоңыр түс береді. Егер судың құрамында темірдңғ мөлшері 0,3-0,5 мг/л-ден көп болса, судың органолептикалық қасиеті нашарлайды, ал оның мөлшері судың құрамында 1-2 мг/л болған кезде, лайлылық пен түсінен басқа судың дәмі де өзгереді. Нормада темір мөлшері-0,3 мг/л орталықтандырылған су үшін, ал жергілікті су құрамыгнда-1 мг/л ден көп болмауы керек.
Хлоридтер. Жай ағынды сулардың құрамында көп емес мқлшерде 20-30 мг/л дейін кездеседі. Құрамында хлордың мөлшері 350-400 мг/л болса, онда суда тұзды дәм пайда болады.ол асқазан сөлінің бөлінуіне теріс әсер етеді. Стандартқа сай судың
құрамында хлоридтер нормада 350 мг/л ден аспауы керек.
Сульфаттар. Өзен суларында және тұзды көлдердің шөгінділерінде тұрақты түрде кездеседі. Судың құрамында сульфаттардың мөлшері 500 мг/л болса, суда ащы-тұзды дәм пайда болады. ол асқазан сөлінің бөлінуіне теріс әсер етеді. Мұндай суды бұрын қолданбаған адамдарда диспепсия болуы мүмкін. Стандартқа сай судың
құрамында сульфаттардың мөлшері 500 мг/л ден аспауы керек.
Фтор қосылыстары құрамындағы фтор ионы сүйектің және тістің минералдануына қатысады. Су құрамындағы мөлшері нормада 1,2-0,5 мг/л болу керек. Егер суда фтордың мөлшері 5 мг/л дейін көтерілсе ол адамдар арасында сүйектердің зақымдануын туындатады (остеосклероз, остеопороз).
23. Су сапасын жақсарту әдістері.
Су-бүкіл адамзат тарихында, оларға қуаныш, ұзақ өмір мүмкіншілігін туғыза отырып, қауіп-қасіретті де әкелген. Су арқылы тез тарайтын эпидемиялық аурулар, планетамыздың барлық түкпірінде дерлік тарап. адамдардың зәресін алып, өлімге соқтырып отырған. Жоғарыда көрсетілген мәліметтер судың қандай керемет қасиеттері бар екендігін көрсетіп отыр. Оның үстіне біз су туралы өте аз білеміз. Сондықтан табиғаттағы суларды ластамай таза ұстауды, ғылымның әр түрлі салаларынан алынған нәтижелердің көзін тауып қолдану арқылы шешуге болады.
Қазір біз білеміз, бұл жағдайда судың өзінің кінәсі жоқ, ол-адамдардың білместігінен және көргенсіздігінен судың құрамына түскен минералды, органикалық, әсіресе бактериялық қоспалардың әсері еді. Сондықтан, кейінгі кезде, табиғаттың бүкіл қыр-сырын түсіне бастаған және ғылым мен техниканың жетістіктерін игерген адамдар, таза су проблемасына үлкен назар аударып келеді.
XX ғ басынан бастап, дамып келе жатқан техникалық прогресс, қоршаған ортаның ластануына әсерін тигізді. Кейінгі жан-жақты жүргізілген ғылыми жұмыстардың нәтижелері қоршаған ортаны, оның ішінде суды ластамайтын технологиялар жасаудың әр түрлі мүмкіншіліктері бар екендігін көрсетіп отыр. Ғылымның осындай нетижелерін қолдану, қоршаған ортадағы сулардың ластанбауынб осының нәтижесінде адамдардың, өсімдіктердің, жануарлардың,балықтардың дұрыс дамып өсуін қамтамасыз ете алады.
Жүргізілген зерттеу жұмыстары, сулы ортада жүретін процестердің жалпы заңдылықтарын терең түсініп, оларды жинақтап қорыта отырып, бір системаға келтіріп, суды тазалаудың ыңғайлы технологиясын жасау қажеттіліктерін көрсетіп отыр.
Бірақ айта кету керек, бүгінгі күнгі суды өңдеудің, химиялық және де басқа технологиялық жолдары, қазіргі күннің өмір талабына толық сай емес. Олар, суды тазалау проблемаларының кейбір аспектілерін ғана шешіп, универсалды түрде қолданыла алмай келеді. Қазіргі өндірістің дамыған кезінде-өзен, көл, теңіз суларына бұрын белгісіз, анықталуы қиын улы заттар да түсуі мүмкін.
Суды тазалау технологиясын жасау кезінде, ондағы бар зиянды заттарды түгел білу қажет, себебі ондағы бар заттар бір-бірімен әрекеттесіп, нәтижесінде түзілген зат бұрынғыларынан да өте улы болуы мүмкін.сонымен, халық шаруашылығы өндірістерінің кейінгі кездердегі жедел қарқынмен өсуі, көптеген қосылыстардың қоршаған ортаға түсіп, суды ластап, ал мұндай суларды тазалау өте күрделі технологиялар арқылы іске асырылады.
Жүргізілген зерттеулерді және жинақталған мәліметтерді қорыта отырып, су өңдеудің теориялық негізін жасау-бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі. Зерттеулер негізінде алынған судың құрамындағы қоспалардың физика-химиялық қасиеттері туралы мәліметтерді жинақтаған, олардың бір-бірімен әсерлесу заңдылықтарын анықтап, белгілі бір системаға келтіріп, нәтижесінде қазіргі күннің талабына сай, суды тазалауға болады.
Табиғи судың гидрохимиялық системадағы классификациясы бойынша судың тек химиялық құрамы ғана ескеріліп, судағы аниондар мен катиондар мөлшері көрсетіледі. Қазіргі күні су қоймалары өндірістік ағынды су арқылы ластанып, осындац классификация, судың қандай жағдайда екенін толық көрсете алмайды және тазалау үшін толық шешімді бермейді.
Кеңес үкіметі кезінде, су тазалау технологиясымен Украина Ғылым Академиясында көптегенғылыми жұмыстар жүргізілді. Осы жұмыстар негізінде жоғары активті реагенттер алынып және талапқа сай қондырғылар жасалып, суды тазалаудың эффективті әдістері ұсынылды. Осы әдістермен тазаланған су ең қатаң санитарлы-гигиеналық талаптарға сай болды.
Осы көп жылдық ғылыми жұмыстар - Жаңа теориялық бағытқа негіз болып, суды ластайтын көптеген органикалық және бәйорганикалық қосылыстарды табиғи және ағынды сулардан бөліп алу заңдылықтарын көрсетті. Бұл теория - судың ластануымен күресуде, оның ішінде адамға өте қауіпті микроорганизмдерді көп мөлшердегі көк жасыл балдырларды және олардың ыдырауында бөлініп шығатын улы заттарды залалсыздандыру мүмкіншіліктері бар екендігін көрсетті.
Осы қарапайым және сапалы жаңа шешім, суды тазалаудың жаңа технологияларын жасауға алғашқы мүмкіндік туғызды. Бұл теорияның авторы Украина Ғылым Академиясының академигі Л.А.Кульский еді. Ол суды тазалау процесі заңдылықтарын сараптай отырып, ластағыштардың судағы физико-химиялық қалпының бірі болып есептелінетіндігін, олардың мөлшеріне қарап топтарға бөлуге болатынын көрсетті.
Көрсетілген принцип бойынша. табиғи және ағынды суда болатын химиялық және физикалық ластайтын заттарды өлшеміне қарап бірнеше топтарға біріктіріп, олардың классификациясын жасап, әр затты бөліп алуға және бұрын белгілі әдістерден бас тартуға болатындығын көрсетті.
24. Су сапасының адам денсаулығына әсері.
Су факторларына байланысты барлық ауруларды екі үлкен топқа бөлуге
болады:
- судың биологиялық құрамына байланысты аурулар тобына;
- судың химиялық құрамына байланысты аурулар тобына.
Судың биологиялық ластануы адамдарда жұқпалы және паразиттік
аурулар туғызатындықтан, эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті екендігі
айтылды.
Судың химиялық құрамына байланысты ауруларды да (жұқпалы емес
ауруларды) екі топқа бөледі:
- судың табиғи химиялық құрамына байланысты ауруларға;
- судың антропогендік химиялық ластануымен байланысты ауруларға.
Микроэлементтердің (йод, бром, фтор, селен, стронций, молибден,
кобальт және басқалардың) биологиялық белсенділігі жоғары болғандықтан,
олар адам ағзасында көптеген физиологиялық және зат алмасу үрдістерінің
қалыпты жүруіне жағдай жасайды, минералдық заттардың алмасу үрдістерінеқатысады және түрлі биохимиялық реакциялардың катализаторы ретінде
ағзадағы жалпы зат алмасуына әсер етеді.
Бірақ, ағзадағы микроэлементтердің мөлшері олардың қоршаған орта
нысандарының құрамында (оның ішінде суда да) болуына тікелей байланысты
болғандықтан, кез келген микроэлементтің суда немесе басқа орталарда
жеткіліксіздігі, не артық мөлшерде болуы, адам ағзасының әртүрлі
функцияларының бұзылуына немесе аурулардың пайда болуына әкелуі мүмкін.
Микроэлементтер жер қыртысында біркелкі тарлмағандықтан, белгілі бір
аудандардағы су, топырақ және өсімдіктер құрамында олардың мөлшері
жеткіліксіз немесе артық болады. Бұндай аудандар биогеохимиялық
провинциялар деп аталады, олар табиғи және антропогендік болуы мүмкін, ал
осы аудандардағы тұрғындар арасында микроэлементтердің жеткіліксіз немесе
артық болуы себебінен пайда болған аурулар геохимиялық эндемиялар деп
аталады. Бұндай аурулардың көбі су факторымен байланысты .
Ауыз судың сапасы жөніндегі Нұсқаулықтың 4-ші басылымын дайындау
барысында (2003 ж.) БДДҰ сарапшыларының Римдегі мәжілісінде судың
химиялық құрамымен байланысты, оның ішінде, суда анықталған заттардың
адамның денсаулығы мен көңіл-күйіне әсері жөніндегі, көптеген мәселелер
қарастырылды. Ең жақсы зерттелген геохимиялық эндемияларға фтордың
жетіспеушілігімен немесе артық болуымен және йод, стронций, кобальттің
жетіспеушілігімен байланысты геохимиялық эндемиялар жатады.
БДДҰ сарапшылары, фторды ауыз суымен қолайлы мөлшерде қабылдау -
тіс саулығының маңызды факторы деген қортынды жасаған. Сонымен бірге,
фторды артық мөлшерде қабылдау тіс флюорозына, ал одан да жоғары мөлшері
қаңқаның флюорозына әкеп соғатыны айтылды. Флюороз (fluorosis) – ауыз суда
фтордың жоғары мөлшерде болуынан, фтордан улануға байланысты ауру.
Флюороздың алғашқы белгілерінің бірі – тістің зақымдануы (тіс эмалінің
гипоплазиясы). Флюороздың пайда болуының дәл механизмі әлі де соңына
дейін толық зерттелмеген. Мамандардың пікірінше, зақымдаушы фактор
амелобластарға уытты әсер етіп, эмальдің дұрыс қалыптаспауына себеп болады.
Фтор – ағзада физиологиялық роль атқаратын, маңызды элемент болып
саналады. Фтор адамның барлық мүщелерінің құрамына кіреді, бірақ, негізінен,
сүйек пен тісте көбірек кездеседі. Ересек адам бір тәулігіне азық-түлік
өнімдерімен бірге орта есеппен 0,5-1,1 мг, ал сумен бірге 2,2-2,5 мг/л фтор
қабылдайды. Азық-түлік құрамындағы фтор, судағы еріген фторидтерге
қарағанда, нашар сіңіріледі. Ауыз суда фтор неғұрлым көп болса, флюороз-
жиі, ал кариес – сирек кездеседі.
Флюорозбен, негізінен, туғаннан немесе 3-4 жастан бері эндемиялық
аймақта тұратын балалардың тұрақты тістері (сүт тістері - сирек) көп
зақымданады. Фтордың мөлшері қалыпты деңгейден сәл ғана жоғары болғанда,
баланың азу тістері, ал өте жоғары болғанда, барлық тістері зақымданады.
Ағзаға түскен фтордың көп бөлігі бүйрек пен тер бездері арқылы
шығарылатыны, ал аз бөлігі ағзада ұсталынып қалатыны анықталды. Бұнымен
қатар, эндемиялық аудандардағы тұрғындардың көпшілігінің тістерінде едәуірөзгерістер болған жағдайда, кейбір адамдарда тістерінің жеңіл зақымданулары
болады, мұндай аудандарда, тіпті тістері түгелдей сау балалар да кездеседі. Бұл
демек, суда фтордың концентрациясы бірдей болғанымен, олардың түсуіне ағза
әр түрлі реакция беруі мүмкін деген сөз.
Мемлекеттік стандарттарға сәйкес, фтордың су көздеріндегі шектік
рұқсат етілген концентрациясы - 1,5 мг/л. Айта кету керек, бұндай
концентрациясында да тіс флюорозы кездесуі сирек емес. Фтордың судағы
концентрациясы 1,0-1,5 мг/л болғанда, флюороз тұрғындардың 30%-да дамиды,
1,5-2,0 мг/л - 30-40%-да, 2,0-3,0 мг/л болғанда, эндемиялық ауданның 80-90%
тұрғындарында байқалады. Ұзақ ауқыт бойы құрамында фтордың мөлшері
жоғары ауыз суды қабылдау үлкен адамдардың қалыптасып болған тістерінің
эмалінің түсін өзгерте алмайды. Судағы фтордың концентрациясы 6 мг/л
асқанда ғана үлкен адамдардың қалыптасып болған тістерінде өзгерістер
тудыру мүмкін. Айта кету керек, климаты ыстық аудандарда, ауыз суда
фтордың мөлшері орташа (0,5-0,7 мг/л) болғанның өзінде, тістің айқын
флюорозы байқалуы мүмкін. Бұл ыстық климат жағдайында ағзаның суды көп
қабылдауына байланысты. ТМД елдерінің территориясында флюороз
ауруының ошағы барлық дерлік республикаларда бар, бірақ бұл аурудың
клиникалық белгілері әсіресе, Украина, РФ, Әзірбайжан, Молдавия,
Қазақстанның территорияларында көбірек анықталды.
Клиникалық бақылаулардың нәтижесінде, ауыз судағы фтордың қолайлы
мөлшері 1 мг/л болатыны белгілі болды, бұндай концентрацияда флюороз
сирек кездеседі (немесе оның жеңіл түрі байқалады) және тісжегі дамуын
тоқтатын эффект анық байқалады. Тіс флюорозы көріністерінің ауырлығына
байланысты олардың штрих түріндегі, дақты, бор тәрізді дақ, эрозиялы және
деструктивті түрлерін ажыратады. Бірінші үш түрі тіс тіндерін бүлінуінсіз
жүреді, ал эрозиялы және деструктивті түрлері тіс тіндерінің бүлінулерімен
жүреді
25. Су факторларымен байланысты аурулардың алдын алу.
Су тұтынуға байланысты әр түрлі аурулардың алдын алу мақсатында,
гигиена мамандары ауыз су сапасына қойылатын бірқатар талаптар
дайындады. Біріншіден, ауыз су эпидемиялық және радиациялық жағынан
қауіпсіз болуы тиіс, екіншіден, химиялық құрамы жағынан зиянсыз болуы
керек, үшіншіден, органолептикалық қасиеттері (түсі, исі, т.б.) жағымды болуыкерек. Бұл талаптар келесі іс-шаралар кешенін орындау нәтижесінде жүзеге
асырылады:
- заңнамалы гигиеналық шараларды орындау;
- су көзін таңдау;
- су көзінің санитарлық-қорғаныш аймағын (ЗСО) ұйымдастыру;
- суды тазарту, зарарсыздандыру және өңдеудің арнайы әдістерін
қолдану;
- су құбыры жүйесін санитарлық қорғау.
Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету жүйесінің екі түрі бар:
орталықтандырылған жүйесі – бұл, су көздерінен механикаландырып
су алуды, оның сапасын жақсартуды (тазарту, зарарсыздандыру және өңдеу)
немесе онсыз, суды сақтауды, ауыз су пайдаланатын орындарға беруді
қарастыратын, елді мекендерді сапалы ауыз сумен жеткілікті мөлшерде
қамтамасыз етуге арналған шаралар мен құрылғылар, құрылыстар және су
құбырларының кешені болып табылады.
орталықтандырылмаған (жергілікті) жүйесі – бұл, ауыз суды
тұтынатын орындарына жеткізіп бермейтің, жалпы халық пайдалану үшін
ашық немесе жеке адамдардың пайдалануындағы құрылыстардан
тұрғындардың өз бетімен су алуына арналған жүйе.
Сумен қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйесі су құбырларын
орнату арқылы жүзеге асырылады. Су құбырлары деп, су көздерінен
механикаландырып су алуды, оның сапасын жақсартуды (тазарту,
зарарсыздандыру және өңдеу) немесе онсыз, суды сақтауды, ауыз су
пайдаланатын орындарға беруді іске асыратын орталықтандырылған сумен
қамтамасыз етуге арналған инженерлік құрылыстар кешенін айтады. Қазіргі
кездегі су құбырлары ашық және жер астылық су көздерінің суын пайдалана
алады. Ашық су көздерінің суымен қамтамасыз ететін құбырлар:
а) су алатын құрылыстан;
б) суды жоғары көтеретін сору қондырғысынан;
в) судың сапасын жақсартуға арналған құрылыстан;
г) су құбырлары жүйесінен тұрады.
Құрылыстардың су құбырлар жүйесіне дейінгі бұл кешенінің барлығы
бас құрылыстар деп аталады. Суды су көздерінен алу үшін, өзен ағысының
бойымен елді мекеннен жоғары ұйымдастырылатын арнайы су қабылдағышты
қолданады.
Жер асты су көздерінен орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету
жүйесі, негізінен, кішігірім ауылдық елді мекендер, қалалардың жекелеген
аудандары, кейде жеке мекемелер үшін ұйымдастырылады. Оның
артықшылықтары: бұл жердегі су барлық ластаушылардан сенімді
қорғалғандықтан, суды тазартудың қажеттілігі, әдетте, туындамайды; су алатын
орның елді мекеннің өзінде немесе оған жақын жерде орналастырады.
Су алу үшін, жер астындағы су тұтатын горизонтқа дейін жететін
вертикалды шахталар түріндегі, бұрғылағыш артезиан ұңғымаларын құрады.
Бұрғылау кезінде алынған топырақ шахтаға түспеу үшін, шахтаныңқабырғаларын бекітетін айналдыра сақиналар қойылады. Ұңғымадан суды
тартып алу үшін, оған сорғыш орнатады. Бұндай су құбырларының санитарлық
қауіпсіздігінің кепілдігі, жүйенің, әсіресе, айналдыра қойылған сақиналардың
қосылған жерінде, жақсы герметизациялануы болып табылады.
Орталықтандырылмаған ауыз су-шаруашылық мақсатында сумен
қамтамасыз ету үшін жер асты сулары пайдаланылады. Тұрғындарды және
шаруашылық- тұрмыстық нысандарды сумен қамтамасыз ету, су алатын
құрылыстарға арнайы құрал-жабдықтарды (тарату жүйесі жоқ ұңғымаларды,
шахталық және құбырлы құдықтарды, бастау каптаждарын) орнату арқылы
жүзеге асырылады.
Ұңғымалар, құдықтар мен бастау каптаждарын орнату үшін қажетті
орындар геологиялық, гидрогеологиялық мәліметтер негізінде таңдалып
алынады.
Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінің су көздерін ластанудан
қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасының санитарлық заңнамасы
бойынша сумен жабдықтайтын су көздерінің санитарлық қорғау зонасы (СҚЗ)
орнатылған, СҚЗ су көзінің жанындағы, санитарлық режимі ерекше, аумақ
болып табылады.
СҚА үш белдеуден тұрады:
- бірінші белдеу (қатаң тәртіптегі) су алатын орынды және су алу
құрылыстарын ластанудан және зақымданудан қорғауға арналған, оған су
алатын орындары мен су алу құрылыстары орналасқан аумақтар кіреді;
- екінші және үшінші белдеулер (шектейтін) шаруашылық-ауыз су
мақсатында сумен қамтамасыз ететін су көздерінің микробиологиялық және
химиялық ластануының алдын алуға арналған аумақтарды қамтиды.
СҚА белдеулерінің шекараларын орнату:
- сумен жабдықтау көздерінің түріне (жер бетілік немесе жер астылық);
- ластану сипатына (химиялық, микробтық);
- жер бетілік ластанудан табиғи қорғалу деңгейіне (жер асты су көзі
үшін);
- гидрогеологиялық немесе гидрологиялық жағдайларына байланысты.
Орталықтандырылған сумен жабдықтауда ауыз судың сапасы, су тарату
жүйесіне берілер алдында, сонымен қатар, сыртқы және ішкі су құбырлары
жүйесінің су алынатын жерлерінде, гигиеналық нормативтерге сай болуы тиіс.
Ауыз судың эпидемиялық тұрғыдан қауіпсіздігі микробиологиялық және
паразитологиялық көрсеткіштері бойынша, 4.3-кестеде көрсетілген
нормативтерге сәйкес, бағаланады.
Жалпы микроб саны (ЖМС) бактериологиялық әдіс арқылы зерттелетін 1
мл судағы микроағзалар колониясының өсу санымен анықталады. ЖМС 50-
аспауы керек. Жалпы колиформды бактериялар бойынша зерттеу 12 ай (1 жыл)
бойына жүргізіледі, бұл кезде сыртқы және ішкі су құбырлары жүйесінің су
алынатын жерлерінен алынған су сынамаларының саны 100 –ден кем болмауы
керек және олардың 95% нормативтен аспауы керек.
26. Топырақ және топырақ түзуші факторлар.
Топырақ туралы ілімнің негізін қалаушы В.В. Докучаевтың анықтамасы
бойынша, топырақ - түрлі топырақ түзуші факторлар әсерінен жер
қыртысының жоғарғы қабатының түрі өзгеруі нәтижесінде пайда болғанерекше табиғи-тарихи дене болып табылады. Бұл факторларға топырақ
түзуші аналық тау жыныстары, климаттық әсерлер, жергілікті жердің
рельефі, өсімдіктер, топырақ ағзалары, уақыт факторы, адамның әсері
жатады.
Аналық тау жыныстары мыңдаған жылдар бойына желмен мүжілуге және
үгілуге ұшырай отырып, біріккен массадан борпылдақ қабатқа айналатын,
біртіндеп органикалық заттармен байытылып отыратын, топырақ түзілу
процесінің бастамасы болып табылады. Бұл ретте аналық тау жыныстарының
бөлшектері топырақ түзілу үшін тек механикалық базис құрап қана қоймай,
топырақтың физикалық қасиеттерін, оның минералды химиялық құрамын
анықтайды, топырақ биоценозының тіршілік етуі үшін микроэлементтер көзі
болып табылады, микроэлементтердің сипатын, сондай-ақ топырақтың адам
ағзасына әсерін анықтайды (В.И. Вернадский).
Топырақ түзілу ұрдісің негізгі факторларының қатарына топырақтың
жылу және су режимдерін қалыптастыратын жергілікті жердің климаты мен
рельефі жатады. Жылу мен ылғалдылық топырақта болып жататын барлық
биологиялық және физикалық-химиялық үрдістерге әсер етеді. Көп жағдайда
оларға топырақ түзуші тау жыныстардың бүліну жылдамдығы, топырақтың әр
түрлі типтерінің қалыптасуы, топырақ микроорганизмдерінің, жануарлар
ағзаларының, өсімдіктердің тіршілік етуі үшін қажетті жағдайларды
қалыптастырады.
Топырақ түзілу үрдістерінде топырақтың органикалық заттарының
көздері және оларды қайта түзушілер болып табылатын тірі организмдер
(өсімдіктер, жануарлар, топырақ организмдері) жетекші роль атқарады.
Жануарлармен бірге, топырақты органикалық заттармен байытатын
биомассаның алғашқы продуценттері - өсімдіктер болып табылады.
Өсімдіктердің қурап қалған жер үстілік және жер астылық бөліктері топырақ
микроағзаларының әсерінен ыдырайды, ал бұл кезде түзілетін қосылыстар
топырақтың негізгі қасиеті – құнарлылықты анықтайтын күрделі органикалық
кешен – гумустың синтезделуі үшін пайдаланылады. Өсімдіктердің
минералдық заттары топырақтың минералдық бөлігін толықтырады.
Өсімдіктердің жер үстілік және тамыр бөліктерінің түсу мөлшері ылғалды
тропиктік ормандарда анағұрлым жоғары – 250 ц/га-ға дейін болса, шөлді
жерлерде бұл көрсеткіш 5-6 ц/га-ға әрең жетеді. Ыдырамаған өсімдік
қалдықтары ормандарда орман жабындысын немесе далалы жерлерде өсімдік
жабынын түзеді, олар өз кезегінде, топырақтың жылулық қасиеттеріне,
ылғалдылық пен оттегін өткізуіне, топырақ ағзаларының тіршілік етуіне әсер
етеді.
Топырақ ағзалары үлкен топырақ түзуші қызмет атқарады. Олардың
кейбіреулері – нематодтар, жауын құрттары және басқа да сапрофагтар - өлі
органикалық заттарды қорек үшін пайдаланады, басқалары – топырақ
микроорганизмдерінің көпшілігі - өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарын
ыдыратады және минералдайды, жаңа протеинді кешендер түзіп, жоғары
сатыдағы өсімдіктердің, жануарлар мен микроорганизмдердің алмасуүрдістерінің улы өнімдерін ыдыратады. Үшіншілері – құрттар, насекомдар,
личинкалар, тышқан тәрізді кеміргіштер, көртышқандар, саршұнақтар және
басқа да тірі организмдер – топырақты қопсытады, оның әр түрлі қабаттарын
бір-бірімен араластырады, аэрацияға жағдай жасайды, өздерінен бөлініп
шығатын заттармен топырақты тыңайтады. Бұл процестерде микроорганизмдер
– бактериялар, төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар, балдырлар,
қарапайымдылар және басқалар ерекше роль атқарады, өйткені олардың
тіршілік үрдестірінің нәтижесінде күрделі органикалық заттар ыдырап, топырақ
қарашірікпен және минералдық заттармен байытылады, заттардың
биологиялық айналымы қамтамасыз етіледі.
Антропогендік топырақ түзуші фактор топырақ түзілу үрдістіріне аса
үлкен ауқымда, қарқынды және көбінесе жағымсыз әсер ететін жаңа
геологиялық күш болып отыр. Дала топырақтарының үлкен массивтерін жырту,
улы химикаттар мен минералдық тыңайтқыштарды қарқынды пайдалану, ауыр
техниканы қолдану, өсімдіктердің жойылуы, ірі жасанды су қоймаларын салу
кезінде жерлерді су басу, пайдалы қазбаларды игеру, ашық әдіспен тас көмір,
т.б. өндіру және басқалары топырақтың деградациялануы мен аса үлкен
аудандардың ластануына әкеп соғады. Ал топырақ түзілу үрдісі өте ұзақ
уақытты қажет ететіні белгілі. Мысалы, Жердің әр түрлі аудандарындағы
ертеректе қалыптасқан топырақтардың жасы жүздеген және мыңдаған
жылдарды құрайды. Бұл, топырақтың қалпына келуі қиын табиғи ресурстар
қатарына жататынын және антропогендік әсер табиғат заңдылықтары ескеріле
отырып жүзеге асырылуы тиіс екендігін көрсетеді.
Барлық табиғи топырақ түзуші факторлардың бірлескен әсері
топырақтың – минералдық және органикалық компоненттерден,
топырақтағы ауа мен судан, сондай-ақ топырақ микро- және
макроорганизмдерінен тұратын күрделі көп компонентті жүйенің
қалыптасуына әкеп соғады. Минералды компоненттерге аналық тау
жыныстарының ұсақталған бөлшектері жатады, олардың құрамының көп бөлігі
кристалдық кремнезем (кварц), глиноземнен, темір, алюминий, магний, калий,
фосфор, кальций оксидтерінен тұрады. Бұл қосылыстардан басқа, топырақтың
минералдық бөлігінде, белгілі бір пропорцияда Д.И. Менделеевтің периодтық
системасындағы барлық элементтер кездеседі. Топырақтың органикалық заты
ыдыраудың әр түрлі сатысындағы өсімдіктер мен жануарлар организмдерінің
қалдықтарынан, топырақтың өз органикалық қосылыстарынан (гумин
қышқылдары, фульво қышқылдары), сол сияқты топырақ микроорганизмдері
синтездеген қарашіріктен тұрады. Топырақтың биотикалық компоненті,
жоғарыда айтылғандай, әрқайсысы белгілі бір функциялар атқаратын түрлі тірі
организмдер топтарынан тұрады.
Топырақтың негізгі құрам бөлігі, сондай-ақ ондағы ауа және су болып
табылады. Топырақтың жоғарғы қабаттарындағы (0,2 м) ауа құрамы бойынша
атмосфералық ауаның құрамына жақын болады. Топырақ тереңдеген сайын
оттегінің мөлшері азаяды да, көмірқышқыл газының концентрациясы артады.
Алайда, 3 метрден 6 метрге дейінгі тереңдіктің өзінде де топырақтағы ауақұрамындағы оттегінің концентрациясы (14,2-16,8%) органикалық
ластаушылардың аэробты тотығуы үшін жеткілікті болып саналады (Е.И.
Гончарук, 2006). Көмір қышқыл газының мөлшері 1 метр тереңдіктің өзінде-ақ
1%-ға дейін артады, ал одан ары тереңдікте (3-6 м) 4-8%-ға жетеді. Көбінесе
топырақтың өткізгіштігінің нашарлауына және оның ластануына байланысты
оттектің концентрациясы біршама төмендегенде (2%-ға дейін және одан да аз),
органикалық қалдықтардың анаэробты жағдайда ыдырау үрдістері басым
жүреді. Нәтижесінде көмірқышқыл газы жинақталады және жабық орындар
немесе кеңістіктерге түскенде адамдарға жағымсыз әсер ететін метан, аммиак,
күкіртті сутек сияқты улы әсер ететін қосылыстар түзіледі. Құдықтар, терең
шұңқырлар қазу кезінде, жер асты қондырғыларында топырақ ауасынан улану
оқиғалары орын алған.
Топырақтағы су түрліше қызмет атқарады. Ең алдымен, ол топырақ
флорасы мен фаунасының тіршілік етуі үшін қажетті фактор болып табылады.
Түрлі қосылыстардың әмбебап еріткіші бола отырып, су, бір жағынан,
өсімдіктерге қажетті химиялық заттарды тасымалдайды, екінші жағынан,
топырақта болып жататын барлық химиялық және биохимиялық үрдістер
жүзеге асыратын орта болып табылады. Алайда, сумен бірге топырақтағы
организмдерге қажетті заттар ғана емес, сонымен қатар топырақ пен жер
астылық сулардың кеңінен таралған ластану мүмкіндіктерін жоғарылататын
химиялық және биологиялық ластаушылар да тасымалданады. Топырақтың
жылулық қасиеттері, оның аэрациясы мен өздігінен тазару қабілеті
топырақтағы су мөлшеріне байланысты болады.
27. Топырақтың құрамы мен қасиеттерінің гигиеналық мәні.
Топырақтың механикалық элементтері топырақ бөлшектерін құрайды.
Әртүр.лі топырақтар бір-бірінен олардың механикалық құрамына кіретін
топырақ бөлшектерінің өлшемі (түйіршіктері) бойынша, сондай-ақ бөлшектер
арасындағы саңылаулардың көлемі мен жалпы саңылаулардың көлемі бойынша
(%-бен) ажыратылады. Өлшеміне байланысты топырақ бөлшектерін
(Качинский жіктеуі бойынша) тастар мен қиыршық тас (өлшемі 3 мм-ден
артық), ірі құм (3-1 мм), орташа құм (2-0,25 мм), майда құм (0,25-0,5 мм), ірі
шаң (0,05-0,01 мм), орташа (0,01-0,05 мм), жұқа (0,005-0,001 мм) және лай
(0,001 мм-ге дейін) деп бөледі.
Құм мен саздың арақатынасы бойынша, топырақ құрамының 90%-дан
астамы құмнан тұратын болса - құмды, 80-90%-ы құмнан тұратыны - құмайт,
50%-дан 80%-ға дейін құмнан тұратын - сазды және 20%-дан 50%-ға дейін
және одан кем құмнан тұратын – саз балшықты деп бөледі. Құмды және
құмайт, сондай-ақ жеңіл сазды топырақтар ірі түйіршікті болып саналады.
Олардың саңылаулары аз – саңылаулардың көлемі топырақтың жалпы
көлемінің шамамен 25-40%-ды құрайды, бірақ саңылаулары ірі. Ауыр сазды,
балшықты және шымтезекті топырақтар майда түйіршікті болып, кішігірім
саңылауларының саны едәуір болады, осыған байланысты саңылауларының
жалпы көлемі, ірі түйіршікті топырақтарға қарағанда, анағұрлым жоғары
болады. Мысалы, саз балшықты топырақта ол 45-60%-ға, ал шымтезек
топырақта - 82%-ға дейін жетеді. Топырақтың механикалық құрамының үлкен
мәні бар, өйткені топырақтың ауа - және су өткізгіштік, су сиымдылық,
капиллярлық және гигроскопиялылық сияқты аса маңызды гигиеналық
қасиеттері оған тікелей байланысты.
Топырақтың ауа өткізгіштігі деп, оның өзінің қабаттары арқылы ауа
өткізу қабілетін айтады. Ауа өткізгіштік саңылаулырының көптігіне емес,олардың өлшеміне байланысты болады, сондықтан ірі түйіршікті, саңылаулары
ірі топырақтардың ауа өткізгіштігі жоғары болады. Егер барлық саңылаулар
суға немесе мұзға толы болса, ауа өткізгіштік нольге дейін төмендейді.
Саңылаулары ірі топырақтардың ауа өткізгіштігі жоғары болғандықтан, оларда
аэрация жақсы жүреді, бұл органикалық заттардың аэробты тотығуының жақсы
жүруіне жағдай жасайды. Мұндай топырақтар ең жарамды деп есептеледі.
Топырақтың су өткізгіштігі, немесе фильтрациялық қабілеті деп, оның
жер бетінен түскен суды өткізуін айтады. Жақсы су өткізгіштік топырақта
судың жинақталуына және батпақтануға кедергі жасайды, сондықтан су
өткізгіштігі жоғары топырақтар, әдетте, құрғақ және жылы болып, онда
өздігінен тазару урдістері үшін қолайлы жағдайлар туады. Топырақтың жақсы
су өткізгіштігі, сондай-ақ сүзілген судың грунт үстінде жинақталып, жер асты
су көздерінің түзілуіне себепші болады. Сонымен бірге, кейде топырақтың
сүзгіштік қабілетінің жоғарылығының зиянды сипаты да байқалады, өйткені
жер бетінен топыраққа түскен ағынды сулар жер асты су көздерін ластайды.
Топырақтың ылғал сыйымдылығы топырақтың саңылауларында
жиналатын су мөлшерімен сипатталады. Саңылаулардың өлшемі неғұрлым
кіші және топырақтың саңылауларының жалпы көлемі неғұрлым жоғары болса,
ылғал сыйымдылық соғұрлым жоғары болады. Кішкентай саңылаулары көп
болса, майда түйіршікті топырақтардың ылғал сиымдылығы өте жоғары
болады. Мысалы, саз, құмға қарағанда, өзінің саңылауларында суды 2-3 есе, ал
шымтезек – 30-40 есе көп ұстайды. Жоғары ылғал сыйымдылық топырақтың
ауа- су өткізгіштігін нашарлатады, оның өздігінен тазару қабілетін төмендетеді.
Ылғал сыйымдылығы жоғары топырақтар ылғал, суық болып, үй-жайларда
дымқылдық тудырады.
Топырақтың капиллярлығы деп аталатын қасиеті – оның суды
капиллярлар бойымен топырақтың төменгі қабаттарынан жоғарғы қабаттарына
көтеру қабілеті де дымқылдықтың туындауына себеп болады. Капиллярларды
топырақтың бөлшектері түзеді. Топырақ бөлшектері мен олардың арасындағы
саңылаулар неғұрлым кішкентай болса, капиллярлығы соғұрлым жоғары
болады. Капиллярлықтың жоғары болуы жер сулары деңгейінің көтерілуіне
жағдай жасайды және тіпті іргетасы жер асты суларының деңгейінен жоғары
салынған ғимараттарда да дымқылдықтың туындауына себеп болады.
Сонымен, ірі түйіршікті топырақтардың ауа- су өткізгіштіктері жақсы,
ылғал сыйымдылығы мен капиллярлығы төмен болады, ал майда түйіршікті
топырақтардың ауа – су өткізгіштіктері, керісінше төмен болып, ылғал
сыйымдылығы мен капиллярлығы жоғары болады. Сондықтан майда
түйіршікті топырақтар құрылыс үшін онша қолайлы емес, олардың өздігінен
тазару үрдісі нашар жүреді, олар өліктерді жерлеуге жарамсыз, территорияда
қолайсыз микроклимат қалыптастырады.
Топырақтың күн сәулесі әсерінен қызу дәрежесіне, климаттық
жағдайларға, жергілікті жердің жер бедеріне, топырақтың сипаты мен
қасиеттеріне, өсімдіктер өсуі мен т.б. факторларға байланысты болатын
топырақтың жылулық қасиеттерінің гигиеналық маңызы өте зор. Әсіресе, оңтүстік және оңтүстік-шығыс беткейлердегі құрғақ тасты грунт пен құмды
топырақтар күн сәулесінен күштірек қызады. Сазды, шымтезекті топырақтар,
қара топырақ пен өсімдік жамылғысы қалың топырақтар нашар қызады. Ылғал
топырақ тіпті қызбайды. Топырақтың температурасы, әсіресе, төлелер мен
ғимараттардың бірінші қабаттарында қолайлы микроклимат жағдайлары
қалыптасуы үшін, өте маңызды.
Топырақтың жылу өткізгіштігі жоғары емес, осыған орай сыртқы
температуралық ауытқулар 2 м тереңдікке 2 айдан соң жетеді. Осының
нәтижесінде жазда мұндай тереңдікте, жер бетіне қарағанда, біршама төмен
температура, ал қыста – біршама жоғары температура қалыптасады.
Топырақтың бұл қасиеттері тез бұзылатын азық-түлік өнімдерін сақтауға
арналған жерқоймалар мен жерасты қоймаларын салу үшін пайдаланылады.
Бұдан басқа, оңтүстік аудандарда ғимараттардың астындағы топырақтың
біршама төмен температурасы бірінші қабаттағы үй-жайлар үшін қолайлы
салқындатқыш роль атқарады.
28.Топырақтың эпидемиологиялық маңызы.
Топырақтың санитарлық жағдайын талдау үшін оның эпидемиялық,
химиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіздігін анықтауға мүмкіндік
беретін көрсеткіштер пайдаланылады. Олардың бірі, топырақтың ластануын
тікелей дәлелдейтін, тікелей көрсеткіштері. Басқалары, жанама
көрсеткіштері, зерттеліп отырған топырақтың көрсеткіштерін салыстыру үшін
алынған таза топырақтың көрсеткіштерімен салыстыру кезінде ластанғандығы
туралы, ластану мерзімі мен оның ұзақтығы туралы қорытынды жасауға
мүмкіндік береді. Топырақтың эпидемиялық қауіпсіздігінің тікелей
көрсеткіштеріне санитарлық-микробиологиялық, санитарлық-
гельминтологиялық және санитарлық-энтомологиялық көрсеткіштері жатады
(5.3.-кесте). Санитарлық-микробиологиялық көрсеткіштерінәң қатарына коли-
титр және анаэробтардың титрі кіреді. Бұлар, ішек таяқшасын (коли-титр)
немесе Cl. Perfringens (анаэробтар титрі) өсіріп шығаруға болатын, топырақтың
ең аз мөлшері. Нәжіспен жаңадан ластанған кезде коли-титр мен
анаэробтардың титрі күрт төмендейді, олардың басым көпшілігі спора түрінде
емес болады. Ластануынан белгілі бір уақыт өткен соң, ішек таяқшалары мен
патогенді спора түзбейтін бактериялар жойылған кезде, анаэробтар титрінің
көрсеткіштері салыстырмалы түрде төмен кезінде коли-титрдің жоғарылауы
байқалады. Бұл спора түзуші микроорганизмдердің ұзақ уақыт өздерінің
тіршілігін сақтап қалуына байланысты.Геогельминттердің деформацияланбаған тіршілікке қабілетті
жұмыртқаларының көптеп табылуы топырақтың жақын арада ластанғанын
білдіреді. Ал аскариданың деформацияланған жұмыртқаларының аз ғана
мөлшерде кездесуі ластануынан бірталай уақыт бұрын басталғаны жөнінде
қорытынды жасауға мүмкіндік береді, өйткені аскариданың жұмыртқалары
көптеген басқа геогельминттердің жұмыртқаларына қарағанда, өздерінің
тіршілік қабілетін ұзақ уақыт бойы – 10 жылға дейін сақтап қала алады.
Топырақта шыбын мен олардың личинкаларының болуы топырақтың әр
түрлі қалдықтармен ластануының және қанағаттанарлықсыз тазартылуының
көрсеткіші болып табылады.
Топырақтың ластану дәрежесі туралы пікір айтуға мүмкіндік беретін
санитарлық-химиялық көрсеткіштердің бірі, Хлебниковтың санитарлық саны
болып табылады. Санитарлық саны деп, топырақтағы белок азотының
(қарашірік азоты) ондағы органикалық азоттың жалпы мөлшеріне (қарашірік
азоты+органикалық ластаушылардың азоты) қатынасын айтады. Таза
топырақта Хлебниковтың санитарлық саны 0,98-1,0-ге жетеді, топырақ біршама
ластанғанда, бұл көрсеткіш күрт төмендейді (5.3.-кесте).
Топырақтың қалдықтармен ластануының бағалау үшін бұрын
қолданылған басқа санитарлық-химиялық көрсеткіштерін (жалпы органикалық
азоттың, көміртегінің, хлоридтердің, аммоний тұздарының, нитриттердің,
нитраттардың мөлшері) тек салыстыру үшін алынған, ластанбаған учаскенің
көрсеткіштермен салыстыру арқылы бағалайды, бұның белгілі бір өзіндік
қиындықтары бар. Зерттеуге алынған топырақта органикалық азоттың,
көміртегінің және хлоридтердің жоғарырақ мөлшерде болуы, оның жаңадан
ластанғанын көрсетеді, ал аммиактың, нитриттер мен нитраттардың жоғарырақ
мөлшерде болуы, топырақтың өздігінен тазару үрдістерінің жүріп жатқанын
дәлелдейді.
Елді мекендер топырақтарының эпидемиялық қауіптілігін бағалау үшін
басқа көрсеткіштермен қатар, патогендік микрофлораның жеке түрлерінің
мөлшерін анықтауды да қолданады
29. Берілу тетігінде топырақ қатысатын жұқпалы аурулар.
Топырақ ортасы патогендік микрофлораның тіршілігін сақтап қалуына қолайлы болып табылмайды, алайда оның эпидемиологиялық қауіптілігі жоғары, өйткені елді мекендердің топырақтарына жұқпалы аурулар мен ивазиялардың қоздырғыштары үнемі түсіп отырады, олардың дамуы үшін қолайлы жағдайлар болмағанда да, олар ұзақ уақыт бойы өздерінің тіршілік қасиеттері мен вируленттігін сақтап қала алады.
Топырақты ластаушы көздер – нәжіс, зәр, қи, қоқыс, өліктер, ағынды сулар және басқалар болып табылады. Топыраққа түскен көптеген микроорганизмдер күн сәулесінің әсерінен тіршілігін жояды, сондықтан тіршілікке қабілетті қоздырғыштардың негізгі бөлігі топырақтың бетінде емес, 1 см-ден 10 см-ге дейінгі тереңдігінде болады. Мұнда да олар белгілі уақыттан кейін өздерінің жойылуына әкеп соғатын қолайсыз факторлардың әсеріне ұшырайды. Бұл қолайсыз әсерлер - топырақ микрофлорасы, бактериофагтар мен топырақтағы антибиотиктік заттардың антагонистік әсері, қоректік субстраттың жоқтығы, температуралық-ылғалдылық режимнің тұрақсыздығы және т.б. Алайда, тіршілікке қабілетті патогенді микроорганизмдердің топырақта аз уақыт болуының өзі, олардың топырақтағы сумен бірге жер асты және жер бетіндегі су көздеріне, топырақ шаңымен бірге ауаға түсу, көкөністер мен жидектердің, адамның қолы мен терісінің басқа бөліктерінің ластануы, кеміргіштер, шыбындар мен басқа насекомдар арқылы олардың таралу қаупін туғызады. Осыған байланысты жұқпалы аурулар мен инвазиялардың топырақ арқылы берілуі мүмкін жолдары: нәжіс - оралды, жанасу, ауа-шаң арқылы.
Топырақ арқылы әр түрлі аурулар берілуі мүмкін, атап айтқанда: ішек инфекциялары, антропозооноздар, аса қауіпті инфекциялар, гельминтоздар, сіреспе, газды гангрена, ботулизм, энтеровирусты инфекциялар, микозды аурулар (5.1.-кесте).
179
Бұл инфекциялардың көпшілігі нәжіс - оралды жолмен: кір қол, азық- түлік өнімдері, су, көкөністер, жемістер, жидектер арқылы беріледі. Түйнеме ауруының споралары, туберкулез микобактериялары, полиомиелит, Коксаки мен ЕСНО вирустары, актиномицеттер де ауа-шаң арқылы беріле алады. Түйнеме ауруын, газды гангрена, сіреспе, анкилостомидозды жұқтыру жанасу жолмен де - адам ағзасына терінің жараланған бөлігі, немесе шырышты қабықтар арқылы жүреді. Ботулизм азық-түлік өнімдерінде CI.Botulinum спораларымен ластанғанда және одан кейін олардың ары қарай өсіп, көбеюі кезінде пайда болады.
30. Топырақтың санитарлық жай-күйінің көрсеткіштері.
Топырақтың санитарлық жағдайын талдау үшін оның эпидемиялық, химиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіздігін анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер пайдаланылады. Олардың бірі, топырақтың ластануын тікелей дәлелдейтін, тікелей көрсеткіштері. Басқалары, жанама көрсеткіштері, зерттеліп отырған топырақтың көрсеткіштерін салыстыру үшін алынған таза топырақтың көрсеткіштерімен салыстыру кезінде ластанғандығы туралы, ластану мерзімі мен оның ұзақтығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Топырақтың эпидемиялық қауіпсіздігінің тікелей көрсеткіштеріне санитарлық-микробиологиялық, санитарлық- гельминтологиялық және санитарлық-энтомологиялық көрсеткіштері жатады (5.3.-кесте). Санитарлық-микробиологиялық көрсеткіштерінәң қатарына коли- титр және анаэробтардың титрі кіреді. Бұлар, ішек таяқшасын (коли-титр) немесе Cl. Perfringens (анаэробтар титрі) өсіріп шығаруға болатын, топырақтың ең аз мөлшері. Нәжіспен жаңадан ластанған кезде коли-титр мен анаэробтардың титрі күрт төмендейді, олардың басым көпшілігі спора түрінде емес болады. Ластануынан белгілі бір уақыт өткен соң, ішек таяқшалары мен патогенді спора түзбейтін бактериялар жойылған кезде, анаэробтар титрінің көрсеткіштері салыстырмалы түрде төмен кезінде коли-титрдің жоғарылауы байқалады. Бұл спора түзуші микроорганизмдердің ұзақ уақыт өздерінің тіршілігін сақтап қалуына байланысты.
Геогельминттердің деформацияланбаған тіршілікке қабілетті жұмыртқаларының көптеп табылуы топырақтың жақын арада ластанғанын білдіреді. Ал аскариданың деформацияланған жұмыртқаларының аз ғана мөлшерде кездесуі ластануынан бірталай уақыт бұрын басталғаны жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді, өйткені аскариданың жұмыртқалары көптеген басқа геогельминттердің жұмыртқаларына қарағанда, өздерінің тіршілік қабілетін ұзақ уақыт бойы – 10 жылға дейін сақтап қала алады.
Топырақта шыбын мен олардың личинкаларының болуы топырақтың әр түрлі қалдықтармен ластануының және қанағаттанарлықсыз тазартылуының көрсеткіші болып табылады.
Топырақтың ластану дәрежесі туралы пікір айтуға мүмкіндік беретін санитарлық-химиялық көрсеткіштердің бірі, Хлебниковтың санитарлық саны болып табылады. Санитарлық саны деп, топырақтағы белок азотының (қарашірік азоты) ондағы органикалық азоттың жалпы мөлшеріне (қарашірік азоты+органикалық ластаушылардың азоты) қатынасын айтады. Таза топырақта Хлебниковтың санитарлық саны 0,98-1,0-ге жетеді, топырақ біршама ластанғанда, бұл көрсеткіш күрт төмендейді (5.3.-кесте).
Топырақтың қалдықтармен ластануының бағалау үшін бұрын қолданылған басқа санитарлық-химиялық көрсеткіштерін (жалпы органикалық азоттың, көміртегінің, хлоридтердің, аммоний тұздарының, нитриттердің, нитраттардың мөлшері) тек салыстыру үшін алынған, ластанбаған учаскенің көрсеткіштермен салыстыру арқылы бағалайды, бұның белгілі бір өзіндік қиындықтары бар. Зерттеуге алынған топырақта органикалық азоттың, көміртегінің және хлоридтердің жоғарырақ мөлшерде болуы, оның жаңадан ластанғанын көрсетеді, ал аммиактың, нитриттер мен нитраттардың жоғарырақ мөлшерде болуы, топырақтың өздігінен тазару үрдістерінің жүріп жатқанын дәлелдейді.
Елді мекендер топырақтарының эпидемиялық қауіптілігін бағалау үшін басқа көрсеткіштермен қатар, патогендік микрофлораның жеке түрлерінің мөлшерін анықтауды да қолданады (5.4.-кесте).
Топырақтың химиялық қауіпсіздігін оның құрамындағы ластаушы экзогенді химиялық заттардың мөлшері бойынша (ЭХЗ) сол заттардың ШРЕК немесе ШАРК-мен (уақытша норматив - шамамен алынған рұқсат етілген концентрация) салыстырып бағалайды. Топырақтағы экзогенді химиялық заттардың ШРЕК дегеніміз - 1 кг абсолютті құрғақ топырақтағы мг – мен берілген, экологиялық тізбектер арқылы кез келген тасымалдану түрлерінде тікелей немесе жанама контакті кезінде адамның денсаулығына, оның ұрпақтарына және санитарлық жағдайына тікелей немесе жанама зиянды әсерді болдырмайтын, олардың ең жоғары концентрациясы.Топыраштағы химиялық заттар суға, атмосфералық ауаға өсімдіктерге миграцияланып, топырақтың өздігінен тазару қабілетіне әсер етуі мүмкін.
Осыған байланысты, топырақтағы заттарды гигиеналық нормалау кезінде оның ең аз әсер ететін (табалдырықтық) және ең жоғары әсер етпейтін (табалдырықтықтан төмен) концентрацияларын зияндылықтың транслокациялық (фитоаккумуляциялық), суға–миграциялануы, ауаға- миграциялануы, органолептикалық, жалпы санитарлық және токсикологиялық сияқты негізгі көрсеткіштері бойынша анықтайды (Е.И. Гончарук, т.б. 1999). Зияндылықтың транслокациялық көрсеткіші заттың топырақтан өсімдікке ауысып, оларда жинақталу қабілетін сипаттайды. Зиындылықтың суға– миграциялануы көрсеткіші - заттардың жер беті және жер асты суларына өту қабілетін көрсетеді; ауаға-миграциялануы – топырақтан атмосфералық ауаға булану, су буларымен және басқа заттармен бірге булану арқылы жүреді. Зияндылықтың жалпы санитарлық көрсеткіші химиялық заттардың топырақтың өздігінен тазару қабілеті мен оның биологиялық белсенділігіне тигізетін әсерін сипаттайды; органолептикалық – эксперименттің экстремальды жағдайларында, тағамдық азықтардың көректік құндылығы, атмосфералық ауаның иісі, тағамдық өнімдер мен судың иісі, дәмі және түсі өзгеруінің дәрежесін сипаттайды. Токсикологиялық көрсеткіш бойынша, адам ағзасына миграцияның белгілі бір жолы арқылы немесе тікелей контакт арқылы, сол сияқты топырақ шаңымен бірге немесе барлық жолдар арқылы түскен заттардың бірлескен әсерінің улылық деңгейі анықталады. Зияндылық көрсеткіштерінің ішіндегі заттың әсер етпейтін концентрациясы ең төмен болған көрсеткіш, зияндылықтың лимиттеуші көрсеткіші болып табылады (II тарау), ал осы көрсеткіш бойынша әсер етпейтін ең жоғары концентрациясы ШРЕК ретінде бекітіледі. Топырақтың белсенді ластану деңгейін табиғи радициялық фонның көрсеткіштерінен асу дәрежесі бойынша бағалайды. Радиациялық фоны табиғи көрсеткішінен аспайтын топырақ таза, қауіпсіз болып есептеледі. Салыстырмалы қауіпсіз топырақтың ластану деңгейі табиғи фоннан 1,5 еседен аспайды, ал аса қауіптісі – 3 есе және одан жоғары болады.
Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштерінің бірі термофилдердің титрі – органикалық ластаушылардың ыдырау және өзгеру үрдістеріне белсенді қатысатын микроорганизмдер болып табылады.
Термофилдердің ең жоғары белсенділігі, олардың тіршілік үрдістері кезінде қалыптасатын, жоғары - 50-60oС температура кезінде байқалады. Бұл жағдайларда органикалық заттардың ыдырауы мен патогенді микрофлораның жойылуы жылдамдайды. Термофилдерді өсіруге топырақтың ең аз мөлшері – титр неғұрлым төмен болса, топырақ соғұрлым қауіпті болып саналады.
Термофилдер-титрі – термофильдерді өсіріп шығаруға болатын, топырақтың ең аз мөлшері - неғұрлым төмен болса, топырақ соғұрлым қауіпті болып саналады.
31. Топырақтың геохимиялық және токсикологиялық маңызы.
Топырақтың химиялық құрамы алуан түрлі, оған, жоғарыда көрсетілгендей, минералды және органикалық қосылыстар түріндегі барлық дерлік белгілі химиялық элементтер кіреді. Судағы, өсімдіктердегі және азық-
181
Нуржігіт Алтынбеков
түлік өнімдеріндегі белгілі бір минералды элементтердің құрамы, демек, адам ағзасының олармен қамтамасыз етілуі топырақтың химиялық құрамына байланысты. Сумен және мал шаруашылығы мен топырақта өсірілген егін шаруашылығы өнімдерімен бірге адам ағзасына күкірт, көміртек, азот, фосфор, кальций, натрий, калий, хлор, т.б. сияқты биогенді макроэлементтер, эссенциалды, салыстырмалы эссенциалды және уытты микроэлементтер, сол сияқты ультрамикроэлементтер түседі. Эссенциалды микроэлементтер ағзаның тіршілігі үшін өте қажет, оларға темір, йод, мыс, хром, кобальт, молибден, марганец, мырыш, селен жатады. Салыстырмалы эссенциалды микроэлементтердің адам мен жоғары сатыдағы жануарлар үшін маңызы мен олардың басқа микроэлементтермен толық алмастырылмайтындығы әлі де толық анықталмаған мәселе. Бұл топқа фтор, никель, ванадий, мышьяк, кремний, литий, бор, бром кіреді. Улы әсері бар топырақ микроэлементтерінің үлкен бір тобын: алюминий, кадмий, қорғасын, сынап, берилий, барий, висмут, таллий және т.б. құрайды. Ультрамикроэлементтердің (индий, теллур, ниобий, алтын және тағы басқалары) биологиялық әсері толық зерттелмеген, олар да ағзаның тіршілігі үшін қажетті элементтер болуы мүмкін.
Макроэлементтер ағза массасының 99% құрайды және ағзада 0,01%-дан артық мөлшерде кездеседі. Микроэлементтердің құрамы 0,001-0,00001% аралығында, ультрамикроэлементтер – 0,00001%-дан аз болады. Ағзадағы эссенциалды микроэлементтердің ролі зор. Олар, көмірсулар, белоктар және нуклеин қышқылдарының синтезделуі мен ыдырау реакцияларын қоса алғанда, тотығу-тотықсыздану реакцияларының реттелуі, жасушалық тыныс алу, т.б. түрлі зат алмасу үрдістеріне қатысатын көптеген ферменттер, гормондар мен дәрумендердің құрамына кіреді (VIII-тарау, «Минералды заттар»). Оның үстіне, олардың қолайлы әсері белгілі мөлшерлері аралығында ғана байқалады, ал артық және жеткіліксіз мөлшерде болса, керісінше, зиянды әсер етеді. Уытты микроэлементтердің әсері белгілі бір табалдырықтық дозадан асқан кезде байқалады, төмен деңгейілері биологиялық әсер етпейді.
Әр түрлі аймақтардағы топырақтың химиялық құрамы бірдей болмайды, өйткені, бұл көрсеткіштер сол аудандардағы геологиялық және топырақ түзілу үрдістерінің ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады. Осыған байланысты, кейбір аудандарда микроэлементтердің белгілі бір түрлері артық мөлшерде болса, ал екіншілерінде керісінше, олардың жетіспеушілігі байқалады. Осындай табиғи биогеохимиялық провинциялардың (IV және VIII тараулар) тұрғындарында топырақта және осыған байланысты қоршаған ортаның басқа да нысандыранда микроэлементтердің жетіспеушілігі немесе артық мөлшерде болуына байланысты туындайтын түрлі эндемиялық аурулар байқалады. Аномалиялық биогеохимиялық провинциялар туралы ілімнің негізін салушы академик А.П.Виноградов болды. Организмдердің химиялық құрамы мен жер қыртысының химиялық құрамы арасындағы тығыз байланысты дәлелдеген В.И.Вернадскийдің еңбектерін негізге ала отырып, ол жер шарының әр түрлі аудандарында химиялық элементтердің біркелкі таралмағандығын және сол территориядағы тұрғындарда спецификалық патологияның дамуында
биогеохимиялық провинциялардың элементтік құрамының маңыздылығын анықтады.
Адам ағзасына микроэлементтердің артық мөлшерде түсуімен байланысты классикалық табиғи эндемияларға селен токсикозы, молибден подаграсы, Кашин-Бек ауруы, флюороз, бор энтериті және тағы басқалар жатады.
Қазақстанның кең аумақтарында бор, марганец, хром, ванадий, қорғасын, мыс, кадмийдің мөлшері табиғи жоғары жерлер кездеседі. Құрамында бордың мөлшері жоғары топырақтар Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында, Орталық (Сарысу өзенінің орта ағысында) және Шығыс Қазақстанда бар. Ванадий мөлшері қалыптағыдан 20 есе және одан да жоғары артық болатын ванадийлі провинциялар Ишим өзені маңындағы далаларда және таулы- орманды далалы Алтайда (Тарбағатай, Ульба аудандары), сондай-ақ таулы қара топырақтарда кездеседі. Хромның мөлшері жоғары табиғи аймақтар Каспий маңы ойпатында, Ақтөбе облысында орналасқан. Никельдің мөлшері Көкшетау, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы қара топырақты жерлерде, сондай-ақ Торғай облысының талшын топырақтарында өте көп. Табиғи полиметалдық (қорғасын, кадмий, мыс) провинциялар полиметалл кен орындары бар аймақтарда, Өскемен, Лениногорск, Зыряновск, Шымкент қалаларының аудандарында, мысты провинциялар – мыс кен орындарының аудандарында (Балқаш, Жезқазған, Шемонаиха қалалары), темір провинциялары – Қостанай облысында орналасқан. Марганецтің жоғары мөлшері Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарының, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының топырақтарында, сондай-ақ ылғалдылығы жоғары жерлерде – Сырдария өзенінің аңғарларындағы шалғынды-батпақты, Зайсан, Алакөл көлдері алаптарының топырақтарында кездеседі (қалыптағыдан 2,5 есе жоғары).
Қазақстанның көптеген аудандары йодқа тапшы аудандар болып табылады.
Эндемиялық аурулардың пайда болуының алдын алу іс-шараларының қатарына топырақ пен жануарларды, оларда жетіспейтін микроэлементтермен үстемелеп қоректендіру, тұрғындардың тамақтану жағдайларын оңтайландыру, эндемиялық жерлерге азық-түлік әкелу, тұзға немесе нанға йод (немесе басқа микроэлементтерді) қосу, фторға немесе басқа микроэлементтерге бай су көздерін алмастыру, суды фторлау немесе фторсыздандыру және т.б. жатады.
тұрмысты химияландыру, минералды тыңайтқыштарды және ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерімен күресудің химиялық құралдарын барынша көптеп қолдану, атом энергетикасының дамуы топырақтың химиялық және белсенді заттармен ластану қаупін арттырады. БДДҰ анықтамасы бойынша, топырақты ластаушылар деп саналатындар, тиісті емес жерде, тиісті емес уақытта және тиісті емес мөлшерде кездесетін химиялық заттар, биологиялық организмдер (бактериялар, вирустар, қарапайымдылар, гельминттер) мен олардың тіршілік үрдістерінің өнімдері.
Топырақтың ластануы деп, адам нақты учаскенің топырағымен тікелей жанасқан кезде немесе топырақ-су-адам; топырақ-атмосфералық ауа-адам; топырақ-өсімдік-адам; топырақ-өсімдік - жануар-адам сияқты, экологиялық (қоректік) тізбектер бойынша топырақпен жанасқан орталар арқылы байланысқан кезде, адамның денсаулығына қауіп тудыратын топырақтың құрамындағы химиялық және биологиялық компоненттерінің мөлшерін ғана түсінеді (В.Т.Мазаев, т.б. 2005).
Химиялық ластаушылар топыраққа агрохимикаттарды – минералдық тыңайтқыштарды, пестицидтерді, топырақтың құрылым түзушілерін, өсімдіктердің өсуін ынталандыратын және тағы басқаларды жоспарлы түрде енгізу нәтижесінде топыраққа түседі. Олардың қауіпті әсері (VIII тарау) қолдану кезінде тиісті агрохимиялық және гигиеналық талаптардың орындалмауынан жиі байқалады.
Минералдық тыңайтқыштар ретінде құрамына өсімдіктердің өсуін тездететін азот, фосфор, калий кіретін заттар пайдаланылады. Топыраққа енгізілген тыңайтқыштарды өсімдіктер пайдаланады, олар жер асты суларымен, жер бетіндегі су ағындарымен бірге ағып кетеді, ауға түсетін ұшқыш қосылыстар түзіп, топырақта ыдырайды. Адам денсаулығына шынайы қауіп тудыратындығына байланысты азот тыңайтқыштарына ерекше көңіл бөлінеді. Оларды артық мөлшерде қолдану топырақта, жер беті және жер асты суларда, өсімдіктерде нитраттар мен нитриттер концентрациясының едәуір жоғарылауына, сондай-ақ нитрозоаминдер түзілуіне әкеп соғады. Өсірілген өсімдіктердің қөректік құндылығы төмендейді, дәмділік сапасы өзгереді. Сумен және азық-түлік өнімдерімен адам ағзасына түскен кезде нитриттердің метгемоглобин түзетін әсеріне байланысты ағзаның улануы мүмкін, ал жоғары концентрацияларында нитраттардың да улы әсері байқалады. Айқын канцерогендік, тератогендік және эмбриотоксиндік әсер ететін нитрозоаминдер аса қауіпті болып табылады (VIII тарау).
Фосфор тыңайтқыштары, азот тыңайтқыштарына қарағанда, топырақтан аз миграцияланады, осыған байланысты, артық мөлшерде қолданғанда, олар топырақтың өздігінен тазару үрдістерін тежеуге әкеп соғатын концентрацияда жинақталады. Фосфор тыңайтқыштарының топыраққа енгізілетін мөлшері 200 мг/кг аспауы керек. Олай болмаған жағдайда, өсімдік
өнімдерінің органолептикалық қасиеттері күрт нашарлайды және қөректік құндылығы төмендейді. Фосфор тыңайтқыштары химиялық жағынан таза қосылыстар емес, өйткені оларды алатын табиғи шикізаттың (минералдар, апатиттер, фосфориттер) құрамында фтор, темір, стронций, селен, мышьяк, ауыр металдар, радионуклидтер (уран, торий) болады. Сондықтан тыңайтқыштармен бірге бұл қосылыстар да топыраққа түседі. Топыраққа фосфор тыңайтқыштарымен енетін фтордың мөлшері 20 кг/га-ға жетуі мүмкін, ал фтордың миграциялану нәтижесінде жер асты және жер бетіндегі суларда оның мөлшері рұқсат етілетін деңгейінен бірнеше есе асып кетуі мүмкін.
32. Топырақты санитарлық қорғау бойынша іс-шаралар.
Топырақты санитарлық қорғау, топырақпен байланысты инфекциялық және паразиттік аурулардың, сол сияқты экологиялық тізбектің барлық тармақтары арқылы топыраққа ЭХЗ мен радионукдидтердің тікелей немесе жанама жолмен түсуі нәтижесінде пайда болатын аурулардың дамуына әкеп соқпайтын топырақтың сапасын сақтауға бағытталған шаралар кешені болып табылады.
Бұл шаралар кешенінің құрамына ластаушы заттарды гигиеналық нормалау, заңнамалық, технологиялық, санитарлық-техникалық, жоспарлау шаралары, топырақтың санитарлық жағдайын мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық бақылау кіреді. Олар топырақтың адам үшін маңызды табиғи құрамы мен қасиеттерін сақтауға және қалпына келтіруге, топырақтың өнеркәсіп кәсіпорындарының зиянды заттарымен, түрлі қалдықтарымен, ауыл шаруашылығының агрохимикаттарымен, жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары түріндегі органикалық заттармен ластануының алдын алуға бағытталған.
Гигиеналық нормативтерді әзірлеу топырақты санитарлық қорғау жүйесіндегі аса маңызды буындардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта топырақ құрамында ондаған мың заттар кездесетін болса, олардың ішінде тек 200 астам заттарға бекітілген нормативтер бар. Олардың қауіпсіз деңгейі, биологиялық әсер ету механизмі, болашақтағы салдары, топырақ биоценозына әсері, басқа орталар арқылы жанама әсер ету мүмкіндіктері жөніндегі мәліметтердің болмауы, топырақтың химиялық ластануын гигиеналық бағалауды және ұтымды алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді едәуір қиындатады. Топыраққа түскен экзогенді химиялық заттар мен радионуклидтер әр түрлі орталарға миграцияланып, әр түрлі жолдармен ағзаға түсе алатындықтан, топырақтағы ластаушы заттарды гигиеналық нормалаудың маңызы арта түседі
Технологиялық іс-шаралар өнеркәсіп орындарында қалдықсыз немесе аз қалдықты, жабық циклді технологиялар жасауға, уытты заттарды уыттылығы аз заттармен алмастыруға, елді мекендерді тазарту технологияларын жақсартуға, қалдықтарды залалсыздандыруға, т.б. мақсаттарға бағытталған. Олар топырақтың ластануының алдын алады және топырақты санитарлық қорғау жөніндегі ең пәрменді шаралар болып табылады.
Жоспарлау шаралары қалдықтарды залалсыздандыру мен қайта пайдалануға арналған қондырғылардың құрылысы үшін жер телімін дұрыс таңдап алу, олардың айналасында санитарлық-қорғаныс аймақтарын орнату және сақтау, полигондардың территориясын аймақтарға бөлу, қалдықтарды тасымалдайтын автокөлік қозғалысының сызбасын таңдау мәселелерін шешеді.
Заңнамалық-шаралар орындалуының заңдық күші бар және заңдар мен өзге де заңдық күші бар құжаттар жүйесінде бекітілген іс-шаралар болып табылады.
Заңнамалық актілерде жерді пайдаланудың заңдық нормалары, қалдықтардың пайда болуы мен залалсыздандыру үрдістерің реттеу, әр түрлі мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілердің қызметтері мен құқықтары, олардың өзара әрекеттесулері, заң талаптарын орындамағаны үшін жауапкершіліктері, бекітіледі. Заңнамалық іс-шараларға сол сияқты, өзгеріп отыратын шынайы жағдайда топырақты санитарлық қорғау жөнінде жаңадан туындаған мәселелерді реттеуге бағытталған, мемлекеттік және ұлт аралық деңгейдегі жаңа заңдарды дайындау мен оларды қолданысқа енгізу де жатады.
Топырақты санитарлық қорғауда елді мекендерді қатты және сұйық қалдықтардан санитарлық тазартуға бағытталған санитарлық-техникалық іс- шараларға да үлкен гигиеналық мән беріледі (4.2.-бөлім).
Санитарлық бақылау топырақтың ластануының алдын алу жөніндегі, қалдықтарды залалсыздандыру, жою және қайта пайдалануға арналған құрылыстардың дұрыс ұйымдастырылуы, пайдаланылуы және күтіп ұсталуы, жерді рекультивациялаудың қауіпсіз әдістерін қолдану мен тиімді пайдалану жөніндегі барлық шаралардың орындауына жүргізіледі.
33. Елді мекендерді тазартудың гигиеналық негіздері.
Елді мекендерді қатты және сұйық қалдықтардан санитарлық тазарту бір-біріне ұқсас кезеңдерден тұрады: қалдықтарды жинау, шығарып тастау, залалсыздандыру және өндеп, қайта пайдалану. Бірақ бұл кезеңдерінің мәні, әрине, қалдықтардың өздерінің сипатына қарай ерекшеленеді.
Қатты қалдықтардан тазарту. Қатты қалдықтарды (қоқысты) жинау және уақытша сақтау жоспарлы-аулалық және жоспарлы-пәтерлік жүйелер бойынша жүзеге асырылады. Жоспарлы-аулалық жүйеде тұрғындар қоқысты ауладағы қоқыс жинайтын жерлерге шығарады, ол жерден қоқыс тасымалдаушылар қоқысты әрбір 2-3 күн сайын залалсыздандырылатын және өндеп, қайда пайдаланылатын орындарға шығарады. Қазіргі уақытта жиі алмастырылатын қоқыс жинайтын контейнерлерді пайдаланады, бұл қоршаған ортаның ластануын азайтады. Жоспарлы-пәтерлік жүйеде пәтерлердегі қоқыс шелектерінде жиналған қоқысты тұрғындар белгілі бір уақытта үйдің жанына келетін қоқыс тасушы көлікке аударып салады. Жоспарлы-аулалық жүйенің кемшілігі, қоқыс жинау үшін арнайы жабдықталған алаңқайлар дайындау қажет болғандықтан, ауа мен топырақ ластанады, жиналған қоқыстар уақытында шығарылмаса, қалдықтар шіріп, шыбындар көбейіп кетеді. Жоспарлы-пәтерлік жүйе санитарлық жағынан анағұрлым тиімді, алайда, тұрғындар үшін қолайсыздықтар тудырады және тек бір-екі қабатты тұрғын үйлер үшін ыңғайлы. 5 қабаттан артық тұрғын үй ғимараттарында арнайы қоқыс төгетін құбырлар қарастырылады. Қоқыс құбырларының қоқыс қабылдаушы камераларында қоқыс жинайтын ыдыстардың саны жеткілікті болуы тиіс, қоқысқа толғанына қарай оларды қоқыс тасыйтын көліктермен шығарып отырады. Қоқыс құбырының барлық элементтері ақаусыз, қоқысты тиеу клапандары герметикалық қақпақтармен жабдықталуы керек. Қоқыс құбырының діңгегі аптасына бір рет тазаланып, жуылып және дезинфекция жасалып тұруы керек.
Сұйық қалдықтардан тазарту. Сұйық қалдықтарды жинау, сақтау және жою үшін екі жүйе пайдаланылады :тасып әкететін (ассенизациялық) және канализациялық (ағызып жіберетін). Тасып әкететін жүйеде сұйық қалдықтар шұңқырларда және дәретханаларда жиналады, содан кейін көлікпен елді мекеннен тыс жерге шығарылады. Канализациялық жүйеснде үй ішіндегі қабылдағыштар: унитаздан, қол жуғыштан, ас үйден, жуынатын бөлмелерден шығатын сұйық қалдықтар құбыр арқылы қала сыртында орналасқан тазарту қондырғыларына жіберіледі.
Канализациямен жабдықталмаған ғимараттар үшін дәретхананың ең жақсы типі ғимарат ішінде орнатылатын люфтклозет болып табылады. Сұйық қалдық дәретханадан ағызатын құбыр арқылы желдетіліп тұратын шұңқырға келіп түседі. Желдеткіш үй- ішіне исі жағымсыз газдардың енуінің алдын алады, сондай-ақ қалдықтардың сұйық бөлігінің булануын күшейте отырып, олардың жалпы көлемінің азаюына жағдай жасайды. Аула дәретханалары, санитарлық талаптарды қанағаттандыра алмайды, өйткені олар шыбындардан, кемірушілердің енуінен қорғалмаған, тазартылуы қиын, жағымсыз иісі болады, дұрыс орнатылмаған жағдайда қоршаған ортаны ластаушы заттардың көзі болып табылады. Аула дәретханалары тұрғын үй құрылыстарынан 20 м кем емес қашықтықта орналасуы тиіс. Шұңқырдың түбі су өтпейтін болуы тиіс, оның қабырғалары кірпіштен қаланады немесе бетондалады, түбі 30 сантиметрлік саз балшық қабатымен жабылады. Газдарды шығару үшін шұңқырға сорғыш құбыр орнатылады. Қоғамдық дәретханалардағы қалдықтарға күнделікті құрғақ хлорлы ізбес себілуі, едені, тұтқалары, қабырғалары әлсін-әлсін дезинфекцияланып тұруы керек. Сұйық қалдықтарды төгуге арналған шұңқырлар да дәл осылай жасалады. Шұңқырлар 1-2 айда 1 рет тазартылуы керек.
Шұңқырдағы сұйық қалдықтарды, пневматикалық соратын жүйемен жабдықталған, ассенизациялық көлікпен тасып әкетеді.
Канализациямен жабдықталмаған елді мекендерде сұйық қалдықтарды залалсыздандыру үшін көбінесе, ассенизация және жерді жыртып тастайтын алаңдарда залалсыздандыратын топырақтық әдістері қолданылады. Жерді жыртып тастайтын алаңдарда, тек қана, топырақтың өздігінен тазару қасиеттерін қолдануға негізделген, қалдықтарды залалсыздандыру жүргізіледі. Ассенизация алаңдарда қалдықтарды залалсыздандырумен қатар, ауыл шаруашылық өнімдерін өсіру де қатар жүргізіледі. Ассенизация алаңдарының аумағы бірнеше учаскелерге бөлінеді. Олардың біреуіне қалдықтарды төгіп, залалсыздандыру үшін 2 жылға дейін созылатын уақытқа қалдырады. Органикалық ластаушы заттардың минералдануы аяқталған басқа учаскелерінде ауылшаруашылық дақылдары өсіріледі, бірінші екі жылында - техникалық немесе мал азығы, ал үшінші жылы – көкөніс дақылдары, себебі
203
Нуржігіт Алтынбеков
қалдық төккеннен кейін бірінші жылы топырақта және көкөністерде тіршілікке қабілетті патогенді микроорганизмдерді анықтауға болады. Ауылдық елді мекендерде қалдықтар көбінесе залалсыздандырылмай тұрғындардың үй-жай учаскелерінде тыңайтқыш ретінде пайдаланылады, бұл, осы жерде өсірілген көкөністерге, жидектерге, түнек тамырлыларға қозддырғыштар жұғуына себепші болады. Залалсыздандыру үшін компостауды қолдану немесе қалдықтарды күз кезінде топыраққа енгізіп, жерді жыртып тастау және көктемде жерді қайтадан аударып, жырту ең дұрысы болып табылады.
Канализациялық жүйесі сұйық қалдықтарды жинаудың, жоюдың және залалсыздандырудың ең ұтымды жүйесі болып табылады, өйткені қалдықтар мен қоқыстар құбырлармен ағып кететіндіктен, ауа, топырақ, жер асты және жер беті сулары ластанбайды.
Канализация деп, ағынды суларды жинау, оларды құбырлар арқылы елді мекеннен тыс жерге шығару, залалсыздандыру мен суаттарға немесе жер учаскелеріне ағызуды қамтамасыз ететін құрылыстар мен санитарлық шаралар жүйесіін түсінеді. Канализация жүйесінің жалпы ағызатын, жеке-жеке ағызатын (толық және толық емес), жартылай жеке-жеке және аралас сияқты, түрлерін ажыратады.
34. Тұрғын үй құрылысына жер учаскесін таңдау.
Тұрғын үй ғимараттарына табиғаты жағынан қолайлы: биіктеу, суаттар мен көк желектерге жақын жерлерде, шу, өнеркәсіп шығарындылары, биологиялық ластаушы көздерінен едәуір қашық орналасқан жер телімі бөлінуі қажет. Жер телімінің өлшемі жеткілікті болуы керек, себебі, тұрғын үй ғимаратынан басқа, ол жерде балалардың ойын және спорт алаңдарын ұйымдастыруға, жасыл желектер отырғызуға, тұрғындарға арналған демалатын зонаны бөлуге және қосымша құрылыстар салу үшін аумақтар қарастырылуы қажет.
Құрылыс ауданы 25 % аспау керек, ал 9-16 қабатты үйлер үшін 12,5-15% аралығында қолайлы болып табылады. Топырағы құрғақ, ластанбаған, сүзу қабілеті жоғары, грунт суларының тұрған деңгейі төмен болуы керек, өйткені, төменгі қабаттардағы бөлмелердің микроклиматы осы аталған жағдайларға байланысты болады. Тұрғын үйлер салынатын орындарға күн сәулесі жақсы түсетін және жақсы желдетілетін болуы керек, соның нәтижесінде бөлмелерде тиісті табиғи жарық пен ауа алмасуы қамтамасыз етіледі. 2-3 қабатты ғимараттардың фасадтары арасындағы қашықтығы 15 м-ден кем болмауы керек, ал биіктігі 4 қабат және одан да жоғары ғимараттардың арасындағы қашықтық 20 м-ден кем болмауы тиіс. Ғимараттардың терезелер орналасқан бүйір жақтарының ара қашықтықтары 15 м-ден кем болмауы керек. 9-16 қабатты ғимараттар мен бір және екі қабатты коттедждер арасындағы қашықтық, көп қабатты ғимараттың биіктігінен кем болмауы керек. 1- қабатында пәтерлер орналасқан тұрғын үйлерді қызыл сызықтан (көшенің сыртқы шегі) 2 м-ден кем емес шегіндіре салу қажет.
Үйлердің бірнеше түрлері бар: бір пәтерлі бір қабатты, бір пәтерлі екі-, үш қабатты (коттедждер), көп пәтерлі аз қабатты, көп қабатты, биік.
Бір немесе екі отбасыларға арналған бір қабатты немесе екі қабатты үйлер қаланың жеке адамдар үй салған аудандарына, қала айналасындағы аймақтарға, сондай-ақ, ауылдық елді мекендерге тән. Жеке бір пәтерлік үйдің түрлерінің бірі, коттедждер болып табылады, оның 2-ші немесе 3-ші қабатында мансарда орналасады. Коттедждер көбінесе шетелдерде кеңінен таралған, бірақ, көп пәтерлі үйлерге қарағанда, олардың біраз артықшылықтары болғандықтан, мұндай құрылыс түрлері біздің елімізде де көптеп салынуда.
Бұндай құрылыс түрі жақсы күн сәулесі түсуі мен ауа алмасуын, қолайлы микроклиматты, бау-бақшаны пайдалану мүмкіншілігін, ашық ауада ұзақ уақыт болуды, балаларды сауықтыру үшін қолайлы жағдайлар, тамақ рационын жаңа піскен көкөністер мен жемістермен байыту мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Алайда, құрылыс тығыздығы үлкен болмаса да, мұндай үй-жайға бөлінетін жер телімінің ауданы едәуір, бұл қала жағдайында жердің ауданы азаюына байланысты барлық уақытта бірдей мүмкін бола бермейді. Бұдан басқа, жол
231
Нуржігіт Алтынбеков
салуға, су құбырларын, канализация, энерго-газбен жабдықтау жүйелерін салуға біраз қаражат жұмсауды қажет етеді.
Екінші жағынан, көп қабатты (5 қабаттан артық) ғимараттарда санитарлық-техникалық қолайлы абаттандырудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету жеңілірек болады. Бұл ғимараттар орталық су құбырымен, канализациямен, қоқыс құбырларымен, лифттермен, балкондармен және лоджиялармен, орталықтан жылыту жүйесімен, табиғи желдетілуді күшейтетін құралдарымен, ал ыстық аудандарда кондиционерлермен және тұрғын үй бөлмелерін шаңнан тазартатын ваккумды қондырғылармен жабдықталады.
232
Тұрғын үй құрылысы практикасында қазіргі кезде көбінесе әр түрлі қабатты, бірақ пәтерлер жоспарланған үйлер қолданылады. Ірі қалаларда көп
пәтерлі, көп қабатты ғимараттар салу, соңғы жылдары экономикалық мақсаттарға байланысты қарқынды жүзеге асырылуда. Мұндай құрылыс түрінде аумақтарды инженерлік дайындауға, жер асты коммуникацияларын жүргізуге шығын төмендейді, үлкен қалалардың маңайында барған сайын азайып бара жатқан жерлер ұтымдырақ пайдаланылады.
Алайда, көп қабатты үйлердің белгілі бір кемшіліктері бар. Онда тұрғындардың тығыздығы жоғары болады, үйдің орналасуына және ондағы ішкі ортаға көптеген сыртқы факторлар (көшелерді жоспарлау, көрші үйлер) әсер етеді, микроклиматына жасыл желектердің жайлы әсері байқалмайды. Үйдің биіктігі таза ауада ұзақ уақыт бойына жүруге мүмкіндік бермейді, бұл
үйлердің тұрғындарында биіктіктен қорқу сезімдері пайда болады. Бөлмелерде жылу режимі, ауа алмасуы жиі бұзылады, дыбыс изоляциясы жеткіліксіз, бөлмелердің ауасы желдеткіш шахталар мен қоқыс құбырларынан шыққан заттармен ластанады.
Кейінгі кездері, 24-30 қабатты биік үйлердің, соның ішінде, бөлмелері екі деңгейде орналасқан, лоджиялар мен балкондары, кең холлы бар люкс-пәтерлер салу кеңінен таралуда. Бұндай ғимараттардың салу тұрғын үй бөлмелерінде қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі күрделі сәулеттік-жоспарлау және санитарлық мәселелерді шешуімен байланысты. Бұдан басқа, ғимараттың
бұрынғы жалпы түрін сақтай отырып, оның қабаттарын едәуір көбейту, адамның қалыпты тіршілік етуіне қажетті жағдайларына қарама-қайшы келеді, гипоксия тудырады, оның психикасына теріс әсер етеді. 16-22 қабатты үйлердің алып қабырғаларымен қоршалған аулалар адамдардың демалуына арналған кеңістік ретінде кабылданбайды. Тұрғындар ондай аулаларда болғанда, өзін көңілсіз сезінеді.
Терезелері «шыңырауға» шығатын, ал балкондары мен лоджиялары жердің бетінен ондаған немесе жүздеген метр биіктікте орналасқан, биік қабаттарындағы пәтерлер тұрғындарының өмір сүруіне өзіне тән қолайсыздықтар тудыратыны әбден айқын. Мүмкін, өзінің эволюция үрдісінде
жердің бетіндегі тіршілікке үйренген, адам ағзасының физиологиялық қасиеттерімен санасу керек шығар.
Қазіргі кезде әр түрлі нақты жағдайларға қолайлы болып табылатын тұрғын үй құрылысының ұтымды түрлері іздестірілуде. Мысалы, қазірдің өзінде, гимараттардың корпусы қиғаш, кертпеш түрінде салынуда, бұл кезде пәтерлер бірінің үстіне бірі, кемерленіп орналасады. Бұндай үйлердегі пәтерлердің тұрғындары, кез келген қабатта өздерін жайлы сезініп, биіктіктен қорқу сезімінен арылады, жоғарғы қабаттары төмендегі қабаттарын
көлеңкелемейтіндіктен, барлық пәтерлерге күн сәулесі біркелкі түседі. Бірақ, көз жетерлік болашақта «тым биік» тұрғын үйлер салу аса қолайлы болмайды.
35.Тұрғын үй құрылыс түрлері:Үйлердің бірнеше түрлері бар:Бір пәтерлі бір қабатты,бір пәтерлі екі,үш қабатты коттедждер,көп пәтерлі аз қабатты,көп қабатты,биік.223-бет,сонғы абзац.
36. Жабық үй-жайлардың ластану көздері және ауаның негізгі ластаушылары:
Ластаушы көздер-адам,атмосфералық ауа,газ плиталары,темекі түтіні,тұрмыстық химия заттары.Ластаушы заттар-азот,күкірт,тұрмыта қолданылатын газдың толық жанбаған өнімдері,стирол,бензол т.б.
37.Жылыту.Жылыту түрлері:
Жылыту жүйесінің екі түрі болады: орталықтан және жергілікті (пешпен) жылыту. Орталықтан жылыту кезінде отын жағатын орынды (қазандықты) жылытылатын бөлмелерде тұрған жылытатын құралдардан бөлек орналастырады. Қазандық жеке пәтерге, ғимаратқа, ғимарат тобына, бүкіл ауданға (аудандық жылу жүйесі, жылуэлектрорталығы) біреу болуы мүмкін.
Пеште отын жанған кезде түзілген жылу, жылу жеткізгіш ортаны - суды, буды немесе ауаны жылытып, олармен бірге жылытатын қондырғыларға беріледі. Жылыту жүйесі, жылуды жеткізетін ортаға байланысты, сумен, бумен немесе ауамен жылыту деп аталады. Орталықтан жылытудың, жергілікті жылытуға қарағанда, көп артықшылықтары бар, ол тұрғындарды от жағу жұмысынан босатады, біркелкі (уақыт пен кеңістік бойынша) микроклиматты қамтамасыз етеді, адам тұратын бөлмелерді ластамайды, өрт шығу тұрғысынан қауіпсіз болып табылады.
38.Инсоляциялық режим:
Инсоляциялық режим(ИР) дегеніміз-бөлме ішіне тікелей түскен күн сәулесінің қарқындылығы мен ұзақтығын атайды.ИР жергілікті жердің геошрафиялық ендігіне, терезелердің бөлменің төрт бұрышына қарай бағытталуына,терезелерді көршілес үйлердің көлеңкелуіне, терезінің өлшеміне және т.б.231-бет.
39. Желдету, желдету түрлері.
Дұрыс ұйымдастырылған ауа алмасуы (желдету), яғни жабық бөлмедегі ластанған ауаны таза ауамен алмастыру, бөлмелердегі ауаның ластануымен күресу шараларының бірі болып табылады. Желдету, бұдан басқа, микроклиматты жақсартуға мүмкіндік тұғызады және эпидемияға қарсы маңызы бар. Желдетудің табиғи және жасанды түрлері бар. Табиғи желдету кезінде ауа бөлмеге табиғи жолмен беріледі және шығады, ал жасанды желдету кезінде - механикалық қоздырғыш құралдар көмегімен іске асырылады.
40. Жарықтандыру:
Ұтымды жарық ең алдымен көру анализаторының қолайлы қызметі үшін қажет.Жарықты сипаттайтын негізгі көрсеткіштерге жататындар:
1) жарықтың спектрлік құрамы (жарық көзінен шыққан және шағылысқан);
2) жарықталғандағы (жарық деңгейі);
3) жарықтығы – жарықтық дәрежесі (жарық көзінің, шағылыстырушы беттердің)
4) жарық түсуінің біркелкілігі.
Табиғи жарық -күн ғимараттардың сыртында әдетте ондаған мың люкс жарық деңгейін береді. Жасанды жарық-келесі талаптарға сәйкес болуы керек: жеткілікті дәрежеде қарқынды, біркелкі; дұрыс көлеңке түзілуін қамтамасыз етуі, көзді шағылыстырмауы және заттың түсін өзгертпеуі; қыздырмауы; спектрлік құрамы бойынша күндізгі жарыққа жақын болуы керек.
41.Рационалды тамақтану, негізгі принциптері :
Тамақтану мөлшері жағынан адекватты, яғни, рационның энергетикалық құндылығы ағзаның энергия шығынын толық өтеп отыруы қажет.
Тамақтану сапасы жағынан құнды, яғни құрамында барлық ағзаға қажетті тамақтық (қоректік) заттар: белоктар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералды заттар, бәрінен бұрын, алмастырылмайтын құрам бөліктері қолайлы мөлшерде болуы тиіс.
Тамақтану балансталған болуы қажет, яғни құрамы, тамақтық заттардың химиялық құрам бөліктерінің мөлшері мен арақатынастары, олардың пайдаға асуын қамтамасыз ететін ағзаның ферменттік жүйелері үшін қолайлы болуы қажет. Тамақтанудың балансталғандық қағидасы - рационалды тамақтанудың негізгі қағидасы болып табылады, ол тек негізгі тамақтық заттардың - белоктардың, майлардың, көмірсулардың, минералды заттардың және дәрумендердің арасындағы балансталғандықты ғана емес, сонымен қатар белоктардың, майлардың, көмірсулардың, минералды заттар мен дәрумендердің өздерінің құрамына кіретін заттардың да балансталғандығы туралы түсінік береді.
Тағамның әр түрлі болуы, яғни, құрамында жануар текті және өсімдік текті азықтар және жеткілікті мөлшерде тағамдық талшықтар да болуы тиіс.
Тағам залалсыз, яғни тағамда жұқпалы немесе паразиттік аурулардың қоздырғыштары болмауы, ал микробтық және микробтық емес токсиндердің концентрациясы гигиеналық регламенттерден аспайтын болуы тиіс.
Жақсы органолептикалық көрсеткіштері қамтамасыз етілуі, тәбет тартатын, аз көлемде тоқтық сезімін беретін, жақсы қорытылатын және жеңіл сіңетін болуы керек.
Режимментамақтану.
42. Халықтың әртүрлі топтары үшін тағамдық заттар және энергияға физиологиялық қажеттіліктердің нормалары. Халықтың әр түрлі топтарына арналған тағамдық заттар мен энергияның физиологиялық қажеттілік нормаларын тағамтану ҒЗИ немесе медициналық жоғары оқу орындарының және дәрігерлердің білімін жетілдіру институттарының тиісті кафедралары әзірлейді және ол мемлекеттік нормативтік құжат болып табылады. Олар іс жүзіндегі тамақтануды бағалаудың критерийлері, тағамдық азықтарды өндіруді және тұтынуды жоспарлау кезінде және азық-түлік қорларын бағалау кезінде ғылыми негіздері болып саналады, ұйымдасқан ұжымдардың рациондарын есептеу үшін де қолданылады. Тамақтану нормасы, сондай-ақ, дәрігерлік практикада жеке адамдардың тамақтануын бағалау үшін және оны түзету жөніндегі ұсыныстарды негіздеу үшін де қолданылады.
Негізгі тағамдық заттар мен энергияның қажеттілігін анықтау кезінде, ұсынылған энергия тұтыну деңгейінің дәлдігі шешуші роль атқарады. Ол тағам арқылы ағзаға түсетін энергия мен оның шығынының арасындағы диспропорцияны болдырмауы қажет. Дені сау адамдарға энергия қажеттілігі: дене жұмысына белсенділігіне (қуат шығынына), жынысына, жасына, дене массасына, ағзаның жағдайына, климат жағдайына және басқа да қоршаған ортаның факторларына байланысты анықталады.
Тәуліктік энергия шығыны, адамның еркімен реттелмейтін және реттелетін түрлерінен тұрады. Реттелмейтін энергия шығынына, негізгі алмасуға және тағамның спецификалық - динамикалық әсеріне кететін энергия шығындары жатады. Реттелетініне - барлық жұмыс түрін орындауға кететін энергия шығыны жатады.
Негізгі алмасу - тыныштық жағдайында ағзаның негізгі өмір үшін маңызды қызметтерін сақтауға: тыныс алуға, жүректің, бүйректің, т.б. жұмысына кететін энергия шығыны. Негізгі алмасу мөлшері көп факторларға байланысты: жынысына, жасына, массасына, климат жағдайына, т.б. тәулігіне 1000-нан 2000 ккалл дейінгі аралықта ауытқиды. Негізгі алмасу әйелдерге қарағанда, ер адамдарда жоғары, ол ер адамдардың массасы мен денесінің беті үлкен болуымен, бұлшық еттерінің көбірек нығаюымен, зат алмасу үрдістерінің қарқынды жүруімен байланысты. Негізгі алмасу, орта есеппен ер адамдарда - 1700 ккал, әйел адамдарда - 1400 ккал.
Тағамның спецификалық-динамикалық әсері (ТСДӘ) - тағамның әр түрлі құрам бөліктерінің - белоктардың, майлардың, көмірсулардың әсерінен энергия шығынының бірдей емес өсуі. Негізгі алмасудың ең көп өсуі - 30-40 % дейін белоктарды қабылдаған кезде байқалады, майлар мен көмірсуларды қабылдаған кезде азырақ көбейеді: 14 % дейін - майларды, 4-7 % дейін - көмірсуларды қабылдаған кезде. Белок, май, көмірсулары аралас тағамдарды қабылдаған кезде, энергия шығыны тәулігіне, орта есеппен 15 % артады. Тағамның спецификалық-динамикалық әсерін ағзада тағамдық заттардың айналымы (алмасуы) үшін қажетті, тотығу үрдістерінің күшеюімен байланыстырады. Реттелінетін энергия шығыны балалар мен жасөспірімдерде, үлкен адамдарға қарағанда, негізгі алмасу сияқты, жоғарылау. Егер, үлкен адамдарда энергия шығыны орта есеппен 45 ккал/кг болса, ол 1-5 жастағы балаларда 80-100 ккал, 13-16 жастағы жасөспірімдерде - 50-60 ккал құрайды. Мұндай едәуір энергия шығыны зат алмасу үрдістерінің қарқындылығы жоғары, жылу берілуі және балалардың қимылдарының көбірек болуымен, ал ересек жаста, айтылғандарға қосымша жұмыс жүктемелерімен, спортпен, дене шынықтырумен шұғылдануларымен байланысты.
Энергиялық баланс, ағзаның энергия шығыны мен тағам рационының энергиялық құндылығын салыстыру арқылы анықталады. Егер, рационның энергиялық құндылығы тәуліктік энергия шығынын жаппайтын болса, теріс энергиялық баланс пайда болады, егер, энергиялық құндылығы энергия шығынынан едәуір асатын болса, онда оң энергиялық баланс байқалады. Оң да, теріс те, энергиялық баланс адамның денсаулығына зиян. Ол зат алмасуының бұзылуына, әр түрлі жүйелер мен мүшелерде функционалдық және морфологиялық өзгерістердің пайда болуына әкеп соғады.Халықтың нақты топтары үшін немесе жеке алынған адам үшін, қажетті энергия мөлшерін (санын) анықтаудың физиологиялық критерийі ретінде дене жұмысына белсенділік коэффициенті алынған.
Дене жұмысына белсенділік коэффициенті – бұл, жалпы энергия шығынының негізгі алмасу мөлшеріне қатынасы.
Бір мамандық түрінде жұмыс істейтін адамдардың бәрінің энергия шығыны бірдей бола бермейді, себебі, энергия шығыны орындалатын жұмыс операцияларының ауырлығына және кәсібіне қатысы жоқ, іс-әрекет жағдайына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін, яғни энергия шығыны бірдей адамдар тобына кәсібі әр түрлі адамдарды жатқызуы мүмкін. Сондықтан, қазіргі «Нормаларда», (1991) БДДҰ (ВОЗ) ұсынысы бойынша, энергия мен тағамдық заттардың қажеттілігін анықтауға арналған критерийі ретінде дене жұмысына белсенділік коэффициенті алынған.
43.Тамақ өнімдерінің тағамдық және биологиялық құндылығы :
Азықтардың тамақтық құндылығын бағалау кезінде, тамақтық және биологиялық құндылығы түсінігін бөліп көрсетеді. Тамақтық құндылығы тағамдық азықтардың пайдалы қасиеттерінің барлығын толығымен көрсетеді: энергиялық құндылығын, барлық негізгі тамақтық заттардың мөлшері мен сапасын, дәмділік сапасын, қорытылуын, сіңуін және жалықтыруын (шығып қалуын). Азықтың биологиялық құндылығы болса, тамақтық құндылығының жеке сипаттамасы болып табылады және ең алдымен ақуыздың сапасын, сонан соң – басқа биологиялық белсенді алмастырылмайтын қосылыстарды – дәрумендерді, минералды заттарды, КҚМҚ (ПНЖК) және басқаларды көрсетеді. Ақуыздың сапасы құрамындағы алмастырылмайтын амин қышқылдарының жиынтығы қаншалықты толық және олардың өздерінің және алмастырылатын амин қышқылдарымен ара қатынастары қаншалықты қолайлы, және осыған байланысты, ағзада қаншалықты толық ұсталынады және берілген ақуыздың азоты қаншалықты пластикалық мақсатқа пайдаланылатынымен анықталады. Ең жоғары биологиялық құндылыққа, аминқышқылдың қоры жоғары және ағзада азоттың жоғары дәрежеде ұсталынуын қамтамасыз ететін жануар текті ақуыздар ие.
Тағамдық азықтардың тамақтық құндылығын бағалауда, олардың қорытылуының, сіңімділігінің, жалықтыратындығының маңыздылығы аз емес. Қорытылу деңгейі - азықтың химиялық құрамының, олардың пайдаға асуын қамтамасыз ететін ағзаның ферменттік жүйесіне сәйкес келуі және жеңіл қорытылу дәрежесіне байланысты. Сіңімділігі - жеке нутриенттердің пайдаға асу дәрежесімен сипатталады. Жалықтыратындығы – азықты қаншалықты тез тамақтануға қабылдағысы келмей қалатындығымен сипатталады.
44.Тағамдық заттардың биологиялық рөлі (ақуыздар,майлар,көмірсулар):
Ақуыздар. Биологиялық ролі. Ақуыздар міндетті түрде ағзаға түсіп отыруы қажет және тамақтанудың алмастырылмайтын құрам бөлігі болып табылады, себебі солар ғана ағзаның, өсуін, дамуын және жасушалар мен тіндердің регенерациясын, антиденелердің, ДНК, РНК, ферменттердің, гормондардың, еттердің жиырылуына қатысатын ақуыздардың, глобиннің, жасуша ақуыздарының және жасушадан тыс сұйықтардың, т.б. синтезделуі үшін қажетті құрылыс материалдарымен қамтамасыз етеді. Сонымен, тағаммен ағзаға түсіп отыратын ақуыздар, бәрінен бұрын пластикалық материал ретінде, ал шектеулі дәрежеде энергиялық материал ретінде пайдаға асады.
Ақуыздар ағзада көп түрлі қызмет атқарады:
1. Пластикалық немесе құрылымдық (жаңа тіндердің құрылуы және жасуша құрылымдарын қалпына келтіру);
2. Қорғаныштық (антидене, комплемент, пропердин жүйесі, қан ұйытатын және ұюына қарсы жүйелер, т.б.);
3. Тұқым қуалаушылық ақпарат берілуіне қатысуы.
4. Реттеушілік (жаратылысы ақуыздық ферменттер мен гормондар синтезделуі);
5. Қимылға келтіретін (миофибрилл құрамындағы ақуыздар- актин және миозин );
6. Энергетикалық;
7. Тасымалдаушы (әр түрлі химиялық қосылыстарды қан арқылы тасымалдау, тіндерге жеткізу және олардан әкету);
8. Буферлік (қанда, жұлын сұйығында тұрақты реакция сақтау);
9. Онкотикалық қысымды қамтамасыз ету;
Ақуыздар, ағзада маңызды пластикалық материал ретінде және функциональдық тұрғыдан да, басқа тағамдық заттармен алмастырылуы мүмкін емес, ал олардың өзі болса, майлар мен көмірсуларды кеңінен алмастыра алады.
Ақуыздардың қоректік құндылығы, олардың амин қышқылдық
Майлар. Биологиялық ролі. Жануар текті және өсімдік азықтарымен ағзаға түсетін тағамдық майлардың құрамына, негізінен нейтралды майлар, сондай-ақ, фосфолипидтер мен стеариндер кіреді. Ағзаға сырттан түскен майлардан ішектің қабырғасында қайта синтезделуі (ресинтез) нәтижесінде, ағзаның майына ұқсас май түзіледі.
Майлар, көмірсулармен қатар негізгі энергия көзі – ағзада 1 г май тотыққан кезде 37,6 кДж (9 ккал) энергия береді. Майлар, сондай-ақ, құрылымдық элемент ретінде цитоплазманың және жасуша қабықшасының құрамына кіріп, гормондардың синтезделуіне қатысып, белгілі бір дәрежеде пластикалық та роль атқарады. Майлармен бірге ағзаға майда еритін А, Д, Е және К дәрумендері түсіп отырады. Майлар, осы дәрумендердің еріткіштері болып, олардың жақсы сіңуіне ықпал етеді.
Көмірсулар. Биологиялық ролі. Көмірсулар, тағамның негізгі массасын құрайды. Олар моносахаридтер (глюкоза, фруктоза, галактоза), дисахаридтер (лактоза, сахароза, мальтоза) және тағамдық (гликоген, крахмал) және тағамдық емес (жасұнық, пектин заттары) полисахаридтер.
Көмірсулар, негізгі энергия көзі, ағзаға энергия қажеттілігін 50-60 % дейін қамтамасыз етеді 8.2.,8.3.-кестелер). Ағзада 1 г көмірсулар тотығуы кезінде 4,1 ккал (16,7 кДж) энергия пайда болады. Дене еңбегі кезінде, бірінші кезекте көмірсулар шығыны болады, олдардың қоры біткеннен кейін, ағза майларды пайдалана бастайды. Көмірсулар ақуыздарды сақтайды. Орталық жүйке жүйесі мен қаңқа еттері қызметтерін қалыпты атқаруы үшін, көмірсулардың үлкен маңызы бар, себебі, олар тез тотығады және жеткілікті деңгейде энергиялық потенциалды қамтамасыз етеді. Көмірсулардың майлар мен ақуыздардан айырмашылығы, олардың ми қыртысын тыныштандыратын әсері бар.
Көмірсуларға белгілі бір пластикалық роль тән: олар глюкопротейдтердің (муциннің және басқа да мукойдтардың, нуклеопротейдтердің (пентозалардың), цереброзидтердің (галактоза), ферменттердің, дәрумендердің, сондай-ақ, кейбір гормондардың (фоликулостимулдеуші, тиреотропты, эритропоэтин т.б.) құрамына кіреді.
Көмірсулардың антитоксикалық қызметінің де маңызы үлкен: гиалурон қышқылының құрамында, олар жасуша қабырғалары арқылы бактерияларды енуіне кедергі жасайды. Лактоза ішекте шіру үрдісін жүргізетін микрофлоралардың дамуын тежейтін сүт қышқылдық бактерияларының дамуына ықпал етеді. Көкөністер мен жемістердің құрамындағы пектин заттары мен жасұнық сияқты тағамдық емес көмірсулардың да детоксикациялаушы қасиеттері бар. Пектин заттары, химиялық табиғаты жағынан гликополисахаридтерге, ағзаға сіңетін еритін заттарға жатады. Олар улы заттарды сорбциялайды, қорғасыннан, т.б. металдардан уланудың алдын алуда қолданылады, сондай-ақ,ішектегі патогенді шіріткіш микроорганизмдерінің өсуін тоқтатады.
45.Минералды заттар.
Биологиялық ролі. Минералды заттар, тамақтанудың алмастырылмайтын құрам бөліктеріне жатады. Адам ағзасының тіндері мен сұйықтарында алпысқа жуық минералды элементтер табылған. Тіндердің құрамындағы мөлшеріне байланысты, олар макроэлементтерге - (құрамында 1 мг% артық Са, Mg, P, S, R, Na, Cl т.б.) және микроэлементтерге - (құрамында 1 мг% кем І, Cu, Zn, F, Mn, Co, Fe т.б.) бөлінеді.
Минералды заттар ағзада жүретін барлық биохимиялық үрдістерге қатысады, әр түрлі тіндердің құрылысына, әсіресе, сүйектің құрылысына қатысып, пластикалық қызмет атқарады, протоплазманың коллойдтық жағдайын қамтамасыз етеді, осмостық қысымды және сутегі иондарының концентрациясын қажетті деңгейде сақтайды, сонымен қатар аралық алмасу реакцияларының катализаторы болып табылады. Көптеген минералды заттар ферменттердің, гормондардың, дәрумендердің тағы да басқа биологиялық белсенді қосылыстардың құрамына кіреді, жасуша мембраналары арқылы химиялық заттарды тасымалдау үрдісіне, ет пен жүйке тіндерінің қозу үрдістеріне, қанның ұюына, т.б. қатысады.
Натрий және хлор. Қанда және тін сұйықтарында осмостық қысымды сақтауға, қышқылдық-сілтілік тепе теңдікті қамтамасыз етуге, жүйке-ет қозуына, жасуша ішілік және тін аралық алмасу үрдістеріне қатысады. Натрий хлориді, сондай-ақ, тағамның дәмін жақсартады және тамаққа тәбетті қоздырады.
Натрий хлоридінің тәуліктік қажеттілігі - 10-15 г, бұл қажеттілігі тағамдық азықтардың (3-5), нанның (3-5 г) құрамындағы тұздардың және тамақ дайындау үшін қолданатын, сондай-ақ, тамақ ішу кезінде дәміне байланысты қосылатын ас тұзының есебінен қамтамасыз етіледі.
Кальций - сүйек жүйесіндегі басты құрылымдық элемент, қанның ұю үрдісіне қатысады, бірқатар ферменттердің активтілігін арттырады, қабынуға қарсы әсері бар. Сондай-ақ, кальцийдің жүрек еттерінің қалыпты қызметі мен жүйке жүйесінің қалыпты қозғыштық қызметі үшін маңызы үлкен.
Тағамда кальцийдің жеткіліксіздігі, бәрінен бұрын балаларда рахит, үлкен адамдарда остеомаляция түрінде білінетін сүйектену үрдісінің бұзылуына әкеп соғады. Халық арасында тіс жегі ауруы жиілейді.
Кальцийдің тәуліктік қажеттілігі 8.2., 8.3. - кестелерде келтірілген. Үлкен адамдар тәулігіне 800 мг-нан (11,4-13,3 мг/кг массасына) кем қабылдамауы қажет. Жүкті және бала емізетін әйелдер, қосымша тағы 300-400 мг алуы қажет.
Фосфор - ағзада көптеген алмасу үрдістеріне қатысатын әр түрлі қосылыстардың (АТФ, АДФ, АМФ т.б.), биологиялық тотығу үрдісінде пайда болатын, энергияның аккумуляторы. Фосфор сүйек, ет, жүйке тіндерінің құрамында көп, ол кальциймен бірге сүйек тінінің негізін құрайды. Фосфор жүйке және ет тіндерінде жүретін алмасу үрдістерінде айрықша роль атқарады.
Үлкен адамдар үшін фосфордың қажеттілігі 1200 мг, балалар үшін ол жасына байланысты (8.2., 8.3. - кестелер).
Құрамында фосфоры ең көп тағамдық азықтар: сыр, сүзбе, жұмыртқа, уылдырық, қарақұмық және сұлы жармалары, бұршақ тұқымдастар, балық. Фосфордың сіңімділігі, тағамның құрамындағы кальций мен ақуызға байланысты. Астық тұқымдастардың құрамындағы фосфордың сіңімділігі нашар, себебі, ол олардың құрамында нашар сіңетін фитин қышқылы түрінде болады.
Магний - жүйке қозуының берілуіне және жүйке жүйесінің қозғыштығын реттеуге қатысады, кальцийдің антогонисі, ағзаға көп түскен кезде кальцийді қосылыстарынан ығыстырып шығарады, ал магнийдің тағамда жеткіліксіздігі, кальцийдің артерия қабырғасына, жүрекке, еттерге көбірек жиналуына ықпал етеді.
Магнийдің тәуліктік қажеттілігі 400 мг, бұл жағдайдағы кальций мен магнийдің ең қолайлы арақатынастары 1:0,5. Магнийдің негізгі көзі -нан, бұршақ, үрме бұршақ, әр түрлі жармалар.
Темір - ең маңызды минералдық элемент. Ол гемоглобиннің және құрамында гемі бар ақуыздар мен ферменттердің құрамына кіреді. Ағзада темірдің жеткіліксіздігі, темір тапшылық анемия пайда болуына және оттегін тасымалдаумен және пайдаланумен байланысты ферменттік үрдістердің бұзылуына әкеп соғады. Темірдің тәуліктік қажеттілігі, ер адамдар үшін - 10 мг, әйел адамдар үшін - 15 мг. Темірдің әйел адамдарға қажеттілігінің жоғарырақ болуы, жүктілік, босануы, бала емізуі және етеккір кездерінде темірдің едәуір мөлшерін жоғалтуына байланысты.
Темірдің балаларға қажеттілігі, жас кезеңдеріне байланысты, әр түрлі (8.3. - кесте) бірінші 6 айында 4-7 мг-нан, 14-17 жасында 15 мг дейін, бұл жағдайда темірдің балаларға салыстырмалы түрде қажеттілігінің ең жоғарысы, емізулі жасында (1,0-0,9 мг/кг), мектеп жасына дейінгілердің алдындағы жасында (0,7-0,8 мг/кг массасына), мектепке дейінгі жастарында (0,5-0,6 мг/кг массасына), ал үлкен адамдар үшін ол 0,14-0,25 мг/кг.
Темір, әр түрлі тағамдық азықтарда кездеседі: етте, бауырда, бүйректе, жұмыртқада, нанда, бұршақ тұқымдастарда, сұлы жармасында, шабдалыда, алмада, қара өрікте, укропта, салатта, петрушкада, т.б.
Мырыш. Мырыштың биологиялық белсенділігі, ол әр түрлі зат алмасу үрдістеріне қатысатын, оның ішінде көмірсулардың, майлардың, ақуыздардың және нуклеин қышқылдарының синтезі мен ыдырауына қатысатын маңызды ферменттердің: сілтілі фосфатазаның, карбоангидразаның, нуклеотидилтрансферазалардың, карбоксилпептидазалардың, альдолазаның және басқалардың құрамына кіреді. Құрамында мырышы бар ферментер, барлық алты белгілі кластарына жатады, бірақ көбірек мөлшерде гидролазалар класында.
Мырыш өсу, даму, жыныстық жетілу үрдістері, репродукция функциясын, иммундық жауапты, қалыпты қан түзілуін, дәмді және иісті сезуін, жараның жазылуын қамтамасыз ету үшін қажетті фактор болып табылады.
Йод - тиреоидтық гормондардың құрамына кіреді. Йодтың ағзада жетіспеушілігі, қалқанша бездің қызметіне ауырлық түсуіне, тироксиннің биосинтезі бұзылуына, эндемиялық зоб дамуына әкеп соғады. Йодтың ұзақ уақыт жетіспеушілігі, қалқанша және сүт безінде обыр (рак) дамуының, ал бала жасында – меңіреуліктің қауіп-қатер факторы болуы мүмкін. Йод бойынша эндемиялық аудандарда тұратын балаларда, дене дамуы мен ақыл-ойы дамуында ауытқулар, сүйектену және жыныстық жетілу үрдістерінде бұзылыстар байқалады.
Мыс - өте маңызды микроэлементтердің бірі. Ол тотығу-тотықсыздану реакциясын, жасушалық тыныс алуды реттеуге, лизиннің тотығуына, липидтердің асқын тотығуына, катехоламиндердің синтезіне, гемоглобин түзілу үрдісіне қатысатын, онға жуық құрамында мыс бар, ферменттердің құрамына кіреді. Бұл ферменттің ішіндегілер церуолоплазмин, оның қатысуымен темірдің, биогендік аминдердің тотығуы және мыстың тасымалдануы жүреді; дофамин – β – гидроксилаза катехоламиндердің бастапқы өнімі – дофаминді гидроксилдейді; цитохром–с–оксидаза, ол тіндік тыныс алудың соңғы реакциясын катализдейді; біріншілік аминдерді және басқаларды тотықтыратын аминооксидазалар.
Адам, мысты тағаммен тәулігіне 2-5 мг мөлшерінде қабылдайды, бұл оның физиологиялық қажеттілігінен едәуір артық (8.8.-кесте), бірақ бұл мөлшерінің жартысына жуығы ғана сіңеді, қалған бөлігі нәжіспен шығады, яғни дені сау адамда мыстың алмасуы «мыс» тепе-теңдігімен сипатталады.
Марганец - тірі ағзалар үшін өмірлік маңызы бар элемент. Ол аргиназаның, пируваткарбоксилазаның және Mn–супероксиддисмутазаның құрамына кіреді және бірқатар ферменттерді: лимон және алма қышқылдарының дегидрогеназасын, фосфатазаны, РНК- нуклеотидилтрансферазаны, және ДНК нуклеотидилтрансферазаны және басқаларды белсенді етеді.
Хром - биологиялық белсенді элемент. Ол нуклейн қышқылының алмасуына қатысатын ферменттік жүйенің құрамына кіреді. Глюкозаға төзімді фактор аталған, төмен молекулалы кешеннің құрамында хром, инсулин реттейтін барлық зат алмасу үрдістерінде инсулиннің әсерін күшейтеді.
Молибден. Молибденнің зат алмасудағы ролі, оның бірнеше ферменттердің: несеп қышқылын түзумен жүретін ксантин мен гипоксантиннің тотығуын катализдеуші ксантиноксидазаның, сульфидті сульфатқа айналдыратын сульфитоксидазаның және альдегидоксидазаның құрамына кіретіндігімен байланысты.
46.Дәрумендер.
Жалпы мағлұматтар. Дәрумендер, көбінде алмастырылмайтын тамақтық заттар болып табылады, себебі, ағзада синтезделмейді немесе жеткіліксіз мөлшерде синтезделеді. Өте жоғары биологиялық белсенділікке ие болып, олар басым катализдік қызмет атқарады және ағзаға қажеттілігі өте аз мөлшерде.
Суда еритін, майда еритін және дәрумен тәрізді заттар деп бөледі (8.9.- кесте), бұл кезде бірқатар дәрумендер, биологиялық белсенділіктері ұқсас бір емес, бірнеше қосылыстармен берілген, мысалы, В6 дәрумендер тобына пиридоксин, пиридоксаль және пиридоксамин кіреді.
Дәрумендердің қажеттілігіне әр түрлі факторлар: жасы, физиологиялық жағдайы, орындайтын жұмысы, т.б. әсер етеді. Адамдар солтүстікте тұратын жағдайларда, ауыр дене жұмысы, нервтік-психикалық зорланулар, денесі қатты қызған кездерде, лихорадка жағдайларында, улы агенттердің әсері кезінде және басқаларда дәрумендердің қажеттілігі едәуір жоғарылайды.
Дәрумендер ағзаға жеткіліксіз түскенде гиподәрумендік, ал айқын жетіспеушілігі кезінде аздәрумендік дамиды.
Суда еритін дәрумендер. С дәрумені . Аскорбин қышқылының ағзадағы биологиялық ролі, негізінен тотығу-тотықсыздандыру әсерімен байланысты. Күшті тотықсыздандырғыш бола тұра және қайтымды тотығып және жеңіл тотықсызданып, аскорбин қышқылы және оның тотыққан түрі – дегидроаскорбин қышқылы, жасуша ішілік тотықтыратын – тотықсыздандыратын жүйе ретінде қызмет атқарады. С дәруменінің қатысуымен фенилаланин және тирозин амин қышқылдары тотығады, сондай- ақ дезоксирибонуклеин қышқылының пайда болуы ынталандырылады. С дәрумені қылтамырлардың қабырғасын қалыпты жағдайында ұстап тұруда және олардың созылғыштығын сақтауда маңызды роль атқарады, себебі, ол проколлагеннің коллагенге айналуын ынталандырады.
В2 дәрумені (рибофлавин). Флавинмононуклеатид немесе флавинадениндинуклеатид құрамында флавиндер оксидоредуктазаларының: НАДН – дегидрогеназаның, сукцинат дегидрогеназаның, D- және L- аминқышқылдары оксидазаларының, глютатионредуктазаның және басқалардың коферменті ролін атқарады, бұл оның ақуыз, майлар, көмірсулар алмасуының көптеген үрдістеріне қатысуын қамтамасыз етеді.
Ниацин (В3-, РР- дәрумені, никотин қышқылы). Тотығу – тоықсыздану реакцияларында маңызды роль атқарады. Жасушалық зат алмасуы үшін өмірлік маңызы бар, себебі, тіндік тыныс алуда үлкен маңызы бар НАД және НАДФ ферменттерінің құрамына кіреді.
Ағзада ниацин триптофаннан синтезделеді, триптофанның никотин қышқылымен бірге жеткіліксіздігі пеллагра дамуына әкеп соғады. Пеллагра теріде, шырышты қабықшаларда, орталық нерв жүйесінде, асқазан-ішек жолдарыында пайда болатын симптомдармен сипатталады. Айқын аздәрумендіктің толық синдромы стоматитті және глосситті, іш өтуді, дерматиттерді және психикалық бұзылыстарды (үш «Д» - дерматит, деменция, диарея) қамтиды.
Ниациннің емшек еметін жастағы балаға қажеттілігі – тәулігіне 6-7 мг, 1- 6 жастағыларға – 10-13 мг/тәулік, 7-17 жастағыларға – 16-20 мг/тәулік, үлкен адамдарға – 16-28 мг
В6- дәрумені (пиридоксин). Қосылыстардың жақын тектес тобын – пиридоксин, пиридоксаль және пиридоксаминді біріктіреді. Олардың бәрі ағзада пиридоксальфосфат түзіп, фосфорланады. Пиридоксальфосфат трансаминазалардың және басқа да амин қышқылы алмасуын іске асыратын, атап айтқанда, амин қышқылдарын декарбоксильдеуді және қайта аминдеуді, оксиаминқышқылының және цистейінің дезаминделуін, триптофанның ниацинге айналуын және глютамин қышқылының алмасуын іске асыратын ферменттердің коферменті қызметін атқарады.
Фолацин (фоль қышқылы). Тетрагидрофоль қышқылы гистидин, метионин, т.б. амин қышқылдарының айналуларға түсуі кезінде, пуриндік және пиримидиндік нуклеотидтердің биосинтезі кезіндегі біркөміртекті топтарды тасымалдау үрдістерінде кофермент ретінде қатысады. Ол гем мен порфириннің түзілуін реттейді және белсенді етеді.
Кобаламиндер (В12 дәрумендер). В12 дәруменінің барлық белгілі биохимиялық қасиеттері кофермент қызметін атқаратын метилкобаламин және аденозинкобаламин арқылы жүзеге асады.
Біріншісі, нуклеин қышқылдарының метаболизміне, екіншісі пропионаттың алдынғы өнімінің ыдырау жүйесіне қатысады.
В12 дәруменінің аш ішекте сіңірілуі үшін Кастл деп аталатын ішкі фактордың болуы керек. Оны асқазанның шырышты қабықшасының париетальді жасушалары бөледі, ол дәруменді ішектің шырышты қабықшасы арқылы тасымалдайды.
Майда еритін дәрумендер. А дәрумені. А дәрумені тобына ретинол, ретинил-ацетат, ретиналь, ретиной қышқылы, т.б қосылыстар жатады (8.9. - кесте). А дәрумені ретиналь түрінде түрлі-түсті, күндізгі және тұнгі көруді қамтамасыз ететін торлы қабықтың көру пигменттерінің простетикалық тобы болып табылады. А дәруменінің басқа түрі – ретинильфосфат жасуша мембраналарының гликопротеидтерінің түзілуі кезінде қант қалдықтарын тасымалдаушысының коферменті қызметін атқарады.
Д дәрумені (кальциферолдар). Д дәруменінің негізгі өкілдері адам терісіне ультракүлгін сәулелері әсер еткенде 7-дегидрохолестериннен түзілетін эргокальциферол (Д2 дәр.) мен холекальциферол (Д3 дәр.). Д дәрумені прогормон болып табылады. Одан ағзада гормондық қасиеті бар әр түрлі белсенді метаболиттер түзіледі: 1,25-диоксихолекальциферол және 24,25- диоксихолекальциферол. Д дәруменінің атқаратын қызметі, нақ осы қосылыстармен байланысты: ішекте сорылу, бүйрек түтікшелеріндегі кері орылуы және сүйек тінінен шығарылуы үрдісі кезінде жасушалық кедергілер арқылы, Са++ иондары мен бейорганикалық фосфаттың тасымалдануы жүреді.
Е дәрумені (токоферол). Бұл топқа ,- ,- ,- - токоферолдарды жатқызуға болады, олардың ішіндегі ең белсендісі --токоферол. Бұл қосылыстардың негізгі қызметі - антиоксиданттылық. Биологиялық мембраналардың қанықпаған липидтерін, липидтердің бос радикалды асқын тотығуы үрдістерінен қорғап, жасуша мембраналарының бүтіндігін сақтап тұрады.
Токоферол ақуыздың, креатин мен креатининнің алмасуына қатысып, кейбір пептидазалардың белсенділігін тежеп, ақуыз бұзылуының алдын алады. Бұл дәрумендердің жыныс бездері мен бұлшық ет тіндерінің дамуы мен қызметіне үлкен әсері бар.
Е дәруменінің жетіспеушілігі кезінде, гемолиз, креатинурия, бұлшық еттерде цериодтың шоғырлануы байқалады және оның дистрофиясы дамиды. Е дәруменінің ұзақ уақыт жетіспеуі, сперматогенездің және ұрық түтікшелерінің дегенеративті өзгеруіне әкеп соғады.
К тобының дәрумендері (филлохинондар). Препротромбиннің және басқа да ақуыздардың молекуласындағы глютамин қышқылының қалдықтарын карбоксильдеу реакциясын жүзеге асыратын ферменттер жүйесінің простетикалық тобының құрамына кіреді, бұл оған кальцийді байланыстыратын қасиет береді. Сонымен, бауырда қан ұю факторларының: ІІ (протромбиннің), VІІ (проконвертиннің), ІХ (Кристмас факторының), Х (Прауэр-Стюарт факторының) пайда болуы К дәруменіне байланысты.
47. Тамақтану режимі.
Рационалды тамактанудың маңызды шарттарының бірі тамақтану режимі. Тамактану режимі деп, тағамды кабылдау уакыты мен жиілігін және оны мөлшері мен сапа жағынан жеке кабылдаулар бойынша бөлуді тусінеді.
Тағамды катал бекітілген уақыттарда қабылдаса, сол уақытқа шартты секреторлык рефлекс пайда болады, бұл адамнын тағамға тәбетін жаксартады, астын калыпты қорытылуына ыкпал етеді, ал тәуліктік рационды бірнеше боліп кабылдау, тағамнын сіңімділігін жақсартады, ас корыту жолына түсетін артык ауырлықтарды болдырмайды және ұзак уакыт бойына токтық сезімін камтамасыз етеді. Тағам кабылдау аралыгы 4-5 сағат болса, оптималды болып есептеледі.
Тамақтану режимі адамның жасына, физиологиялык жағдайына, жұмыс ерекшеліктеріне, т.б. байланысты. Үлкен адамдар үшін күніне 4 рет тамактану колайлырак 1-ші таңертенгі ас тәуліктік рационның 25%; 2-ші танертенгі ac - 10 %; түскі ас - 45% және кешкі ас кұрамында 20%. Екінші танертенгілік астын орнына, түскі ас пен кешкі астын арасында бесінділік ас кабылдану мүмкін.
Ақуыздарга бай азыктарды ет, балық, жұмыртка, бұршақ тұқымдастар, тагы баскаларды - танертенгі және тускі рационга енгізу кажет, себебі олар узак уакыт асказанда ұсталады, ұзак корытылады, онын үстіне ет тағамдарының жүйке жүйесіне коздыргыштық әсері бар. Кешке еті коп тағамдарды кабылдаған кезде, ол калыпты ұйқыға кедергі жасайды.
Кешкі асқа асказанда ұзак ұсталынбайтын жеңіл тағамдарды кабылдау усынылады, мысалы, сүт-өсімдік тағамдарын.
48. Алиментарлық аурулар.
Тамактанумен байланысты ауруларды алиментарлык аурулар деп атайды. Дуние жүзілік денсаулық сақтау (ДДСҰ) ұйымының жіктеуі бойынша
1. Дурыс тамактанбаудан пайда болатын аурулар.
2. Жарамсыз тагамдарды қабылдаумен байланысты аурулар
3. Агзанын жеке ерекшеліктерімен байланысты аурулар (тұкым куалайты және жүре пайда болған ферментопатиялар, тагам аллергиялары) деп беледі.
Дұрыс тамақтанбаудан пайда болатын ауруларды 4 топка боледі.
1. Толык аштыкпен және жалпы жеткіліксіз тамактанумен байланысты аурулар - алиментарлык дистрофия.
2. Тамақтанудың жеткіліксіздігімен байланысты аурулар.
3. Артык тамақтанумен байланысты аурулар.
4. Тағамдык азыктардын дұрыс балансталмагандыгына және тамактану режимінің сақталмауына байланысты аурулар.
Аштык кезінде немесе жалпы жеткіліксіз тамактану кезінде алиментарлык дистрофия дамиды, бұл ауруга дене салмагын курт жогалту, барлык мушелер мен жүйелердің қызметінің бұзылуы, "аштыктан ісіну", агзанын карсылык күшінің төмендеуі тән және өлімге әкеп соғуы мүмкін. Тамақтанудың жетіспеушілігімен байланысты ауруларга жататындар:
- Ақуыз-энергия жетіспеушілігі (квашиоркор, алиментарлык маразм, анемия, кахексия, алиментарлык кортыктык).
- Дәрумендердің жетіспеушілігі -гипо- және адәрумендіктер ( мешел, тауык сокырлыгы, бери-бери, пеллагра, т.б.)
-Минералдық заттардың жетіспеушілігі (эндемиялық жемсау, тісжегі, мешел т.б.)
- Майлардын жетіспеушілігі "май жетіспеушілік" ауруы.
Тамак жетіспеушілігінен пайда болатын аурулар тұрмысы нашархалыктардын арасында, әсіресе, дамып келе жаткан елдерде кеңінен таралған. Олардын негізгі себептері: тамакка жарымау, рационда жануар текті акуыздардын, майлардын жеткіліксіздігі, бірыңғай көмірсу түріндегі тағамдарды басым кабылдау, сондай-ақ, тағамдык заттардын сіну үрдісінің бұзылуы. Бұл жагдайда тамак жетіспеушілігінің клиникалык керіністері бірден пайда болмайды, біраз белгілі бір уакыт өткеннен кейін пайда болады, себебі басында биохимиялык бейімделу механизмі өз кызметін аткарады.
Квашиоркор "емшектен шыгарылған бала" немесе баска түсінікте - "кызыл бала деген мағынада. Ауру ерте балалык кезенде және емшектен шығарғаннан кейін 5 жаска дейін байкалады. Ауруға ұйқышылдық, селкостык немесе козгыштык, осуі мен дамуының баяулауы, салмағынын азаюы, терісі мен шашының түсі өзгеруі, беті, аяғы, шашының ағаруы, ішкі мүшелерінің ісуі, бауырынын улкеюі, анорексия тән. Ауыр жагдайларда акыл-есі ауыткиды, жұкпалы және паразиттік аурулар косылады.
Алиментарлық маразм- атрофия, әбден жүдеу. Дене массасы әбден жудегенге дейін төмендейді, терісі әжімденеді, женіл катпарланады. Іші созылып немесе кеуіп тұрады. Негізгі алмасуы темендейді, дененін температурасы томендеу болады, іш катады, диарея болуы да мүмкін
Тагамда майлар жок немесе жеткіліксіз болган кезде, "май жетіспеушілігі" деп аталатын ауру пайда болады. Бұл ауру дене массасынын азаюымен, өсуі және дамуынын баяулауымен, бауырдын, буйректін, эндокриндік және жүйке жүйелерінін кызметінін бұзылуы, репродуктивті кызметінің нашарлауы, терісінің экзема тәрізді зақымдануы, қолайсыз факторлардың әсеріне ағзаның төзімділігінің томендеуі аркылы білінеді.
Дәрумендердің жетіспеушілігі гипо- және адәрумендіктер пайда болуына әкеп соғады. Бул жагдайда зат алмасуының көп жактары, кейбір мушелер мен жүйелердін кызметі бұзылады. Қырқұлақ, бери-бери, пеллагра деп аталатын, т.б. спецификалық аурулар пайда болады
Минералды заттардың жетіспеушілігі рационда минералды заттарды ағзаға түсіріп отыратын азыктардың болмауы немесе жеткіліксіздігі кезінде байкалуы мумкін. Бұлардан баска тагы да, белгілі бір аудандардын суында, топырағында олардын денгейінің жеткіліксіз болуы салдарынан, бұл заттардын азыктын кұрамында аз болуымен де байланысты болуы мүмкін.
49. Ет және ет өнімдері.
ET - тамактык және биологиялық құндылығы жоғары азык болып табылады. Онын кұрамында кұнды ақуыздар, майлар, В1, В2, В6, PP, В12 дәрумендері, минералды элементтер фосфор, темір, калий, натрий, күкірт, мырыш, мыс, экстрактивті заттар бар.
Тек еттің ақуыздары есебінен құнды ақуыздардын адамга барлык кажеттілігі дерлік камтамасыз етіледі.
Ет тіндері акуыздары - миозин, миоген, актин және глобулин Х-тін - курамында барлык амин кышкылдарының қолайлы жиынтығы бар.
Әр түрлі жануарлардың етінде акуыздардын молшері бірдей емес: кой етінде - 15,6-19,8%, сиыр етінде18,6-20%, жылкы етінде 19.5-20,9 %, шошка етінде 11,7-17%. Сорпалык өнімде (субпродукты) акуыздардын мелшері осыларға жақын -9,5-25,2% аралыкта ауытқиды.
Еттің құрамында баска да азотты косылыстар- карнозин, креатин, ансерин, пурин негіздері, т.б. бар, олар етке және еттін сорпасына дәм және хош иіс береді және ас корыту бездерінің сол бөлінуін жақсартады. Бұл косылыстар азотты экстрактивті заттар деп аталады. Белсенділігі төмендеу, бірак осыган уксас касиеттерге азотсыз экстрактивті заттар — гликоген, глюкоза, сүт кышкылы. Курамында экстрактивті заттары ен көбі шошқа еті, ен азы кой еті. Етті кайнаткан кезде, экстрактивті заттары сорпага етеді, осыган байланысты суга кайнатып пісірген еттін кұрамында экстрактивті заттары аз болады, сондыктан ас корыту мүшелерін қорғауды кажет ететін аурулар (гастрит, панкреатит, асказан жарасы, т.б.) кезінде емдәмге ұсынылады.
Кундылығы жоғары өнім кұс еті. Кұс етінің ақуызы құнды акуызга жатады. Кұс етін емдік және балалар тагамына кеңінен колданылу себебі осы сапаларына және тауық пен күрке тауык етінде майдың молшері аз (5-22%)
Адамнын тамақтануына еттен жасалган өнімдер кенінен қолданылады оларга жататындар: шұжық өнімдері, жартылай дайын өнімдер, консервілер және т.б. Шұжық өнімдерін дәмділік сапасы ұнамды, тәбетті коздырады, ұзак уакыттык аспаздык ендеуд кажет етпейді, акуыздардын, майлардын және минералды заттардын көздері болып табылады.
Ет және ет өнімдері адамда табигаты микробтық және микробтық емес тамактан уланулар, гельминтоздар және жұқпалы аурулар дамуының себебі болуы мумкін. Табиғаты микробтык тамактан уланулардың дамуына малды сою, ет жане ет енімдерін тасымалдау және сақтау ережелерінің дұрыс сақталмауы, сақтау мерзімі бұзылуы әкеп соғады.
50. Балық және балық өнімдері.
Балықтың тамақтық және биологиялық құнылығы өте жоғары. Оның құрамында 13-24 % дейін құнды белоктар, құрамында метионині мен цистині болуына байланысты, балық ақуыздарының липотропты белсенділігі жоғары. Балықта өсіретін факторлар – лизин, триптофан көп, соған байланысты балалардың тағамына қолданылады. Етке қарағанда, балық етінде экстрактивті заттар аз болады, бірақ олардың белсенділігі жоғары және асқорыту бездерінің сөл бөлуін көбейтеді. Осыған байланысты, балық етінің сорпасын асқорыту мүшелерінің аурулары кезінде ұсынылмайды. Балықта, шамамен, еттегі сияқты мөлшерде В1, В2, РР, В6, фоль қышқылы кездеседі. Балықтардың майлы түрлерінде, әсіресе олардың бауырының майында едәуір мөлшерде А және Д дәрумендері бар. Балықтың минералды құрамы етке қарағанда, натрийдың, калийдің, фосфордың мөлшері көбірек болуымен темірдің, мыстың мөлшері аз болуымен ерекшеленеді. Теңіз балығы йод пен селеннің көзі. Олардың мөлшері еттегі мөлшерінен бірнеше есе артық.
Балық және балық өнімдері тез бұзылатын азық болып табылады. Одан басқа балық еттерінің микробтармен ластану қаупі жоғары. Сондықтан, жаңадан ұсталған балық бірден тоңазытылуы тиіс және төмен температура режимі ұстап алғаннан бастап пайдаланғанға дейін барлық кезеңдерде қамтамасыз етілуі тиіс. Тағамға жаңа ауланған, суытылған, мұзданудан кейін жібіген, сондай-ақ тұздалған, ысталған, кептілірген, қақталған, маринадталған балық өнімдерін, балық консервілері мен уылдырықты және басқаларды қолданады. Балықты тұздау, тек консервілеу әдісі ретінде ғана емес, сонымен қатар, оған жақсы дәмдік қасиет беру үшін де қолданылады. Консервідегі балықты ұзақ уақыт сақтауға болады, себебі, оларды банкіге салып жапқаннан кейін стерильдейді. Аспаздық балық өнімдері – пісірілген, қуырылған, сілікпе құйма балықтар, салаттар, паштеттер, және тағы басқалар өте тез бұзылатын өнімдерге жатады. Оларды сақтау мерзімі +2 - +60С температура кезінде 12-48 сағаттан аспауы тиіс. Уылдырық та тез бұзылатын өнімдерге жатады, осыған байланысты оны пастерлейді және минус температура жағдайында 12 айға дейін сақтайды. Уылдырыққа консервант ретінде уротропинді, сорбин және бензой қышқылдарын қолдануға рұқсат етіледі.
Балық және балық өнімдері тез бұзылатын өнім және микробтардың таралуы мен көбеюіне қолайлы орта болғандықтан, сальмонеллалар, листериялар, энтерококтар, ішек таяқшалары, протейлер, алтын түсті стафилакокктар, парагемолитика вибрионы, микроскопиялық саңырауқұлақтар және басқалар сияқты көптүрлі микроағзалар тудыратын тамақтан уланулар мен тағам инфекцияларының себебі болуы мүмкін. Балық және балық өнімдері табиғаты микробты тамақтан уланумен қатар, микробтық емес уланулардың да себебі болуы мүмкін. Өйткені, судағы химиялық заттар (сынап, қорғасын, кадмий, пестицидтер, диоксиндер және басқалар) мен радионуклидтер балықтың тіндерінде жиналады. Кейбір балық түрлерінде (тунец, скумбрия, арқан балық, шабақ) сақтауға қойылатын талаптар мен пайдалану мерзімі сақталмаған жағдайда гистамин жиналады, оның көп мөлшерде болуы скомброидты деп аталатын улануды тудырады.
51. Сүт және сүт өнімдері.
Сүт және сүт өнімдері халықтың, әсіресе, балалардың, егде жастағы адамдар мен аурулардың тамақтануында кеңінен қолданылады, себебі, тамақтың және биологиялық құндылығы жоғары, құрам бөліктері балансталған, қорытылуы және сіңуі жеңіл. Емшек еметін жастағы балалардың тамақтануында, әйел адамның сүтімен тамақтануы алмастырылмайтын болып табылады. Басқа жас санаттарындағы халықтың тамақтануында ең кең қолданылатыны сиыр сүті, сирегірек - ешкі, қой, бие, түйе, және басқалардың сүттері. Олардың құрамында және дәмділік сапасында бірқатар айырмашылықтары бар, бірақ олардың бәрінің де құрамында құнды ақуыздар, майлар, көмірсулар, шамамен 25 минералды заттар, 12 дәрумендер, ферменттер, гормондар, антидене, пигменттер бар. Әйел адамның сүтіндегі ақуыздың мөлшері - 1,25 %, сиырдың және ешкінің сүтінде 3 % жуық. Әйел адамның сүті де альбуминдіге жатады. Баланы тамақтандыру кезінде, әйел сүтін жақсы алмастыратыны альбуминді сүт. Әйел адамның сүтіндегі майдың мөлшері, шамамен 3,5 %, оған сиырдың, ешкінің және түйенің сүтіндегі майдың мөлшері жақын. Сүт майының құрамына 20-ға жуық май қышқылдары кіреді және олардың ішінде басқа төмен молекулалы май қышқылдары (капрон, каприл, каприн және басқалар) бар. Сүттің құрамында бір ғана көмірсу - дисахарид лактоза бар, оның құрамына галактоза және глюкоза кіреді. Лактоза, бәрінен де әйел адамның сүтінде көп - 7,5 %, сүттің басқа түрлерінде оның концентрациясы - 4,5-5,8 %. Сүттің минералдық құрамы макро - және микроэлементтердің кең спектрінде берілген. Сүт және сүт өнімдері жеңіл сіңетін кальций мен фосфордың негізгі көздерінің бірі болып табылады. Сүтте әр түрлі микроэлементтер – темір, йод, кобальт, марганец, мыс, молибден, қалайы, селен, фтор, хром, мырыш және басқалар болады. Сүттің құрамында ағзаға қажетті барлық дәрумендер: В тобындағы, А,С,Д,Е дәрумендері, β-каротин және басқалар бар. Сүт емдәмдік тамақтануда өте құнды тағамдық өнім болып табылады, себебі, ас қорыту бездерінің сөл бөлуін көбейтпейді, жеңіл сіңеді, натрий хлориді аз және құрамында нуклеин қышқылдары жоқ. Сондықтан, оны асқазан және он екі елі ішектің ойық жаралары, секрециялық белсенділігі жоғары гастрит, бүйрек аурулары кезінде және дене қызуы көтеріліп ауырғандарға тағайындайды.
Сүт кәсіпорындарында әр түрлі сүт түрлері шығарылады: майлылық дәрежесі әр түрлі (2,5, 3,2, 6 %) пастерленген, стерильденген, қайнатылған, құрғақ, қойытылған және басқалар. Құрғақ сүтті пастерленген сүттен кептіру жолымен алады, мұның салдарынан оның тамақтық және биологиялық құндылығы біршама төмендейді. Қойытылған сүт, қант қосып консервіленген сүт өнімі болып табылады. Табиғи сүтке қарағанда, майларының мөлшері де 2,5 есе жоғары.
Қаймақ (сливки) сепарациялау кезінде алынған сүттің майға бай (10-35 %) фракциясы, ақуыздың мөлшері, сүттегі сияқты - 2,5-3 %, ал лактозаның, кальцийдің, фосфордың, магнийдің, калийдің, С-дәруменінің мөлшері 1,3-1,5 есе төмен.
Адамның тағамында ашытқан сүт өнімдері маңызды орын алады, оларды пробиотикалық өнімдерге жатқызады.
Ашытылған сүт өнімдерінің тамақтық, биологиялық және емдік қасиеттері жоғары. Ашыған сүт өнімдерінің арқасында ас қорыту бездерінің сөл бөлуі жақсарады, ішектің қимылы қалпына келеді, газ түзілуі азаяды. Бұдан басқа, ашыған сүт өнімдерін ағзасында лактаза жеткіліксіз болуымен байланысты, сүт іше алмайтын адамдардың да ішуіне болады, себебі, бұл тағамдарда сүт қанты аз. ашыған сүт өнімдері айран, биенің сүтінен жасайтын қымыз, түйенің сүтінен дайындайтын шұбат. Қымыз, көп ауруларды емдеуде, әсіресе өкпе туберкулезін емдеуде көптен бері табысты қолданылып келеді. Қымыз және шұбат ағзаны қатайтатын әсер береді, тағамға тәбетті арттырады, ас қорыту үрдісін және тамақтық заттардың сіңуін жақсартады, зат алмасу үрдісін ынталандырады. Тамақтық биологиялық құндылығы үлкен ашыған сүт өнімдеріне ашытылған қаймақ, сүзбе, сырлар жатады. Ашытылған қаймақты пастерленген қаймақты сүт қышқылдық бактериялармен ашыту жолымен алады.
Сүт және сүт өнімдері патогенді және шартты-патогенді микрофлораның дамуы үшін қолайлы орта болып табылады, сүтті алу, тасымалдау, сақтау және сату (өткізу) кезінде гигиеналық талаптар сақталмаса, адамда тағам инфекциялары мен тамақтан уланулардың себебі болуы мүмкін. Сүт арқылы аса қауіпті инфекциялар – сібір жарасы, құтыру, мүйізді ірі қараның обасы, қатерлі ісік, эмфизематозды карбункул және т.б.; ішек инфекциялары – сальмонеллез, жерше, колиэнтериттер, іш сүзегі және т.б.; вирустық - инфекциялық гепатит, полиомиелит және т.б., сондай-ақ антропозооноздық инфекциялар – туберкулез, сарып, аусыл, листериоз және т.б. таралуы мүмкін. Аса қауіпті инфекциялармен ауырған жануарлардың сүті, алдымен 30 минут бойына қайнату арқылы зарарсыздандырғаннан кейін жойылады.
52. Жұмыртқа.
Жұмыртқа құрамында ағзаға жақсы сіңетін негізгі қоректік заттар мен биологиялық белсенді қосылыстардың кешені бар, құндылығы жоғары тағамдық өнімге жатады. Оған қоса, жұмыртқаның негізгі компоненттері – ақ уызы мен сары уызындағы нутриенттердің құрамы мен мөлшері әр түрлі. Сары уызындағы протеиндері, ақ уызындағыға қарағанда 1,5-2 есе көп, В тобындағы дәрумендері бірнеше есеге; мыс, темір, фосфор, мырыш – ондаған есе көп. Сары уызында липидтердің, А,Д,Е, дәруменінің, холиннің барлық қоры жиналған. Жұмыртқа ақуызының құрамына түрлі протеиндер кіреді, олардың амин қышқылдық құрамы қолайлы балансталған және қорытылуы мен сіңімділігі де жоғары.
Жұмыртқа - дәрумендер мен минералды заттардың жақсы көзі болып табылады. Әсіресе, оның құрамында майда еритін А,Д,Е дәрумендері көп. Мысалы, Д дәруменінің тәуліктік қажеттілігін бір жұмыртқамен қанағаттандыруға болады.
Тағамға негізінен, тауық жұмыртқасы және жұмыртқаны өңдеуден алған құрғақ (жұмыртқа ұнтағы, ақ уызы, сары уызы) және сұйық (мұздақ меланж, ақ уызы, сары уызы) өнімдері қолданылады. Үйректің және қаздың жұмыртқаларын, сальмонеллалармен ластану қауіптілігіне байланысты, жоғары температурада өңдеу жеткілікті дәрежеде жүргізілетін наубайханаларда ғана қолданылады.
Сақтауға және пайдалануға қойылатын талаптарды сақтамаған кезде немесе ауру тауықтың жұмыртқасын пайдаланған кезде, жұмыртқа өнімдері тамақтан уланулардың себебі болуы мүмкін, сондай-ақ әр түрлі жұқпалы аурулар – сальмонеллез, туберкулез, орнитоз және басқалар берілетін фактор болуы мүмкін.
53. Дәнді дақылдар
Адамның тағам рационында дәнді дақыл өнімдері 50 % кем емес. Оларға әр түрлі дәнді дақыл өсімдіктерінің дәндерін – бидайды, қара бидайды, арпаны, жүгеріні, күрішті, қарақұмықты, тарыны және басқаларды өңдеу нәтижесінде алынатын өнімдер жатады. Дәнді дақыл дәндерінің сырты қабықшамен жабылған, оның ішінде ұрығы және эндосперм бар. Ең көп масса бөлігі эндоспермнің үлесіне келеді (85 %), оның құрамында дән ақуызының және крахмалдың негізгі бөлігі болады, сондай-ақ орташа мөлшерде майлар, дәрумендер бар. Дән ұрығының массасы үлкен емес (1,5 %), бірақ оның құрамына, биологиялық тұрғыдан құнды ақуыздар, дәрумендер, сондай-ақ құрамында алмастырылмайтын КҚМҚ, фосфолипидтері, фитостиролдары және басқалары бар майлар кіреді. Дәннің массасының шамамен 14 % құрайтын қабықшасында В тобындағы дәрумендер, минералды тұздар көп, майлар мен тағамдық талшықтар шоғырланған.Көпшілік дәнді дақылдардың бүтін дәндерінің құрамында 10-12 % ақ- уыздар, 60-70 % көмірсулар, 2-4 % май бар. Сұлыда (6,2 г% дейін) және жүгеріде (орта есеппен 4,9 г%) майлардың мөлшері көбірек. Барлық дәнді дақылдардың ақуыздарының сапалық құрамында лизин мен треониннің мөлшері аз. Лизиннің аминқышқылдық скоры 48-70 % құрайды. Сонымен қатар, дәнді дақыл өнімдері ағзаға ақуыздың қажеттілігін 40 % дейін қамтамасыз етеді, ал олардың белгілі бір дәрежеде биологиялық құндылығының төмендігі, аралас рационда жануар текті ақуыздарды қабылдаумен өтеліп отырады. Дәнді дақылдардың көмірсуларының негізгі бөлігі (70-90 %) крахмалдан тұрады. Моно- және дисахаридтердің мөлшері, жүгерінің жеке сұрыптарынан басқаларында көп емес (0,8-1,9 %). Оның орнына көмірсуларының 10-12 %, ал сұлыда 21 % тағамдық талшықтардан тұрады. Тағамдық талшықтар ағзада ішектің қозғалу қызметінің қамтамасыз етілуінде, қалыпты микробиоценозының сақталуында, ағзадан уларды шығаруда (детоксикация), неопластикалық үрдістердің алдын алуда және басқаларда маңызды роль атқарады. Дәнді дақылдардың минералдық құрамы әр түрлі. Қажеттілігінің көп бөлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мөлшерде калий, магний, күкірт, фосфор, темір, марганец, мыс, мырыш бар. Дәнді дақылдар В тобындағы дәрумендердің негізгі көздерінің бірі болып табылады, бұдан басқа бүтін дәнінде басқа да дәрумендер: токоферолдар, холин, каротиноидтар болады.
54. Көкөністер, жемістер, жидектер
Бұл топқа жататын өсімдік өнімдері, адамның күнделікті рационынның міндетті түрдегі құрам бөлігі болып табылады, бұл олардың құрамында адамның тіршілік әрекеті үшін қажетті көптеген биологиялық белсенді қосылыстардың болуымен және табиғи балансталғандығымен түсіндіріледі. Көкөністер мен жемістердің калориясы аз, ақуыздары (0,5-2%) және майлары (1% кем) да шамалы, бірақ бірқатар суда еритін дәрумендердің (С,Р дәрумендерінің, фоль қышқылының, В тобындағы дәрумендердің және басқалардың), β-каротиннің, тағамдық талшықтардың, минералды заттардың (калийдің, магнийдің, темірдің және басқалардың), органикалық қышқылдардың (алма, лимон, құмырсқа қышқылдары және басқалардың), эфир майларының және көп жағдайларда жақсы балансталған және жеңіл сіңетін қанттар (фруктоза, глюкоза, сахароза, т.б.) және крахмал түрінде болатын көмірсулардың негізгі көзі болып табылады.Минералдық құрамы мен органикалық қышқылдарының арқасында көкөністер мен жемістердің реакция ортасы сілтілік болады, бұл олардың ағзаның қышқылдық-сілтілік тепе-теңдігін сақтаудағы және ацидоздық өзгерістердің алдын алудағы ролін анықтайды.Көкөністер мен жемістердің аса маңызды қасиетіне, ас қорытатын бездердің қызметін ынталандыратын және асқазан мен ішектің қозғалысын күшейтетін қабілеті жатады. Сөл бөлуін күшті қоздыратындар- органикалық қышқылдар мен эфир майлары. Олар, сондай-ақ көкөністер мен жемістерге өзіне тән дәм және хош иіс береді. Ішектің қозғалысын, оның микробиоценозын және соратын қасиеттерін сақтауда тағам талшықтарының ролі айрықша. Олардың мөлшері көкөністерде 1-2 %, жидектерде 3-5 % шамасында. Тағамдық талшықтарға крахмалдық емес полисахаридтерді (целлюлоза, гемицеллюлоза, пектин заттары, β-гликандар, және гидроколлоидтар – камедилер, шырыштар), полифенолдық қосылыстар лигнинді, олигосахаридтерді (рафиноза, стахиоза, вербаскоза, мальтодекстриндер, лактулоза), қорытылмайтын крахмалды жатқызады. Бұл қосылыстардың көпшілігі, жасуша қабықшасының құрамына кіреді немесе жасушаның ішінде, не оның бетінде (шырыштар, камедилер) болады. Аш ішекте бұл қосылыстардың ыдырауы үшін қажетті ферменттердің болмауына байланысты, олар аш ішекте қорытылмайды, бірақ тоқ ішектің микрофлорасымен жарым-жартылай, ал бірқатар заттар толық ыдырауға түседі. Бұл кезде пайда болатын май қышқылдары (пропион, май, сірке қышқылдары) және газдар (метан, сутегі, CO2) ішектің микрофлораларымен және шырышты қабықшаларымен пайдаға асырылады.Көкөністер мен жемістерде көмірсулардың мөлшері 4-тен 20 % дейін. Олар, негізінен қанттар, крахмал, тағамдық талшықтар түрінде болады. Қанттардың құрамына, көбінесе глюкоза, фруктоза, сахароза кіреді. Көпшлік жемістер мен жидектердегі қанттардың кешені, жақсы сіңуіне мүмкіндік туғызатын және жоғары дәрежеде май түзілуіне кедергі болатын табиғи балансталғандығымен ерекшеленеді.
55. Ұйымдастырылған ұжымдарда тамақтануды ұйымдастыруды мед бақылаудың негізгі бағыттары.
Қоғамдық тамақтандыру орындарынан тамақтану, қазіргі кезде өте кең таралған тамақтану түрі, іс жүзінде әрбір адам қалай да болса, бір күн ішінде әр түрлі қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының кең жүйесі: асханалар, мейрамханалар, кафе, шайханалар, үй асханасы және басқалардың көрсететін қызметін пайдаланады. Мұнан басқа, халықтың едәуір бөлігі ұйымдасқан ұжымда болып тамақтанады, мысалы, кәсіпорындарда жұмыс істейтін адамдар тобында, мектепте оқитын немесе балалар бақшасындағы балалар тобында, ауруханада жатқан аурулар және басқалар. Ұйымдасқан ұжымда тамақтанушылар, тәуліктік рационды толық алуы мүмкін (ауруханаларда, шипажайларда, мектеп интернаттарда, қарттар үйінде, әскери бөлімдерде) жарым-жартылай алуы мүмкін (балалар бақшаларында, мектептерде, кәсіпорындарда және басқаларда). Тамақтанудың құндылығын, сондай-ақ оның гигиеналық және эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тамақтануды ұйымдастыруға және оны бақылауға байланысты.Санитарлық нормалар мен ережелердің орындалуына жүргізілетін сақтық және ағымдағы санитарлық бақылауды санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары іске асырады. Олар қоғамдық тамақтандыру нысандарын жоспарлы немесе кейбір жағдайларда жоспардан тыс тексереді. Тұрақты күнделікті бақылауды ауруханаларда, балалар емханасында, мектептерде, бала бақшаларда, кәсіпорындарда жұмыс істейтін дәрігерлер және ортаңғы медицина қызметкерлері жүргізеді.Тамақпен қамтамасыз етудің ұйымдастырылуына жүргізілетін медициналық бақылаудың негізгі міндеттері:
тағам рационының құндылығы қамтамасыз етілуін бақылау;
тамақтан уланулардың, тағам инфекциялары мен гельминтоздары пайда болуының алдын алу.
Бұл мәселелерді келесі шараларды іске асыру арқылы шешуге болады:
ас блогын ұтымды жоспарлау және орналастыру арқылы;
ас блоктарының санитарлық абаттандырылуын, жабдықталуын, күтіп
ұсталуын күнделікті бақылау;
тағамдық өнімдерді және тағамды дайыындаудың, жеткізіп берудің
сақтаудың, өңдеудің барлық кезеңдерінде санитарлық ережелердің сақталуын бақылау;
тағамды дайындау технологиясын бақылау;
ас блогы қызметшілерінің санитарлық және аспаздық сауаттылығын бақылау;
олардың денсаулық жағдайын және жеке бас гигиенасын сақтауын жүйелі түрде тексеру;
мәзір жіктемесі бойынша, тамақтануды гигиеналық бағалау;
дайын тағам сынамаларын оқтын-оқтын зертханалық талдау арқылы.
56. Емдік тамақтану
Ауруханаларда емдік тағаммен (емдәммен) тамкақтандыру ұйымдастырылады, оның мақсаты- жеке тағамдық азықтардың белгілі бір түрлерінен және олардың бір-біріне қосылған түрлерінен жасалған әр түрлі тағам рациондарын дифференциалдап қолдану арқылы емдік эффектісіне қол жеткізу болып табылады.Емдәммен тамақтандырудың негізгі қағидаларының біріне жататындары:
тағам, ауру ағза қоятын талабына және мүмкіншіліктеріне сай келуі (яғни емдәм рационы, тағамдағы кейбір нутриенттердің мөлшерін азайту немесе көбейту қажеттілігіне байланысты балансталмаған болуы мүмкін);
жағымсыз әсерлерден максималды қорғау (аурудың жіті кезеңінде зақымданған мүшені немесе жүйені механикалық, химиялық, термиялық әсерлерінен);
ауру басылғаннан кейін жаттықтыру, тағам жүктемесін азайту, әдістерін, бұрынғы жағдайына қарама қарсы жағдай жасайтын күндер қолдану арқылы ағзаның бейімделушілік мүмкіншіліктерін арттыру (бұрын қабылдамаған заттарды 1-2 күн рационына енгізу, мысалы, тұзды, қантты т.б. – «иректер жүйесін»);
мүшелер мен жүйелердің өз қызметін атқару жағдайына сәйкес, тамақтану режимін өзгерту (мысалы, гипогликемия кезінде тағам қабылдаулар арасындағы уақытты қысқарту, семіру кезінде калориясы төмен азықтарды жиі қабылдау және басқалар).
Профессор М.И. Певзнер ұсынған емдік емдәмдер (столдар) жүйесі тәжірибеде өзін жақсы жағынан көрсетті. Оған 15 стол (емдәм түрі) және олардың өзгертілген түрлері кіреді. Емдәмнің мәзірін құрастырумен дәрігер- емдәм тану маманы немесе емдәм медбикесі айналысады. Мәзір, азықтардың, тағамдар картотекасының ұсынылған орташа тәуліктік жиынтығы және тағамтану институттары дайындаған, шамамен алынған 7-күндік мәзір негізінде 7 күнге құрастырылады. Егер, азықтардың жиынтығында кейбір азық түрлері жоқ болса, онда оны, бекітілген азықтарды өзара алмастыру нормаларына сәйкес басқаларымен ауыстырады. Соңғы жылдарда стандартты емдәмдердің жаңа номенклатурасы енгізілген, онда бұрынғы М.И. Певзнер бойынша қолданылып келген емдәмдерді емдәмнің 5 түріне біріктірген. Ауруханаларда бақылауды дені сау адамдардың тамақтануын ұйымдастыру кезіндегі сияқты, тағамның физиологиялық құндылығына жүргізбейді, бақылауды тағамның ауру ағзаның қоятын талабына және мүмкіншілігіне сәйкес келуіне жүргізеді, басқа сөзбен айтқанда, емдәммен емдеуге бақылау жүргізеді. Аурулардың алатын емдік рациондарының осы емдәмдердің ұсынылған сипаттамасына сәйкес келуін тексереді. Осы мақсатта дәрігер мәзір-жіктемесі бойынша, рационның құрамына кіретін азықтардың жиынтығы мен тағамдарды, энергиялық құндылығын, химиялық құрамын бағалайды, тамақ дайындау технологиясын қадағалайды.
57. Емдік алдын алу тамақтану
Емдеу-алдын алу жөніндегі тамақтануды қолайсыз өндіріс жағдайында жұмыс істейтіндерге қолданылады. Оның мақсаты, ағзаның тосқауылдық қызметін жоғарылату, улардың метаболизмін және олардың ағзадан шығуын жылдамдату, биологиялық белсенді заттардың жоғары дәрежеде болатын шығынын өтеу, ағзаның жалпы резистенттілігін арттыру және зиянды факторлардың әсеріне көп ұшырайтын мүшелер мен жүйелердің функционалдық жағдайын жақсарту арқылы алиментарлық жолмен кәсіби патологияның алдын алу. Емдеу-алдын алу жөніндегі тамақтануда 8 рацион қолданылады. Рацион 1- белсенді заттармен және иондағыш сәулелену көздерімен байланыста болатын жұмыс істеушілерге арналған. Оның құрамына ағзаны сәуле жүктемелерінен қорғауда қамтамасыз ететін және бауырдың антитоксикалық қызметін жақсартатын антиоксиданттар, липотропты заттар кіреді. Рацион 2 - өндірісте бейорганикалық қышқылдармен, металдармен, хлордың және фтордың қосылыстарымен, фосфорорганикалық және цианды қосылыстармен байланыста болатын жұмысшыларға арналған. Оның құрамына қосымша А-дәрумені және С-дәрумені енгізілген. Рацион 2а - хром және құрамында хромы бар қосылыстар өндірісінде жұмыс істейтін жұмысшыларға арналған. Оның міндеті – ағзаның сенсибилизациялануын төмендету, ол үшін рационның құрамына қосымша С, А, РР дәрумендері, S – метилметионин, минералды су енгізілген, жас көкөністер мен жемістердің ассортименті (түрлері) көбейтілген. Рацион 3- өндірісте қорғасынның бейорганикалық және органикалық қосылыстармен байланыста болатын жұмысшыларға арналған. Рацион аскорбин қышқылымен, дәрумендері мен тағамдық талшықтарының сақталуы үшін жоғары температурада өңделмеген жас көкөністермен және жемістермен байытылған. Сүт, кефирмен және ашытылған сүт өнімдерімен алмастырылады. Рацион 4- жоғары қысым жағдайында бензол, фенол, хлорланған көмірсутектер, азобояғыштар, мышьяк, сынап өндірісінде жұмыс істейтіндерге арналған. Бауырды және қан түзуші мүшелерді қорғауға бағытталған, соған байланысты құрамында майы аз, бірақ липотропты заттармен және С, В дәрумендерімен байытылған. Рацион 4а- фосфор қышқылымен, сары фосформен, фосфор ангидридімен байланыста болатын адамдарға арналған. Оның құрамына едәуір мөлшерде көкөністер және жануар текті ақуыздар кіреді, бірақ майлардың мөлшері максималды азайтылған, ал сүт, фосфор қосылыстарының ас қорыту жолдарынан сіңуін азайту мақсатында кефирге алмастырылған. Рацион 4б- анилин, толуидин туындыларымен динитрохлорбензолмен және динитротолуолмен жұмыс істейтіндерге қолданады. Мақсаты, ағзаның детоксикациялаушы мүмкіншілігін арттыру, ол үшін рационда өсімдік текті құрам бөліктерінің мөлшерін көбейтеді және рационды С, В1, В2, В6, РР, Е, дәрумендерімен, сондай-ақ глютамин қышқылымен байытады. Рацион 5- көмірсутектермен, этиленгликолмен, фосфорорганикалық пестицидтермен, поимерлік материалдармен, марганецпен өндіріс жағдайында байланысы бар жұмыс істеушілерге қолданады. Оның әсері жүйке жүйесін, бауырды қорғауға бағытталған, бұған лецитині және КҚМҚ көп азықтарды енгізу және қосымша В1 және С дәрумендерін қосу арқылы қол жеткізуге болады. Емдеу-алдын алу жөніндегі тамақтану, жұмысшылар іс жүзінде жұмыс істеген күндері медицина қызметкерлерінің бақылауымен кәсіпорынның асханасында ыстық таңертеңгі ас немесе түскі ас түрінде тегін беріледі. Емдеу-алдын алу жөніндегі тамақтанудың өз алдына жеке түрлері ретінде сүт, ашытылған сүт өнімдері және дәрумен препараттарын беру қолданылады.
58. Тағам өнімдерін аспаздық өңдеуге қойылатын талаптар
Азықтарды аспаздық өңдеу 2 кезеңді қамтиды: шикізаттарды біріншілік суық өңдеуді және жоғары температурада өңдеуді. Суық өңдеу кезінде жібіту (еріту), жуу, тазалау, майдалау және басқалар жүргізеді. Етті, балықты, құс етін дұрыс жібіту (дефростация), микробтардың өсіп-өнуінің алдын алуға, азықтың сапасын төмендетпеуге мүмкіндік береді. Етті 3-5тәулік бойына температурасы 0-ден +6С дейінгі арнайы тоңазытқыш камерада немесе ет цехындағы өндірістік столдың үстінде +18С жағдайында 12-24 сағат ішінде ерітеді. Баяу жібіту қолайлырақ келеді, себебі, мұндай жағдайда ет біркелкі жылиды, ет сөлінің шығыны минималды, микроорганизмдердің өсу қабілеті төмен. Етті жібіткеннен кейін, ағып тұрған сумен жуады, бұл оның микробтармен ластануын 90-95%-ға төмендетеді. Етті микротолқынды пештерде де жібітуге болады. Етті суда немесе ас пісіретін пештің жанында жібітуге және қайта мұздатуға тыйым салынады. Құс етін де ауада жібітіп, ағып тұрған сумен жуады. Балық және одан жасалған өнімдер ылғалдылығы жоғары болуына тығыз дәнекер тіндерінің болмауына, ішегі ірі тамырларға жақын болуына байланысты етке қарағанда, тезірек бұзылады. Сондықтан, балықты тезірек жібіту керек, ауада жібіткен кезде 10 сағат ішінде, суық суда жібіткен кезде 4 сағаттан артық емес уақытта. Минералды заттардың жоғалуын азайту және микроағзалардың өсіп-өнуінің алдын алу үшін, суға тұз қосады (1л. суға 7-10 г).Айрықша көңіл аударуды қажет ететін суық өңдеу үрдістерінің бірі, шапқан еттен ет жентегін (фарш) және жартылай дайын өнімдер даярлау. Етті майдалау ет талшықтары бүтіндігінің бұзылуына және бүкіл жентек көлемінде микроағзалардың таралуына әкеп соғады, ал ет сөлі болса, микробтардың өсіп-өнуі үшін жақсы орта. Еттен жасалған жартылай дайын өнімдерде микробтардың өсіп –өнуі, өнімді аунатып алатын ұнмен немесе басқа затпен және толтырушы затпен бірге өнімге микроорганиздер енуі нәтижесінде де артуы мүмкін. Сондықтан, ет жентегін және жартылай дайын өнімдер даярлау кезінде, қолды мұқият жуып, пайдаланатын заттар мен ыдысты мұқият өңдеп, осы мақсатқа арнайы арналған жұмыс орнында істеу керек, жасалған жентек пен жартылай дйын өнімдерді тез жоғары температурада өңдеуге жіберу керек.
59. Асхана және ас үй ыдыстарын жуу және дезинфекциялау.
Асхана ыдыстарын ыдыс жуатын машиналарда жуады. Олар жоқ кезде, қолмен жууға рұқсат етіледі. Асхана ыдыстары үш секциялы ваннада жуылады, шыны ыдыстар, асхана аспаптары, ас үй ыдыстары екі секциялы ваннада. Асхана ыдыстарын тағам қалдықтарынан тазалағаннан кейін, жуғыш заттар қосып, бірінші секцияда жуады, сонан соң суының температурасы 40°С төмен емес және бірінші секциядағы суға қосылған мөлшерінен екі есе кем мөлшерде жуғыш зат косып, екінші секцияда жуады. Ыдыстарды метал торға орналастырған үшінші секцияда температурасы 65°С төмен емес ағып тұрған ыстық сумен шаяды. Ыдыстарды торларда, сәкілерде, сөрелерде кептіреді. Жуғыш зат ретінде синтетикалық жуғыш заттарды, кальцийленген соданы, натрий метасиликатын және басқаларды қолданады.
Ас үй ыдыстарын тағам қалдықтарынан тазаланғаннан кейін, ваннанын бірінші секциясында, температурасы 40°С төмен емес суға жуғыш зат косып, щеткамен жуады, екінші секциясында - температурасы 65°С төмен емес, ағып тұрған ыстық сумен шаяды. Асхана ыдыстары сияқты етіп сөрелерде кептіреді. Асхана аспаптарын (керек-жарақтарын), шыны ыдыстарды ас үй ыдыстары сияқты етіп жуады. Асхана аспаптарын құрғақ ыстық шығаратын шкафта 10 минут бойына аптап алады. Жұмыс күнінің соңында хлорамин, сульфохлорантин, дезоксон, т.б. сияқты қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялаушы заттармен барлык ыдыстарды және керек-жарақтарды дезинфекциялайды.
60. Асхана қызметкердің денсаулығы және жеке бас гигиенасы.
Тағам инфекциялардың, аурулардың, тамақтан уланулардың алдын алу, ас блогында тиісті санитарлық режим жасау, тағамның тағамдық және биологиялық құндылығының сақталуын қамтамасыз ету көбінде ас блогы қызметкерлерінің денсаулық жағдайына, жеке бас гигиенасының ережелерін сақтауына, санитарлық сауаттылығына және кәсіп түріне қаншалықты мамандандығына байланысты. Ас блогында жұмыс істейтін адамдар әртүрлі жұқпалы, паразиттік ауруларды және тамақтан уланулар тудыратын қоздырғыштарының көзі болуы мүмкін. Сондықтан жұмысқа орналасуға өтініш берген кезде әрбір жұмысқа үміткер жалпы тәжірибелік дәрігердің, гинекологтың, дерматологтың қарауын, кеуде торы мүшелерінің рентгенографиясынан (флюорографиясынан), мерезге, созға, жүре пайда болған иммундық тапшылығы синдромына , зертханалық зерттеулерден, гельминтоздармен және ішек тобы инфекциясын тасымалдаушылыққа жүргізілетін зертханалық зерттеулерді қамтитын,медициналық тексерулерден өтуі тиіс.
Күн сайын жұмыс ауысымы басталар алдында медициналық қызметкерлер персоналды қарайды. Терісінде іріңді аурулары, іріңдеген жаралары, күйіктері бар, суық тиіп ауырған, жоғарғы тыныс жолдарының ауруларымен ауырған және жұқпалы ауруларға күдікті адамдарды жұмыс істеуге жібермейді. Қарау нәтижелерін журналға тіркейді.
Ас блогы кызметкерлерінің санитарлық сауаттылығы–қауіпсіз тамақтануды ұйымдастырудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Ас блогының қызметкерлері екі жылда бір рет гигиеналық оқу өтіп, санитарлык минимум жөнінде сынақ тапсыруға міндетті. Санитарлық минимум тапсырғаны туралы мәліметтері жеке медициналық кітапшасында белгіленеді.
61. Микробты этиологиялы тағамнан уланулар.
Микроб текті тамақтан улануларға, микроағзалар өте көп тұқымданып кеткен немесе құрамында микроб текті улары бар тағамды қабылдау кезінде пайда болатын жедел (жіті) асқазан-ішек аурулары жатады.
Микроб текті тамақтан улануларға мыналар тән:
•микроағзалармен ластанған тағамды қабылдаған адамдардың үлкен тобында аурудың бір мезгілде пайда болуы;
•аурудын алиментарлық жолмен берілуі және жанаспалы жолмен жұқпалы еместігі (тағам инфекциясынан айырмашылығы);
•жасырын (инкубациялық) кезеңі қысқа, бірнеше сағат ішінде болуы.
Микроб текті тамақтан уланулар, даму механизмі бойынша 3 топқа бөлінеді: токсикоинфекцияларға, токсикоздарға, этиологиясы аралас (миксттер)
Тағам токсикоинфекцияларының даму механизмінде негізгі роль, тірі микроағзаларға және олардың жансыздануы кезінде бөлінетін эндотоксиндерге беріледі. Ағзаға түскен кезде, микроағзалардың едәуір бөлігі асқазан ішек - жолдарында және мезентериалдық лимфа бездерінде жансызданады, басқа өмір сүру қабілеті жоғарырақ бөлігі қанның ағысымен ретикулоэндотелиалдык жүйенің мүшелеріне жетіп сол жерде жансызданады. Сөйтіп, тағам токсикоинфекциялары кезінде бактериемия байқалады, оған ағзаның жауабы ретінде спецификалық антиденелер синтезделеді, бұл, тамақтан улану диагнозын қою үшін өте маңызды.
Тағамда микробтардың көп мөлшерде тұқымданып кетуі - 1г (мл)-де 103- нен артык микроб жасушаларының болуы және әр түрлі аурулардың, тамақтануының бұзылуы, интоксикация себептерінен ағзаның қарсылык күшінің төмендеуі тағам токсикоинфекцияларының дамуы үшін күмән - келтірмейтін жағдай.Тамақтан улануды ең жиі тудыратындар–шартты түрде патогенді микроағзалар , олар қоршаған ортада кеңінен таралған - және көбінде адам мен жануарлардың асқазан-ішек жолдарында мекендейді. Оларға жататындар- ішек таяқшасының энтеропатогенді штамдары, энтерококктар (нәжіс стрептококктары), протейлер, т.б. Азықтар тағамдарды микробтармен ластайтын негізгі көздері -адамдар мен жануарлар.
62. Микробты емес этиологиялы тағамнан уланулар.
Бұл улануларды улы касиеттері бар, белгілі бір жағдайларда улылық қасиет пайда болатын азықтар және әр түрлі химиялық қоспалар тудырады. Өзінің табиғатынан улы азықтардың тобына улы саңырауқұлақтардан, кейбір жабайы және қолдан өсетін өсімдіктерден, балықтар мен жануарлардың жеке түрлерінің тіндері мен мүшелерінен уланулар жатады.
Саңырауқұлақтан уланулардың ең қауіптісіне боз уқұлақтан,тілікқұлақтан, шыбынжұттан уланулар жатады. қауіптісіне, боз уқұлақтан,
Боз уқұлақ -ең улы саңырауқұлақтардың қатарына жатады. Одан уланулар 50-90% жағдайда өліммен аяқталады. Уланудың себебі, боз уқұлақтың қозықұйрыққа (шампиньон) және сазқатпаның кейбір түрлеріне ұқсастығында. Олардан боз уқұлақтың айырмашылығы, сабағының (ножки) асты түйнек тәрізді жуан және ақ жағасы болады. Боз уқұлақтың әсері. құрамында улылығы жоғары, ас қорытатын ферменттердің әсеріне тұрақты және жоғары температура әсерінен кейін өзінің белсенділігін сақтап қалатын а-, B-, 7- аманитиндер мен фаллоидин болуына байланысты. Саңырауқұлақты қабылдағаннан 10-12 сағат өткеннен соң, іші қатты ауырады, толассыз құсу, тырысқақ ауруындағы сияқты іш өтуі пайда болады, содан соң ағзанын сусыздану белгілері, дененің сарғаюы, анурия косылып, одан әрі үдей түседі. Aypy 2-3 күннен кейін, сирегірек 9-10 күндері өледі.
63. Этиологиясы анықталмаған тағамнан уланулар.
Уланудың бұл тобына алиментарлық уланудан пайда болатын пароксизмалды миоглобинурия ауруы кіреді. , жіті бұлшық еттердің ауыратын ұстамасымен және
Ол ет талшықтарының некрозы салдарынан пайда болатын жіті бұлшық еттердің ауыратын ұстамасымен және зәрмен бірге миоглобиннің бөлінуімен сипатталады.
Өзінің басқа аттарын — гафф, юкса, сартланд аурулары деп аталуы, аурудың кездескен жерлері бойынша айтылған. Аурудың пайда болу себебін, улылық қасиет пайда болған балықты тағамға колдануменен байланысты деп санайды.
64. Тері гигиенасы.
Тері гигиенасы. Тері көптеген қызмет атқарады. Оның бірі - қорғаныш қызметі. Зақымдалмаған тері белгілі бір дәрежеде ағзаны көптеген химиялық ластаушы заттардан, микроағзалардан, ыстық пен суықтан, ультракүлгін сәулелердің радиациясынан және басқа да физикалық факторлардан, механикалық зақымдалулардан қорғайды. Қорғаныш функциясының іске асуы барысында, эпителийдің табақшалы құрылымының, суда ерімейтін және ферменттердің әсеріне тұрақты сыртқы мүйізді қабаттың, тер және май бездерінен бөлінетін заттар мен терінің рН ортасы маңызды рөл атқарады. Терінің, қолтық асты, маңдай, мұрын-ерін тері қабаты және мойыннан басқа, көп бөліктерінде, бөлінген тердің реакциясы өте қышқыл болып, оның бактерияларға қарсы әсерін қамтамасыз етеді. Май бездерінен бөлінетін тері майы да, бактерицидтік қасиетке ие болып, қорғаныш қызмет атқарады. Терінің жоғары иілгіш қасиеті және серпінді тері астылық май қабатының болуы түрлі механикалық әсерлерді төмендетеді. Терінің коллагенді, серпімді және аргирофильді талшықтары, сонымен қатар тығыз мүйізді қабаты, оның беріктік қасиетін қамтамасыз етеді. Терінің үнемі физиологиялық жаңарып отыруы тері беттерінің ағза үшін зиянды заттар мен микроағзалардан тазарып отыруына ықпал етеді, ал меланин пигментінің болуы ультракүлгін сәулелерінің зиянды әсерін азайтады. Тері, ағзаның жылу беру үрдістеріне қатыса отырып, жылу реттегіш құралдардың бірі болып табылады. Тері арқылы жылу беру жолдарының ішінде тер бөлінуінің маңызы ерекше болып табылады. Ауаның температурасы жоғары болған кезде, тер бөлінуі, ағзаның қызып кетуіне мүмкіндік бермей, 10-12 есе өсуі мүмкін. Терінің маңызды қызметі - заттарды ағзадан сыртқа шығару болып табылады. Тер және май бездерінің сөлімен бірге зат алмасудың соңғы өнімдері және ағзаға түскен көптеген ксенобиотиктер бөлініп шығарылады. Бүйректің шығару
қызметі бұзылған кезде, тер бездері арқылы азотты шлактардың едәуір бөлігі шығарылады.
Теріде, ағзаға әсер ететін факторлар жөнінде мәліметтерді орталық жүйке
жүйесінің қабылдауын жүзеге асыратын, өте көп рецепторлар – жылулық, суықтық, тактильді, ауыру, т.б. жинақталған. Тері қоршаған ортамен ағзаның газ алмасу қызметіне қатысады. Терінің тыныс алу қызметінің нәтижесінде, ол тәулік бойына көмірқышқылының 7-9 г шығарып, оттегінің 3-4 г сіңіреді, бұл
ағзаның барлық газ алмасуының 2% құрайды. Терінің беткі қабаттарында Д
дәруменінің синтезі жүреді. Осы барлық алуан түрлі қызметтердің іске асуы, едәуір дәрежеде терінің тазалығына байланысты. Терінің күтімі нашар болғанда, теріде шаңның бөлшектері, кір, микроағзалар, тер және май бездерінен бөлінетін зат алмасу
өнімдері жинақталады, нәтижесінде осы бездердің шығару түтіктері бітеледі,
терінің тыныс алу және заттарды шығару қызметтері бұзылады,
бактерицидтілігі күрт төмендейді.
Теріден сыртқа шығарылған органикалық заттар жағымсыз иісті, ұшқыш қосылыстар түзе отырып, ыдырайды. Бактериялар, вирустар, микроскопиялық саңырауқұлақтар, дамуына қолайлы жағдай тауып, өсіп-өне бастайды, бұл дерматиттердің, іріңді, саңырауқұлақтар тудыратын және басқа да тері ауруларының дамуына әкеп соғады. Қол терісі және артқы өтіс аймағы мен шат аймағының терісі микроағзалармен ең көп ластанады. Тағам өнімдерінің,
ыдыстың және басқа да тұрмыстық керек-жарақтарының бактерияларымен
және гельминт жұмыртқыларымен негізгі ластаушы көзі жиі қол болып
табылады.
65. Ауыз қуысының гигиенасы.
Адамның ауыз қуысы жеке гигиенасының негізгі мақсаты, тіс пен ауыздың шырышты қабығын жұмсақ қақтарынан және ас қалдықтарынан тазарту жолмен, сол сияқты, ауыз қуысын үнемі таза ұстау арқылы, стоматологиялық аурулардың және ағзаның ішкі мүшелерінің әр түрлі ауруларының дамуын және күшеюін алдын алу болып табылады. Жеке адамның ауыз қуысының гигиенасы ауыз қуысының тиісті иммунологиялық статусын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, соған байланысты, мүшелер мен жүйелердің жедел және созылмалы ауруларын, сондай-ақ, кариесті және парадонттағы қабыну үрдістерді тудыратын, әр түрлі микроағзалардың ауыз қуысы арқылы ағзаға түсуіне қарсы тұратын қуатты барьер туындайды.Қорғаныш қызметі сілекей мен ауыз қуысы сұйықтығының тиісті құрамының, қасиеттері мен қызметтерінің сақталып тұру есебінен жүзеге асырылады; бұл олардың құрамында микробтарға қарсы әсер ететін заттардың - лизоцим, лактоферрин, ферменттер және иммуноглобулиндердің болуына байланысты. Ауыз қуысындағы қолайсыз гигиеналық жағдайлар патогенді микрофлораның қарқынды дамуына қолайлы орта болып табылады. Қышқылдың артық түзілуі ортаның рН деңгейінің қышқыл жаққа ауытқуына әкеледі, нәтижесінде, тістердің қатты тіндерінің минералсыздану үрдістері күшейеді, тіс тасының түзілуі мен таралуы белсенді жүреді, бұл урдістерге пародонттың микробтық ластануы, тіс пен қызыл иектің арасында қалталардың түзілуі, грануляциялардың өсуі, қабыну үрдістерінің пайда болуы, қызыл иектің қанағыштығы, тіс аралығындағы және тіс түбірлері аралығындағы қалқалардың бұзылуы тән.
Ауыз қуысының гигиеналық күтімін жүзеге асыру үшін көптеген құралдар қолданылады. Қазіргі кездегі технологиялар, бұрын пайдаланған құралдарға қарағанда, жаңа, анағұрлым тиімді ауыз қуысының гигиеналық күтіміне арналған құралдар дайындауға мүмкіндік берді. Ауыз қуысы гигиенасының негізгі құралдарына мануальды тіс щеткалары, тіс пасталары, сұйық заттар, тіс ұнтағы, сағыздар, ауыз қуысының жеке тіс аралығының гигиена құралдары, тісті ағартатын заттар, электрлік тіс щеткалары жатады. Тіс щеткаларында ерте кезден табиғи шошқа немесе жылқы қылтаны пайдаланылған. Синтеталық талшықтың кең таралуы табиғи қылтаны қолданыстан ысырып шығарды және физиология мен тазарту қабілеттерін есепке ала отырып жасалатын, тіс щеткаларының шығарылуына үлкен мүмкіншілік берді. Қазіргі кездегі барлық тіс щеткалары гигиеналық, профилактикалық (парадонтологиялық) және арнайы болып бөлінеді. Гигиеналық тіс щеткалары тісті әдеттегідей күнделікті тазарту үшін қолданылады, олардың түрлері тік және бұрылатын, ал тазартқыш қылы - бір деңгейлі болады. Профилактикалық тіс щеткалары ретромолярлық аймақ сияқты қиын тазартылатын жерлерді тіс қақтарынан және ас қалдықтарынан тиімді тазартуға мүмкіндік береді. Оларға, қылы көп деңгейлі, қылында күш салатын шығыңқысы бар, қылының ортасы тереңдетілген (қылдың биігірек шоқтары тіспен қызыл иек аралығына оңайырақ еніп,оны жақсы тазартады) қылдарында микротекстурасы бар (жұмыс атқаратын қылдың ұшы ғана емес, оның бүйір беттері де болып табылады) щеткалар жатады.Арнайы щеткалар ортодонтияда пайдалануға арналған. Күнделікті тұрмыста профилактикалық тіс щеткаларын пайдалану ең қолайлы болып табылады. Дегенмен, үлкен адамдарға арналған тіс щеткаларын балалар мен жасөспірімдерге пайдалануға болмайды, себебі бұл щеткалардың өлшемі үлкен болады және олардың қатты қылдары ауыз қуысының нәзік тіндерін жаралайды. Сондықтан, балалар және жасөспірімдер үшін жеке тіс щеткалары шығарылады. Қызыл иектердің қабынуы кезінде, алдымен жұмсақтау қылды щетканы пайдалану керек, кейін, қызыл иектің жағдайы жақсарғанда, жұмсақ тіс щеткасын қаттырақ түріне алмастырады. Балаларға қатты щеткалар жарамсыз болып табылады. Тіс, қызыл иек, тіс аралығын, тілді ас қалдықтарынан, тістің жұмсақ қақтарынан, шырыштан тазарту, тас дақтарын кетіру және микробтардың көбеюіне бөгет жасау үшін, әр түрлі құралдар қолданылады, бірақ олардың ішінде ең кең таралғаны - тіс пасталары. Қазіргі пасталардың құрамына, олардың 20-40% құрайтын, түрпілі (абразивті) әсері бар заттар (бор, натрий бикарбонаты, натрий хлориді, алюминийдің гидрооксиді және т.б.), сонымен бірге, әр түрлі байланыстыратын, көпіршік түзетін, микробқа қарсы түратын, дәмдеуіштер, емдік – алдын алу қасиеті бар қоспалар, ферменттер, дәрумендер, беттік-белсенді заттар және т.б. кіреді. Түрпілі заттар тісті тазарту үшін қолданылады, бірақ оларды пайдаланғанда, тіс беті тек ысылып жылтыратылып қана коймай, жұқарады және қызыл иектің эпидермисі де бұзылады. Абразивтің әсері оның пастадағы түріне байланысты. Абразивтің ірілеу түрлерінің ауыз қуысы тіндерін зақымдауға қабілеті жоғары болып келеді. Smokers пастасының құрамына агрессивтілігі жоғары абразив, ал Sensitive пастасына - өте жұмсақ абразив кіреді. Мысалы, құрамында жұмсақ абразивтер - кальций карбонаты мен кремний тотығы болуына байланысты, фторланған фин тіс пастасы - «Финндент» тістерді жақсы тазартады, ал фторланған «Глистер» (АҚШ) тіс пастасы, құрамына қатты абразив - алюминий силикаты кіретіндіктен, агрессивтілігі жоғары паста болып табылады. Үлкен адамдар үшін жасалатын тыс пасталарының көбінде агрессивтілігі орташа абразивтер, ал балалар үшін, олардың тіс эмалі жетілу кезеңінде болғандықтан – тек аз агрессивті абразивтер қолданылады. Сол себептен үлкен адамдарғае арналған тіс пастасын балаларға пайдалануға болмайды. Соңғы кездері сыртқы ортаның тітіркендіргіштеріне тістің сезімталдылығын төмендететін Sensitive тіс пасталары шығарылуда. Пастадардың аллергиялық, жергілікті-тітіркендіргіш және уытты әсері болмауы керек, сонымен қатар, олар микроағзалармен ластанбаған болуы қажет. Тіс пасталарын гигиеналық және емдеу-профилактикалық деп бөледі. Гигиеналығы тісті тіс қақтарынан тазартады және ауыз қуысына жағымды иіс береді. Емдеу-профилактикалық тіс пасталарының құрамында, тіс жегісіне, қабынуға қарсы, сезімталдылығын төмендететін, саңырауқұлаққа, микробқа қарсы және басқа да әсерлерін қамтамасыз ететін,әртүрлі қоспалары болады.Емдеу-профилактикалық тіс пасталарының арасында жеке адам (тұрмыстық)пайдаланатын да және кәсіби мақсатта пайдаланылатын тіс пасталары болады. Кәсіби мақсатта пайдаланылатын тіс пасталарын тек дәрігердің нұсқауымен пайдалану қажет, себебі әр түрлі жағымсыз салдары болуы мүмкін. Мысалы, абразивті қасиеттері жоғары тіс пасталарын немесе тісті ағартатын
Smokers тіс пасталарын пайдаланғанда, тіс эмалінің күрт жұқаруына және тістің жоғарғы сезімталдылығы дамуына әкеп соғуы мүмкін. Жеке адамның ауыз қуысы гигиенасына арналған емдеу-профилактикалық тіс пасталары, гигиеналық тіс пасталарына қарағанда, жақсырырақ және тиімді болып саналады. Алайда, тіс пастасының бір түрін ұзақ уақыт пайдалануға болмайды, оларды ай сайын ауыстырып отыру қажет.
66. Киім гигиенасы.
Киім әр түрлі қызметтерді атқарады. Ол адамды сыртқы ортаның қолайсыз факторларынан қорғайды, қолайлы жылылық жағдай қамтамасыз етеді, теріні ластанудан, механикалық зақымдалудан қорғайды. Пайдаланылуына қарай киімнің бірнеше түрлері болады: тұрмыстық, кәсіптік, спорт, балалар, әскери, ауруханалық киімдер. Киімдердің әрбір түріне өзіндік гигиеналық талаптар қойылады, бірақ олар үшін келесі гигиеналық талаптар жалпы болып табылады:
1. Жергілікті жердің белгілі климаты, ауа райы және жыл мезгілі жағдайында қолданылатын киімдердің осы жағдайларда ағзаның қолайлы жылулық жағдайын қамтамасыз ететін жылу сақтайтын қасиеті болу керек.
2. Киімнің ауа өткізгіштігі мен су өткізгіштігі адам жүрген орта жағдайыларына байланысты болуы керек.
3. Киімнің пішімі адамның еркін қимылдауын шектемеуі, тыныс алу мен қан айналымын қиындатпауы, дененің жеке бөліктерін қыспауы керек.
4. Ағзаға қосымша дене жүктемесін түсірмеу үшін, киім шектен тыс ауыр болмауы керек, оның салмағы адамның дене массасының 8-10% аспауы керек.
5. Синтетикалық материалдардан тігілген киім спецификалық иіс шығармайтын, денсаулыққа зиянды химиялық заттар бөлмейтін, сол сияқты, киімнің бетіне статикалық электрлікті жинамайтын болуы тиіс.
6.Киім берік және оңай тазартылатын болуы керек. Қоршаған ортаның жағдайларына сәйкес киімнің қолайлылығы киім астылық микроклимат пен адамның жылу сезінуі көрсеткіштері бойынша анықталады. Киім астлық микроклимат деп, киім мен тері арасындағы ауа қабатының физико-химиялық сипаттамаларының (температура, ылғалдылығы, көмірқышқыл газының концентрациясы) жиынтығын атайды. Олардың шамасы мен динамикасы ағзаның жылу реттейтін үрдістерімен, метеожағдайлармен және киімнің қасиеттерімен анықталады. Киімнің қасиеттері, негізінен киімнің пішімі мен киім тігуге қолданылған матаның қасиеттерімен анықталады. Киімді тігуге табиғи және химиялық талшықтардан жасалған маталар пайдаланылады. Табиғи талшықтардан жасалған мата бұрыннан қолданысқа ие, адамға гигиеналық жағынан қолайлы қасиеттері болғандықтан, басқа маталарға қарағанда, әлі күнге дейін артықшылығын сақтайды. Оларға өсімдік текті (мақта, зығыр, пенька, джут және т.б.) және жануар текті талшықтардан (жібек, жүн) жасалған маталар жатады. Химиялық талшықтарды жасанды және синтетикалық деп бөлінеді. Жасанды талшықтарды табиғи шикізатты - целлюлоза мен басқа материалдарды өңдеу урдісінде алады. Жасанды талшықтар тобына вискоза, ацетат, үшацетат, казеин талшықтары жатады. Синтетикалық талшықтарды көмірсутек шикізаттарынан (мұнай, газ, таскөмір) және басқа да органикалық қосылыстардан химиялық синтездеу реакциялары арқылы алады. Синтетикалық талшықтарды алу жолы мен қасиеттеріне байланысты біріктірлген бірнеше топтарға бөледі: полиамидтік (капрон, нейлон, перлон, ксилон және т.б.), полиэфирлік (лавсан, терилен, дакрон, т.б.), полиуретандык, поливинилхлоридтік (хлорин, винол), поливинилспирттік (винилон, куралон), полиакрилнитрильдік (нитрон, орлон, т.б.). Талшықтардан дайындалатын жіптер иерілген және тығыз немесе борпылдақ, жеңіл болады. Матаның құрылымы маталық және тоқылған (трикотажды) болады.Маталарды сипаттайтын қасиеттеріне: ауа өткізгіштігі, бу өткізгіштігі, ылғал сыйымдылығы, гидрофильділігі (су сорғыштығы), гидрофобтылығы, жылу өткізгіштігі, гигроскопиялылығы (ылғал кабылдағыштығы), липофильділілігі, газ сіңіргіштігі, күн энергиясына қатынасы жатады. Ауа өткізгіштігі деп, өзінің саңылаулары арқылы маталардың ауаны өткізу қабілетін айтады. Жақсы ауа өткізгіштігі киім астылық кеңістікте ауаның қозғалуы мен алмасуын қамтамасыз етеді, бұл теріден бөлінетін және микроағзалардың тіршілігі нәтижесінде түзілетін су буларының және зат алмасуының ұшқыш өнімдерінің шығарылуына жағдай жасайды және ағзаны қызып кетуден сақтайды. Ауа өткізгіштігі мата талшықтарының тоқылуы сипатына, саңылаулардың мөлшері мен көлеміне, қалыңдығына, ылғалдану және ластану деңгейіне байланысты. Борпылдақ және саңылауы көп, жүннен жасалған, тоқылған және жібек маталардың ауа өткізгіштігі жеткілікті дәрежеде болады, ең нашар ауа өткізгіштік – тығыз драп, брезент, тығыз мақта маталарына тән. Егер, киім көп қабатты болса, қабаттарының ішінде біреу ауа өткізбейтін жағдайда, барлық киім ауа өткізбейтін болады. Киім суланған және ластанған кезде, ауа өткізгіштігі төмендейді, себебі матаның саңылаулары су мен кір бөлшектеріне толады. Өте қалың маталардың ауа өткізгіштігі төмен болады. Бу өткізгіштігі деп, маталардың киім астылық кеңістікте түзілген су буларын өткізу қабілетін айтады. Матаның саңылаулары арқылы сүзіліп өтетін ауадан айырмашылығы, су булары талшықтар арқылы диффузия жолымен өтеді. Бу өткізгіштігінің, әсіресе, булану қарқынды жүретін ыстық микроклимат жағдайларында, қоршаған ортаға қалыпты жылу беруді қамтамасыз ету үшін маңызы зор. Жақсы бу өткізетіндерге - мақта матасы, аз бу өткізетіндерге - жүн маталары, одан да төмен өткізетіндерге - аң терілері, аса төмен өткізетіндерге - синтетикалық маталар жатады.
Маталардың ылғал қабылдағыштығы, олардың киім асты кеңістіктен де, сыртқы ортадан да, су буларын сіңіру қабілетін сипаттайды. Киімнің ішкі қабаттарының гигроскопиялылығы жеткілікті болуы керек, себебі тердің тері бетінен сіңірілуіне жағдай жасайды. Сыртқы киімнің гигроскопиялылығы, керісінше, төмен болуы керек, өйткені, ылғалдану нәтижесінде, киімнің жылу сақтайтын қызметі төмендейді. Гигроскопиялылығы жоғары маталарға жүннен жасалған матлар және замш жатады, олар суды өз массасының 1/4/- 1/3 бөлігіне дейінге мөлшерде сіңіре алады. Мақта маталары суды аз сіңіреді - құрғақ массасының 1/7-1/8 бөлігіне дейінгі мөлшерде, синтетикалық маталардың гигроскопиялылығы ең төмен, олар суды өте аз сіңіреді, сіңіретін мөлшері мата массасының тек 1/20-1/200 бөлігін құрайды. Маталардың ылғал сыйымдылығы - мата ылғалданғанда, өзінің саңылауларында суды ұстап қалуы қабілеті. Ол пайызбен белгіленеді. Жоғары ылғал сыйымдылығы киімнің гигиеналық қасиеттерін едәуір төмендетеді. Саңылаулары сумен толуы нәтижесінде, матаның ауа өткізгіштігі төмендейді, жылу сақтайтын қасиеті нашарлайды, себебі, судың жылу өткізгіштігі ауаның жылу өткізгіштігінен 28-29 есе жоғары. Бұдан басқа, құрғақ матаға қарағанда, ылғал матадан сәулелену және булану нәтижесінде, жылудың көп берілуінен жылу жоғалтуы жоғарылайды. Маталардың ең жоғары ылғал сыйымдылығы әр түрлі болады. Мысалы, жүн маталарында ол - 45%, сәтенде - 13%, фланельде - 66% құрайды. Маталардың жылу өткізгіштігі оның жылу сақтайтын қасиеттерін анықтайды. Жылу өткізгіштігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның жылу сақтайтын қасиеті аз болады. Жылу өткізгіштігі көптеген параметрліне: саңылауларының жалпы пайыздық көлеміне, матаның қалыңдығына, талшықтардың тоқылу сипатына, ауа өткізгіштігіне, ылғалмен қанығу дәрежесіне байланысты болады. Саңылаулары көп және оларда ауа көп мөлшерде болатын, борпылдақ маталардың жылу өткізгіштігі, жұқа, тегіс маталарға (зығыр, мақта) қарағанда, аз болады. Маталар, жылу өткізгіштігінің азаюына қарай, келесідей ретпен бөлінеді: капрон, жасанды жібек, зығыр, мақта, табиғи жібек, жүн. Маталар термен немесе сумен суланған кезінде, олардың жылу өткізгіштігі едәуір жоғарылайды. Ең айқын жылу жоғалтуы киімнің бетінен жоғары жылдамдықта су булануы кезінде байқалады. Жібек,
шыт маталарының бетінен ылғал өте тез буланады, осыған байланысты
салыстырмалы түрдегі жоғары температура кезінде, тоңу сезімі байқылады.
Керісінше, жүннен жасалған киімдерден ылғал баяу буланатындықтан,
қоршаған едәуір жылу берілуінің алдын алады.
Матаның липофильдігі деп маталардың тері бетінен майды сіңіру
қабілетін айтады. Жоғарғы май сіңіргіштік қолайсыз, себебі, май матаның
саңылауларын бітеп қалады да, ауа- және су өткізгіштігін нашарлатады, кір бөлшектерін өзіне сіңіреді, микроағзалардың әсерінен ыдырап, жағымсыз иістердің пайда болуына әкеледі. Синтетикалық маталардың көбіне жоғарғы май сіңіргіштік қасиет тән.
67. Аяқ киім гигиенасы.
Киімнің алмастырылмайтын бір бөлігі - аяқ киім болып табылады, ол, суық пен жылу, ылғал, механикалық әсерлерден, ластанудан, жәндіктер мен жануарлардың шағуынан қорғайды. Аяқ киімнің көп түрлілігіне қарамастан, оның қасиеттері мен параметрлері төмендегідей гигиеналық талаптарға сай болуы қажет:
1. ауа райы мен жұмыс жағдайларына сәйкес, аяқ киім ішіндегі қолайлы ауа алмасу мен температуралық-ылғалдылық режимді қамтамасыз етуі керек;
2. аяқ ұшының анатомо-физиологиялық және жасының ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек;
3. аяқ ұшы мен бақайларын қыспауы керек, қозғалысты шектеп, аяқтың қан айналымын бұзбауы керек;
4. адамға қолайсыз әсер ететін зиянды химиялық заттар бөлінетін көзі болмауы керек;
5. жұмсақ, жеңіл, ыңғайлы, жеңіл тазартылатын болуы керек;
6. механикалық, химиялық және биологиялық әсерлерден қорғауы керек.
Аяқ киім үшін жоғарыда аталған барлық талаптарға сай келетін, ең жақсы материал - табиғи тері болып табылады. Ол төмен жылу өткізгіштік пен орташа ауа өткізгіштік қасиеттерімен сипатталады, созылғыш болады, зиянды химиялық заттар бөлмейді. Тері, оны қорғайтын қабатын тұзетін, 2-24% дейін майдан тұратындықтан, оның саңылауларына су енбейді. Салқын уақытта теріден жасалған аяқ киімнің жылу сақтайтын қасиеттерін жүні бар терімен астарлау және жүнді тері мен киізден жасалған ұлтарақ қолдану арқылы, жоғарылатылады. Аяқ киімнің табанына, жылу сақтайтын қасиеті теріден кем емес, ұсақ саңылаулы резеңке қолданылады. Киізден жасалған пималардың жылу сақтайтын қасиеті теріден де жоғары болып табылады, бірақ олар тез су
болады және жүруге ыңғайсыз.
Жазғы уақытта жеңіл желдетілетін аяқ киімдерді: сандал, жалаң аяққа
киетін аяқ киім, туфли, панталеттерді пайдалану қажет. Жазғы аяқ киімдердің үстіңгі бөлігі ауа өткізетін материалдардан тігіледі. Жазғы аяқ киімдер үшін, қысқы аяқ киімдерге пайдаланатын сияқты, табиғи тері ең жақсы материал болып табылады, бірақ жасанды тері, замша, тоқылған материалдар да кеңінен қолданылады. Жасанды тері, әр түрлі жоғарғы молекулалы қосылыстардан:
поливинилхлорид, полиамид, полиуретандар, синтетикалық каучуктер, нитроцеллюлоза, латекстерден жасалады.
Бұдан басқа, жасанды терінің құрамына, технологиясының талаптарына сәйкес, стабилизаторлар, пластификаторлар, толықтырғыштар, ағартқыштар, бояғыштар, фунгицидтер де кіреді. Ауаның жоғары температурасы, ультракүлгін сәулелері, механикалық немесе химиялық факторлар әсерінен жасанды терінің ескіруі немесе бүлінуі кезінде жасанды терінің көптеген кұрамдарын, соның ішінде, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін, әр түрлі мономерлер - дивинил, стирол, акрилат және т.б. сияқты, зиянды химиялық
заттар аяқ киім ішіне бөлінеді.
Жасанды терінің, табиғи теріге қарағанда, ауа- және бу өткізгіштігі төмен болуына байланысты, бұндай аяқ киімді кигенде, аяқ қатты терлейді, бұл қоршаған ортаның температурасына байланысты, аяқ ұшының қызуына немесе
салқындауына, бактериялардың, микроскопиялық саңырауқұлақтардың
көбеюіне, аяқтың қажалуына, дерматиттердің пайда болуына әкеп соғады. Мысалы, поливинилхлорид пен кейбір басқа да синтетикалық материалдардан тігілген аяқ киім ауаның 10ºС-қа дейін температурада тиісті жылу сақталуды қамтамасыз етпейді, ал 35ºС жоғары температура кезінде аяқ ұшының қызуына
әкеледі. Сондықтан, сыртқы ортаның мұндай температура параметрлінде
табиғи материалдардан тігілген аяқ киімдерді пайдалану қажет.
Спорттық және резеңкеден жасалған аяқ киімнің ауа- және бу өткізгіштігі
төмен. Лакталған аяқ киім ауаны мүлде өткізбейді. Бұндай аяқ киім күнделікті
киюге жарамсыз болып табылады және шектеп қана киюді қажет етеді.
Аяқ киімнің пішімі аяқтың анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін
ескеруі керек. Аяқ киім жіңішке және тара болмауы керек, бұл аяқ киімнің
өлшемін дұрыс таңдауымен қамтамасыз етіледі. Ол аяқ ұшынан сәл үлкен болуы керек, себебі жүрген кезде, әсіресе, ыстық уақытта,
Достарыңызбен бөлісу: |