7. Жеделдетілген нормалау. Жеделдетiлген нормалау


Климат және ауа райы. Адам ағзасына әсері



бет7/14
Дата24.03.2023
өлшемі189.94 Kb.
#471045
түріРегламент
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
рк 1-1

17. Климат және ауа райы. Адам ағзасына әсері.
Ауа райы мен климат әрбір адамның денсаулығы мен өмір сүру жағдайына үздіксіз әсер етіп отыратын табиғи фактор болып табылады. Ауа райы мен климат жағдайларының адам денсаулығына әсері Гиппократ заманынан белгілі болған. Сол уақыттарда өзінде ақ, көптеген аурулардың пайда болуын, ағымы мен салдарын климат және ауа райымен байланыстырған және әр түрлі патологиясы бар науқастарды емдеу барысында климаттық - ауа райы факторларын қолданған. Қазіргі уақытта миокард инфарктісі, мида қан айналымының жедел бұзылыстары, гипертониялық криздер, бронх демікпесінің қозуы, туберкулез, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, психикалық аурулардың және т.б.дамуында, сонымен қатар, кейбір дені сау адамдардың денсаулығының нашарлауында, климат пен ауа райы жағдайларының рөлі жөнінде дауласуға жатпайтын көптеген ғылыми фактілер жиналған. Болатын салдарын ескеру бұл аурулардың алдын алу мен емдеудің тиімділігін жоғарылатуға, сонымен қатар, қолайсыз ауа райы кездерінде жиілігі күрт жоғарылайтын, кенеттен пайда болатын өлім санын төмендетуге мүмкіндік береді.
Ауа райы деп, белгілі бір аумақтағы аз ғана уақыт аралығына (сағат, тәулік, апта) тән, атмосфераның жер маңындағы қабатының физикалық қасиеттерінің динамикалық жиынтығын түсінеді.
Ауа райын сипаттайтын негізгі элементтеріне күн сәулесінің қарқындылығы мен белсенділігі, атмосфераның электрлік жағдайы, Жердің магниттік өрісінің кернеулілігі, геомагниттік белсенділіктің өзгеруінің тез не баяу жүретіндігі және оның айқындылық дәрежесі, атмосфералық қысым, температура, ауаның ылғалдылығы, ауа қозғалысының бағыты мен жылдамдығы, бұлытты болуы, жауын-шашындар жатады.
Климат берілген ауданда көптеген жылдар бойына тұрақтанған, заңды түрде қайталанып отыратын ауа райының режимі болып табылады. Ауа райы мен климаттық жағдайлардың қалыптасуы ең алдымен, табиғи факторлармен - күн сәулесі, ауа массасының айналымы, жер бетінің жабындысы (беттік төсеніш) және бедерімен, теңіздер мен мұхиттардың жақындығымен қамтамасыз етіледі.
Күн сәулесінің электромагниттік бөлігінің есебінен атмосфераның жылынуы жүреді, бұл, тікелей күн сәулесі атмосфера қабатынан өткен кезде және күн сәулесімен жылынған жер бетінің жылуын беруі нәтижесінде іске асырылады. Бүл үрдіске ең улкен улесті жер беті қосады, себебі ол күн сәулесі энергиясының 47% дейінгі бөлігін сіңіріеді және жылуға айналдырады.
Атмосфераның жылынуы жер шарының әр түрлі нүктелерінде бірдей емес. Ол жергілікті жердің географиялық ендігіне, жер бетінің жабынды сипатына, тәулік уақытына, жыл мезгіліне, сіңірілу үрдісіне, күн радиациясының атмосфера арқылы өткен кезде шашырауы мен шағылысуына байланысты.
Экваторда атмосфераның жылынуы анағұрлым жақсы жүреді, бұл жерде көк жиектегі күннің туру биіктігі ең үлкен болғандықтан, күн сәулелері өтетін атмосфера қабатының қалыңдығы жұқа болады. (4 тарауды қараңыз)
Экватордан полюске қарай жылжыған сайын ол төмендейді, сондықтан атмосфераның жылынуының ең азы полюстерде байқалады. Бұдан басқа, тропосфераның жылынуына жер беті жабындысының шағылыстыру қабілеті - альбедо өте күшті әсер етеді. Альбедо неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жер жылуды аз сіңіреді. Мысалы, полярлық аймақтардағы қар жабындысы күн сәулесін 85% дейін шағылыстырады, бұл осы нүктелердегі ауаның одан да жоғары салқындауына ықпал етеді. Керісінше, өсімдіктермен немесе сумен жабылған жер бетінің альбедосы төмен болып келеді. Мысалы, шөптер және ағаштардың жапырақтарының альбедосы 20 - 30%, суда - 5%, құм және ұсақ, жұмыр тасты жерде - 29-32% құрайды.
Климат адам ағзасына және оның өмір сүруінің барлық жақтарына әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Ауа райына қарағанда, климат салыстырмалы түрде тұрақты, себебі климат түзуші факторлар әр аймақ үшін (географиялық ендік, теңіз деңгейінен биіктігі, жер бедері, жер бетінің жабындысы, ауа массаларының айналымы, мұхиттар мен теңіздерге жақындығы) көптеген жылдар бойына сол күйінде қала береді. Сондықтан, метеофакторлардың әр күндік өзгеруімен байланысты ауа райының құбылмалығына қарамастан, әр аймақ үшін өзіндік, заңды түрде өзгеріп отыратын, бір күнге, аптаға немесе айға емес, ұзақ жылдарға тән, ауа райы режимінің ерекшеліктері қалыптасады. Климатты сипаттайтын көрсеткіштер ұзақ мерзімдік үрдістерді көрсетеді. Сондықтан бұл көрсеткіштерге температураның орташа айлық және орташа жылдық шамалары, ауаның ылғалдылығы, атмосфералық қысым, ауаның қозғалу жылдамдығы, күн сәулесінің; ашық және бұлтты күндердің саны, жарық климаты, қыстың ұзақтығы, топырақтың қату тереңдігі және т.б. жатады.
Осы көрсеткіштерге байланысты және жергілікті жердің географиялық орналасуын ескеріп, жер шарында 7 негізгі климаттық белдеулерді ажыратады:

1. тропикалық - географиялық ендіктің 0-13o аралығында, орташа жылдық температурасы - 20-24o С.


2. ыстық - географиялық ендіктің 13-26o, 16-30o С
3. жылы-географиялықендіктің26-39oжәне12-16oС
4. орта - географиялық ендіктің 39-52o және 8-12o С
5. суық - географиялық ендіктің 52-65o және 4-8o С
6. қатты суық - географиялық ендіктің 65-78o және 0...-4o С
7. полярлық - географиялық ендіктің 69-90o және .-4o С және одан да
төмен
Климаттың басқа да жіктелулері бар. Л.С. Бергтің климатты ландшафтық-
ботаникалық жіктеуі кеңінен қолданылады. Бұл жіктеуге, мәңгі аяздар, тундра, тайга, жапырақты ормандар, орта аймақ, дала, жер орта теңіздік климаттар сияқты, климаттар кіреді.
Практикада, атап айтқанда, елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде, үйлердің қабырғаларының қалыңдығын есептеу, ғимараттарды бағыттау, көгалдандыру кезінде және т.б. қаңтар мен шілде айының орташа температурасы бойынша климаттың жіктелуі қолданылады. Осы жіктеу бойынша суық, орташа, жылы және ыстық климаттық белдеулерді бөледі. Бұл белдеулердің бәрінде де теңіздік, далалық, таулық, шөлді және жартылай шөлді, субтропикалық және т.б. сияқты климаттың жергілікті түрлері ажыратылады.
Қазақстанның климаты ыстық, жылы, орта және суық климаттық белдеулерге жатады. Бұл Оңтүстікте - дала мен шөлдің ыстық климаты, биік таулы климат, Орталық және Батыс Қазақстанда - шөл, жартылай шөл, Шығыс Қазақстан мен солтүстікте – далалар және орманды далалар климаттары. Медициналық климатологияда климатты адамның денсаулығының әсеріне байланысты жұмсақ және тітіркендіретін деп бөледі. Жұмсақ климатқа, температураның амплитудасы және басқа метеофакторлардың жылдық, айлық және тәуліктік ауытқулары аз, жылы климат жатады.
Бұндай климаттық жағдайлар бейімделу механизімдеріне ең аз талаптарды қояды. Жұмсақ климатқа Бурабайдағы орманды климат, Қырымның оңтүстік жағалаулары жатады. Тітіркендіретін климатқа бейімделу механизмдеріне жоғары талаптар қоятын, метефакторлардың елеулі тәуліктік және мезгілдік амплитудалары тән. Басқа жағынан, бұндай климат ағзаның жаттығуына және оның шынығуына ықпал етеді. Осындай әсері бар климаттарға, көптеген жүйкелік және жүрек тамырлық ауруларды емдеу кезінде қолданылатын, емдік және шынықтырғыш қасиеті бар, тау, солтүстік теңіз жағалауындағы салқын климат және Қазақстанның Сібір бөлігінің континентальды климаттары жатады.
Ауасы таза, ылғалды орташа, ластаушылар мен аллергендері жоқ, ауа - жылу режимі параметрлерінің ауытқулары аз, жылу реттейтін механизмдердің зорлануын тудырмайтын, қатты желдер мен жиі жауындар болмайтын, жақсы инсоляцияланатын жерлер климатотерапия үшін қолайлы болып саналады.

Басқа тітікендіргіш климаттар: солтүстіктің суық климаты, дала мен шөлдің ыстық климаты, биік тау климаттары - адам ағзасына өте қолайсыз әсер етеді.


Биік ендіктердегі суық климат солтүстік ендіктен 66o солтүстікке қарай (Заполярье, Қиыр Солтүстік, Арктика) жататын аумақтарда байқалады. Осы аумақтар үшін ауаның өте төмен температурасы, төмен абсолюттік ылғалдылық пен жоғары салыстырмалы ылғалдылық тән: жауындар өте аз - жылына 300-500 мм болады. Әр түрлі текті ауа массаларының өзара әсерлесуі және атмосфералық қысымның күрт ауытқуы салдарынан, жылына 120-122 күнге дейін дауылды желдер тұрады. Атмосфералық қысымның төмен болуына байланысты, ауадағы оттегінің тығыздығы өте төмен болады. Қысқы уақытта жарықтың болмауы (полярлық түн), ерте және ұзаққа созылатын қыс, қысқа суық жаз, адамға тұнжырататын әсер көрсететін ландшафтың біртүрлілігі, үн- түнсіз тыныштық осы климаттың өіне тән ерекшелігі болып табылады. Күннің көкжиектен тұру биіктігі осы ендіктерде 25 o аз, сондықтан УК сәулесінің ең биологиялық құнды - орта толқынды бөлігі - жер бетіне жетпейді, бұл, ұзақтығы 2-6 айға дейін болатын, УК сәулеге ашығудың дамуына әкеледі. Биік ендіктерге, сондай-ақ, полярлық жарқыраулар және тұрақты магниттік толқулар түрінде көрінетін, үнемі болып отыратын магниттік ауытқулар тән.
Қиыр Солтүстікке тән метеофакторлардың әсері әсіресе жаңадан келген адамдарда айқын көрінеді. Атмосфералық қысымның жиі және күрт ауытқуы, көбінесе циклон түріндегі ауа райы, ауадағы оттегінің тығыздығының төмендеуі, күн белсенділігінің және атмосфералық электрліктің күрт өзгеруі, созылмалы гипоксия синдромының дамуына әкеп соғады. Әдебиеттерде «полярлық ентігу» деп көрсетілетін, тыныс алудың қиындауына шағымдар өте жиі кездеседі. Оның даму патогенезінде жоғарыда аталған факторлардан басқа үлкен жылдамдықпен қозғалатын суық ауаның тыныс алуға жасайтын механикалық кедергісі де белгілі бір рөл атқарады.
Жүрек-қан тамыр жүйесінің бейімделу реакциялары қыл тамырлардың спазмымен, айналымдағы қанның көлемінің жоғарылауымен, артериялық гипертензияның дамуымен сипатталады. Жүрек тұсындағы ауру сезіміне, ентігу, жүректің қағуына шағымдануы байқалады. Бұндай өзгерістер «солтүстік кардиопатиясы» деп аталады. Сонымен бірге, осы мекеннің байырғы тұрғындарында артериялық қан қысымы әдетте қалыпты немесе төмен болады. Ауыр климаттық жағдайлар психикаға көңіл - күйін төмендетін әсер береді. Бұндай жағдайда дезадаптациялық невроз дамиды, оның негізгі көріністеріне әр түрлі дәрежедегі қорқу сезімдері, ұйқысыздық, бас ауруы, депрессия, ашушаңдық және т.б. жатады. Психологиялық бейімділу Солтүстікте жұмыс істеуге айқын себебі бар адамдарда жеңіл өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет