Лабораториялық жұмыс «Тыныс алу үдерісін зерттеу»
Оқу мақсаты 7.5.1.4 Тыныс алу үдерісін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы • Тыныс алу үдерісінің химизмін түсіндіреді
Құралдар мен реактивтер: 100 мл- лік стақан- 1 дана, түтік- 1 дана,айна – 1 дана.
Қауіпсіздік техникасы ережелері: Әкті сумен жұмыс жасағанда қорғағыш көзілдірік кию қажет.
Жұмыс барысы:
1- тәжірибе. Әк суын үрлеу. Мұғалім берген сынауықтағы мөлдір әкті суға түтікшені салып, түтік арқылы үрлеңдер. Не байқалды?
2- тәжірибе. Айнаға үрлеу. Айнаны қолдарыңа алып, оның бетіне дем шығарыңдар. Қандай құбылыс байқалады?
Жұмыстың барысы
|
Не байқалды
|
қорытынды
|
Түтікті дезинфекциялаушы ерітіндімен мақтаның көмегімен жақсылап сүртіңіз.
Тереңірек тыныс алып, түтіктің көмегімен колбаға ауаны
үрлеңіз. Сұйықтық аузыңызға
тиіп кетпесін, сақ болыңыз.
|
|
|
Айнаны қолыңа алып, оның бетіне дем шығар.
|
|
|
Өз бақылауыңызды түсіндіріңіз.
Дем алғанда және дем шығарған
кезде ауаның құрамы жайында
қорытынды жасаңыз.
|
|
|
Дескриптор Білім алушы
− қауіпсіздік техникасының ережесін сақтай отырып жұмысты жүргізеді;
− дем алған кездегі ауаның құрамын анықтайды;
− дем шығарған кездегі ауаның құрамын анықтайды.
Сарамандық жұмыстар
№
|
Тақырыбы:
|
мерзімі
|
1
|
Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережесі
|
7.1.1.2 Химиялық лабораторияда және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін білу және түсіну.
|
2
|
Күкірт, фосфор, темірдің ауада және оттегінде жануын салыстыру.
|
оттектің ең маңызды қасиеті жануды қолдайтынын көрсету.
|
3
|
Сұйытылған қышқылдар мен карбонаттардың әрекеттесу реакциясы. Көмірқышқыл газына сапалық реакция.
|
7.2.2.4 Кейбір карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен реакцияларын зерттеу және көмірқышқыл газының сапалық реакциясын жүзеге асыру
|
4
|
Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау
|
7.5.1.2 Тағамдық өнімдердің бір қатарын: қант, крахмал,
(көмірсулар), нәруыз, майларды білу және анықтай алу
|
Достарыңызбен бөлісу: |