7 сынып оқушысы


Практикалық жұмыс №4 «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау»



бет13/14
Дата21.12.2023
өлшемі2.17 Mb.
#487404
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
зертх дәп 7 (1)

Практикалық жұмыс №4 «Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау».
Оқу мақсаты 7.5.1.2 Тағамдық өнімдердің бір қатарын: қант, крахмал,
(көмірсулар), нәруыз, майларды білу және анықтай алу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тағамдық өнімдерде қоректік заттардың бар екенін анықтайды
Тапсырма
Құралдар мен реактивтер: мыс сульфатының ерітіндісі 1%-10мл, 2М натрий
гидроксиді-2мл, йодтың спирттегі ерітіндісі, 6 сынауық, 1 стақан, 6 тамшуыр, 1 қасық, 2
қағаз майлық немесе сүзгі қағазы.
Жұмыс барысы:
Сіздерге әртүрлі тағамдардың жиынтығы: жұмыртқа ақуызы, нан кесегі, банан, жаңғақ
немесе күнбағыс дәні, ет кесегі, жануар майы беріледі.
1. 4 сынауыққа тамшуырмен 2мл 2М натрий гидроксидінің ерітіндісін және 5 тамшы
1%-дық мыс сульфатының ерітіндісін қосып, ретімен 4 сынауықтың үстіне қант,
крахмал, жұмыртқа нәруызын және өсімдік майын тамшуырдың көмегімен қосып
шығыңыз.
2. Байқалған өзгерісті 1-кестедегі 2-бағанға жазыңыз.
3. Сынауыққа қанттың, крахмалдың, жұмыртқа нәруызы, өсімдік майының сулы
ерітіндісін дайындаңыз. Осы ерітіндінің үстіне бір тамшы йодтың спирттегі
ерітіндісін тамызып шығыңыз.
4. Байқалған өзгерісті 1-кестедегі 3-бағанға жазыңыз.
5. Қант, крахмал, жұмыртқа нәруызы және өсімдік майы ерітінділерінен таза шыны
таяқшаның көмегімен сүзгі қағазына жағыңыз. Түзілген дақты қыздырыңыз.
6. Байқалған өзгерісті 1-кестедегі 1-бағанға жазыңыз.
7. Тағамдық заттардың реактивтерге әсері бойынша қорытынды жасаңыз.
1-кесте. Тағам құрамындағы қоректік заттарға жасалған тәжірибе бойынша
байқалған өзгеріс нәтижелері

Қоректік
заттар

Реактивтің әсері

мыс гидроксиді

йод

қант







крахмал







аққуыз







май







Тағам құрамындағы қоректік заттарға тәжірибе жүргізіңіз (нан кесегі, банан, картоп,


ет, жануар майы, жаңғақ). Бұл жұмысты жүргізу үшін әрбір тағамды жеке стақанға
салып үстіне су құйып езіңіз. Етті бірнеше минут бойы қайнатыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет