Зерттеудің мақсаты: педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін дамытуды теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс арқылы тексеру.
Зерттеу міндеттері:
-студенттердің лидерлік әлеуетін дамытудың теориялық негіздерін айқындау;
«лидер», «әлеует» ұғымдарына сипаттама бере отырып, «студенттердің лидерлік әлеуеті» ұғымының мәнін нақтылау;
педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін дамытудың моделін жасау, оның компоненттері, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау;
-педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін дамытудың әдістемесін жасап, оның тиімділігін эксперимент арқылы тексеру және ғылыми тәжірибелік ұсыныстар беру.
Зерттеу нысаны: педагогикалық жоғары оқу орнындағы біртұтас педагогикалық үдеріс.
Зерттеудің пәні: студенттердің лидерлік әлеуетін дамыту.
Зepттeудiң әдістемелік бaзacы: ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY.
Зерттеудің тeopиялық және әдіснамалық нeгiздepi: философиялық танымдық ілімі, жеке тұлға теориясы, тұлғалық-бағдар теориясы, психология мен педагогиканың теориялық тұжырымдамалары, ғылым мен тәжірибені кіріктіру теориясы, біртұтастық, іс-әрекеттік, жүйелілік, акмеологиялық, аксиологиялық, синергетикалық тұғырлар алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
-студенттердің лидерлік әлеуетін дамытудың теориялық негіздері айқындалды;
-педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін дамытудың моделі жасалып, оның компоненттері, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталды.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы:
-педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін дамытудың әдістемесі жасалды, «Лидерлік» атты элективті курс бағдарламасы әзірленді;
студенттерге арналған «Көшбасшылар» клубының ережесі, бағдарламасы;
Абай атындағы ҚазҰПУ сайтындағы «Көшбасшылар» клубының электронды парақшасы (клуб ережесі, жоспары, әлем және Қазақстан көшбасшылары, бейне материалдар, хабарландырулар және т.б.) жұмысы ұйымдастырылды.
Зерттеу нәтижелерін студенттердің лидерлік әлеуетін дамытуға бағытталған нақты әзірлемелер жоғары оқу орнындарында, педагогикалық колледждерде және педагогикалық мамандардың біліктіліктерін арттыру институты (БЖИ) тәжірибелерінде пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |