Лидер әкімшілік өкілі ретінде топ қызметінің жоғарғы бағыттаушысы ретінде айқындалады. Топ саясатының негізгі бағыттарын өзі немесе жоғарыдан келген тапсырма арқылы анықтап, тапсырманың орындалуын топ мүшелерінен талап етіп, тапсырманың орындалу жауапкершілігін бақылау арқылы жүзеге асырады.
Лидер жоспарлаушы ретінде топтық мақсатқа жету әдістері мен құралдарын өңдеу қызметін атқарады. Бұл қызметке ұзақ уақытқа арналған жоспарлар құру да жатады. Мұнда көбінесе, лидер іс - әрекет жоспарларының бірден бір сақтаушысы, болашақ бағытты тек өзі ғана біліп, басқалары мұндай жағдайда тек жоспардың жеке бөлшектерімен ғана таныс болады.
Лидер саясаткер ретінде ең маңызды қызметтерінің бірі топтың іс - әрекет бағыты мен мақсаттарын белгілейді. Негізінен топтық мақсаттар мен оларды іске асыру әдістеріне байланысты:
топтың жоғары басшылықтан тапсырма алуы, яғни, лидерлер кеңесшілер ретінде іс - әрекетке жұмылдырылып, кеңесші дауыс құқығына ие болуы;
топтың және лидердің шешімдеріне сәйкес топтың мақсаты мен міндетін анықтап және оның іске асырылуына лидер жауапты болуы;
лидер өзінің нұсқаулары (оның шешім қабылдауда автономияға ие болған жағдайда) негізінде мақсатының анықталып, жүзеге асырылуына жетекшілік етуі сияқты әдістердің түрлерін қолдана алады. Осылайша, шығу көзіне қарамастан, топтық мақсаттар мен оларды жүзеге асыру әдістерін анықтау лидердің міндетті қызметі болып табылады.
Лидер сарапшы ретінде көбінесе білікті маман немесе сенімді ақпарат көзі қызметін атқарады. Қызмет бөлінісінің жоғары деңгейінде үлкен топтарда лидерлер (ұйым басшылары) түрлі орынбасарлардың, мамандар мен кеңесшілердің көмегіне жүгінеді.
Лидер сыртқы ортадағы өкіл ретінде бәрінің атынан әрекет ететін топтың ресми өкілі болып табылады. Сондықтан топ мүшелері үшін оларды кім және қандай ақпарат арқылы таныстыратыны маңызды. Мұндай жағдайда лидер топтың барлық мүшелерін, олардың ұжымдық ойы мен еркін және т.б. бақылай отырып теңестіреді. Лидер сонымен қатар, топ ішіндегі қарым- қатынастарды реттеуші ретінде қызмет атқарады. Топ ішіндегі тұлғалық және іскерлік қарым-қатынастар коммуникативті желі арқылы жүзеге асады. Кейбір топтарда барлық ақпараттардан алдымен лидер, содан кейін ғана басқа топ мүшелері хабардар болатындай желіде жүруі мүмкін. Кейде топ ішінде лидерге жақын адамдар болады, олар осы желіні өздеріне тұрақтандырып, ақпарат басқа топ мүшелеріне жетпей тұйықталатын жағдай орын алуы мүмкін екенін лидер ескергені жөн[119,с. 92].
Лидер ынталандыру мен жазалау көзі ретінде топ мүшелерінің іс-әрекетін қадағалау үшін ынталандыру мен жазалау жүйесін қолданады. Бұл қызмет лидердің жеке тұлғалық қасиеттеріне жоғары талаптар қояды, әсіресе, басты назар топтардың материалды емес, моральды факторларға аударылатын жағдайында лидердің қызметінің жеке мотивациясын білуі қажет. Ынталандырудың ресми тәсілдерімен қоса лидер кіші топтарда болатын ресми емес санкцияларды тиімді қолдануына болады [98,с.76]. Топ ішінде дау – дамай болған жағдайда лидер төреші және жұбатушы ретінде әрекет етуі керек, яғни, біреуді жазаласа, біреуді ынталандыру қызметін атқаруда моральдық сапалардан асып кетпейтіндей, өз шегінде әрекет етуі тиіс.
Лидер топтың басқа мүшелері үшін іс - әрекеті үлгі ретінде, яғни, оларға қандай болу және не істеу керектігінін ұсынатын көрнекті мысалы болуы тиіс. Адамдар санасында үлгілі топтар ерекше орын алады [119,с. 98-99].
Лидер топ нышаны, жоғары деңгейде біріккен топтар ретінде басқа жеке адамдардан ішкі ғана емес, сонымен қатар сыртқы келбеті бойынша ерекшеленуге талпынады. Мұндай топ мүшелері жүріс-тұрыста, киім киісте түрлі айырмашылық белгілеріне жүгінеді. Лидерлер топтың ядросы ретінде нышан қызметін атқарады: олардың есімдерін қызметтің барлық түріне тағайындайды, жеке салада өнеркәсіп иелері өзінің тұлғасына өз ісінің көрінісі ретінде қарап, мұндай тағайындауларды өздері атқарады. Түрлі ғылыми мектептерде топ мүшелері лидер қызметінен кеткеннен кейін де өздерін соның атымен байланыстыратын жағдай орын алуы мүмкін.
Лидер дүниетаным жолсерігі ретінде топтық дүниетанымды құратын құндылықтар мен нормалардың қайнар көзі қызметін атқарады. Жалпы ол топқа тиісті қоғамдық идеологияны бейнелейді. Мұнда жетекшінің дүниетанымына жеке топ мүшелерінің көзқарастары емес, топтың дүниетанымы сәйкес келеді. Көзқарастар жоғарыдан төменге қарай таралады,
әсіресе, топқа сырттан келген ақпаратты бақылауда ақпаратқа деген көзқарас жетекшіден төменге қарай жүреді [119,с.89].
«Әке» ретіндегі лидердің қызметі топ мүшелері үшін бәрін қамтитын роль атқарады. Нағыз лидер топ мүшелерінің барлық жағымды эмоцияларының орталығы, сәйкестендіру объекті. «Әкелік» роль көбінесе шексіз билікпен түсіндіріледі.
Лидер агрессия объектісі ретінде топтық мақсаттарға жеткен жағдайда жағымды сезімдерінің объектісі болса, дәл солай мақсатқа жетуде сәтсіздікке ұшыраған жағдайда топ мүшелерінің агрессия нысанына айналуы мүмкін [92,с.16]. Келтірілген лидерлердің қызметтерінің мәні экономикалық, педагогикалық тұрғыдан түрлі топтарға қатысты әртүрлі болып келеді. Лидерлердің берілген рольдерінің арасынан басты және басты еместерін бөліп көрсету мүмкін емес, олардың мәні ішкі және сыртқы факторларға байланысты ауытқиды деген ойдамыз.
Лидердің сипаттамалары мен іс-әрекеттерінің түрлері топтың мақсаттары мен нормаларын, сонымен қатар лидер тұлғасын бейнелейді. Б.Халипин мен Б.Вайнер лидерлердің әрекетіне екі тәуелсіз параметрлер бойынша төмендегідей сипаттама береді [121]:
лидер топ мүшелерінің іс-әрекетіне қалай түрткі болу, ынталандыруға болатындығына мән беріп, топішілік теңдікке, тұрақтылық пен қанағаттану- шылыққа қол жеткізеді.
лидер топтық мақсаттарға жету жолдары мен құралдарына айрықша мән бере отырып, топ мүшелерінің іс-әрекеттеріне бағыт береді және болжамның шынайы жүзеге асуына қол жеткізеді.
Жоғарыда айтылған әр көрсеткіштер аясында лидерлер өздерін әртүрлі ұстайды. Келісімге қол жеткізуге бағыт алған лидер топ мүшелерінің іс- әрекеттеріне көңіл бөліп, атқарылған жұмысты топпен бірлесе атқаруды көздейді, бұл белсенділік танытпайтын топ мүшелеріне сенім ұялатады және бұл қатынас барысында топішілік бірлік орнайды.
Әрекеттің әріптестік типіндегі лидер жаңа идеяларды топ мүшелерімен келісіп қабылдайды, тапсырманы орындауды жеңілдетіп, жұмыс кезеңдерін мүмкіндігінше бірлесе атқаруға тырысады. Ал, директивті типті лидер топ мүшелерін нашар атқарылған жұмыс үшін жазалайды, топ мүшелерінің эмоционалды көңіл-күйіне назар аудармайды, ешкіммен кеңеспейді, қатардағы топ мүшесінің ұсыныстарын қабыл алмай, өз шешімдеріне түсінік бермейді. Лидердің іс-әрекетінің екінші көрсеткіші әсіресе топ қандай да бір күрделі мәселеге тап келгенде маңызды болады. Лидер іс-әрекетінің жалпы сипаттамалары басқару, жоспарлау, жұмыстың орындалуына бақылау жасау сияқты бастапқы қызметтермен байланысты болады. Мұндай жағдайда педагогикалық оқу-тәрбие үдерісінде жағымды психологиялық орта орнатуға бағытталған топтық жұмыс шараларын қолдана отырып, бұл көрсеткішті өзгертуге болады деген ойдамыз.
Көптеген ғалымдардың зерттеулерінде көрсетілгендей лидер іс- әрекетіндегі айырмашылықтардың 83 пайызы осы екі параметрлермен
анықталады. Осылайша, қандай да бір ықпалға ие оқу – тәрбие үдерісін ұйымдастыру топ мүшелерінің қызметін қадағалап, топішілік тұрақтылық пен қанағаттануды қамтамасыз етуі қажет, сонымен қатар, топ күшін мақсатқа жету бағытына жұмылдырып, бағыттауы қажет екендігін айтқан.
Лидерлік сипаттар теориясына жауап ретінде мінез-құлықтық теория лидердің ақыл-ой, физикалық немесе әлеуметтік сипаттарына емес, қылықтарына шоғырланатын жаңа көзқарасты ұсынады. Сонымен, психометриядағы эволюциямен, атап айтқанда, факторлық талдау арқылы зерттеушілер орташа статистикалық халық пен лидер қылықтарының нақты нысандарының себеп-салдарлы байланысын өлшеуге қол жеткізді. бұл теорияның авторлары - Левин мен Лайкерт кез-келген дұрыс мінез-құлық мәнеріне ие адам бұрын жабық болған туғанынан лидердің элиталы «клубқа» қол жеткізіп, кіре алады деген қорытынды жасады. Басқаша айтқанда,лидер болып туылмайды, лидер болып қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |