Ұмтылу – жеке тұлғаның келесілерге ықыласының қарқындылығына себепкер болатын термин:
Нәтиже, мойындау, қызметте өсу мен ықпалға, сондай-ақ, басқа салаларды меңгеру үшін қажетті мәмілелер табуға ықылас сияқты аспекттерге қатты ұмтылатын қызметкерлер үлкен ұмтылысқа ие болады, бұл лидерлік әлеуеттің жоғары деңгейі бар адамға тән сипат болып табылады [129].
Қабілеттілік. Әлбетте, ұмтылыс лидерлік әлеуетті құрайтын жалғыз құрамдас бөлік емес. Үлкен әлеуетті тұлғалар тағы да елеулі қабілеттерді де көрсетеді, яғни, күнделікті жұмысты орындауға қажетті туа біткен ерекшеліктер мен жүре пайда болған дағдылардың үйлесімі:
Туа біткен сипаттар танымдық қабілеттер мен эмоционалдық интеллекттен тұрады;
Оқу үдерісінде немесе тікелей жұмыста алынған техникалық, функционалдық және тұлғааралық дағдыларды біріктіретін меңгеріліп алынған дағдылар.
Қатысу лидерлік әлеуеттің жоғары деңгейінің үштігін қорытындылайды.
Ол төрт элементтен тұрады:
Эмоционалдық берілу: қызметкерлер өздері жұмыс істейтін ұйымды бағалауы мен сенуінің дәрежесі;
Рационалдық міндеттеме: ұйымда тұрақтау қызметкерлердің өздерінің мүдделерінде деп есептеу дәрежесі;
Ерікті күш салу: қызметкерлердің ұйымның игілігі үшін «артық қашықтықты жүріп өтуге» дайындығы;
Қалуға ниет ету: қызметкердің ұйыммен қала беруге дайындығы.
Лидерлік әлеуеттің жоғары деңгейінің бір немесе екі аталған параметрлері бойынша өздерін көрсеткендері ұйымға бағалы салым болуы мүмкін. Дегенмен, толық пакетті – ұмтылыс, қабілет пен араласуды жинай алған қызметкерлер өзекті лидерлік позицияларға көтерілуге және онда табысқа жетуге үлкен әлеуетке ие болады.
Біз, студенттердің лидерлік әлеуетін дамытуда төмендегідей әдіснамалық амалдарға сүйендік.
Жүйелілік амал. А.Н.Леонтьевтің зерттеулерінде психикалық іс-әрекеттің және мінез-құлықтың жүйелі қасиеттері жүйелілік көзқарасы арқылы талданады. Түрткінің жекелік ерекшеліктеріне байланысты адамдардың кез келген іс-әрекеті қайталанбайды және әр қилы болып келеді. Кеңестік психологиядағы тұжырымдамаларға сүйене отырып, жас кезеңдік дамуды баланың тұлғасына әсер ететін, мотивациялық-қажеттілік өзгерістері ретінде қарастыруға болады. Түрткінің маңыздылығын ескере отырып, жас ерекшелік кезеңдерінің критерийлеріне бала әрекетінің еріктілік, саналылық деңгейі жататынын ұсынуға болады. Нақты іс-әрекетті орындаудағы мақсаты мен адекватты тәсілдерді таңдауы, әрекетті орындауда өзін-өзі бақылауға бағытталған қабілеттерімен анықталады. Түйсіктер мен қажеттіліктер жүйесін жүзеге асыру тұлға санасының және түсінігінің қалыптасуына жағдай жасайды. А.Н.Леонтьевтің зерттеуі тұлға әрекетінің дамуын әлеуметтік бейімделу мен мінез-құлықтың арнайы формалары ретінде көрсетеді [26, с. 93].
Жүйе мағынасында «өзара байланыста қарым-қатынаста болатын және белгілі бір тұтастықты, бірлікті туғызатын элементтердің жиынтығы» түсіндірілетіні белгілі. Негізінен, жүйелілік амал педагогикалық құбылыстарды олардың өзара байланысы түрінде қарастыруға бағдарлайды. Бұл тұста жүйелілік амал барысында студенттердің лидерлік әлеуетін дамыту жүйесі өзара байланысты құрамдас бөлшектердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Олар: мақсаты, педагогикалық үрдіс субъектілері , білім беру мен тәрбиелеу мазмұны (құзыреттілік, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі), дамыту үрдісін ұйымдастыру, әдістері мен түрлері, мәліметтер қоры.
Жеке тұлғалық амал. Жеке тұлғалық амал студенттерге деген құндылық қатынасты қалыптастыруға, білімалушының жеке тұлғалық қасиеттері мен даралығының өрістерінің (зияткерлік, түрткілік, көңіл күй, еріктік, пәндік зияткерлік, өзіндік реттеу) қалыптасуына негіз болатын тәрбиелеудің ерекше мазмұнын айқындауға жағдай туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |