Ғылыми–педагогикалық сараман есебі
Мен МИСТ-21 тобының магистранты Хайрушев Нұрлыхан Закияұлы 24.10.2022-03.10.2022 аралығында өткен ғылыми-педагогикалық зерттеу сараманынан өттім. Сараман кезінде жетекші бізге ұсынған ережелермен таныстым. Оффлайн арқылы жетекшімнің және өзге де магистрант-практиканттардың дәрістерін тыңдап, жұмысқа деген дағдыларын бақылап, сабақ өткізу кезінде қолданатын әдістерді көріп, өзіме қажетті ақпараттарды біліп алдым.
Педагогикалық-ғылыми сараман кезінде дәріс оқумен қоса, семинар, лабораториялық сабақ өткіздім. Атап айтқанда жалпы саны 10 сабақ өткіздім. Оның 2-і дәріс сабақ, 8-і семинар сабақ және 1 тәрбиелік шара. Практикалық сабақтарды өткізген кезде оның көптеген формаларын қолдандым:
Дәріс;
Пікірталас;
Конференция;
Семинар.
Әріптес магистранттардың сабақтарына қатысып, артық және кем тұстарын талдап, өзіме қажетті жаңа дағдыларын игеріп алдым.
Педагогикалық–ғылыми зерттеу сараманы кезінде магистрант-машықкерлерге қатысты ережелермен, қажетті ақпаратпен танысып, оқып, меңгердім. Профессор, доцент, аға оқытушы-педагогтердің дәрістерін тыңдадым. Алдын ала болатын дәріс, семинар, лабораториялық сабақтарға дайындалып, білмеген тұстарымды жетекшіден сұрап, біліктілігімді арттырып, дайындалып отырдым. Магистрант-машықкерлермен бірігіп, «Қазақстанның қазіргі таңдағы тарихнамасындағы методикалар мен аспектілер» тақырыбында сабақтан тыс шара ұйымдастырдық. Педагогикалық-ғылыми зерттеу сараманы мен үшін пайдалы, әрі қызықты өтті. Болашақта алған білімдерімді және әдістерді өзімнің сабақтарымда қолданатын боламын.
Практикант ақпаратты, іс-әрекет тәсілдерімен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және жеке адам игерген ұжымдық тәжірибенің фрагменті жөнінде оқытушының беретін білімімен шектеліп қана қоймай, оны ары қарай өз бетінше жеке практикасында белсенді, нысаналы танымдық іс - әрекеті нәтижесінде игеруі тиіс. Осыдан келіп, студенттердің танымдық ізденім паздығын дамытуды арнайы ұйымдастыру - оқу процесін ойдағыдай ұйымдастырудың негізгі шарты болып табылады. Оны жүзеге асыру жоғары оқу орындарында студенттердің танымдық белсенділігі мен іскерлігін ынталандыруға септігін тигізетін оқу процесін және педагогикалық, өндірістік және т. б. Іс-тәжірибелерді ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді. Студенттердің кәсіби-тұлғалық қасиеттерін дамытуға, кәсіби білік пен дағдыны меңгертуге, психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді тереңірек игеріп бекітуге жағдай жасай отырып, мұғалім тұлғасын қалыптастыру және даярлау жүйесінде маңызды орынға ие. Тіпті Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «кәсіптік практика мамандар даярлаудың бөлігі болып табылады және практика базасы болып табылатын тиісті мекемелерде өткізіледі, білімдерді бекітуге, практикалық дағдылар алуға және алдыңғы қатарлы тәжірибені игеруге бағытталады» деп атап көрсетілген.
Күні: ______________ж
Тарих мамандығының 2-курс магистранты: Сагидуллин С.Е
Достарыңызбен бөлісу: |