9. А. Байтұрсынов қазақ фонетикасының негізін салушы


Ассимиляция және оның түрлері



бет16/32
Дата10.01.2023
өлшемі99.24 Kb.
#468269
түріҚұрамы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32
ответи сессии

35.Ассимиляция және оның түрлері
Ассимиляция. Ассимиляция (лат. ұқсау) – морфемалар жігінде көрші келген дауыссыздардың акустика-артикуляциялық жақтан біріне-бірінің ұқсауы, бейімделуі, өзара тіл табысуы. Бұлар да бірін—бірі дауыстың қатысы (ат-ты, ат-қа, қа-ғаз-ға) және артикуляциясы жағынан игеріп тұрады. Соңғыға мысалы: қаңға (қан-ға), башшы (бас-шы), жамбады (жан-бады) т.б.
Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпалын үшке бөліп қараған жөн.
1. Прогрессивті ассимиляция
2. Регрессивті ассимиляция
3. Тоғыспалы ассимиляция
Прогрессивті ассимиляция
Қазақ тілінде прогрессивті ассимиляция өте күшті. Бұл заң бойынша алдыңғы морфеманың соңғы дауыссыз дыбысы кейінгі морфеманың басқы дауыссыз дыбысына акустикалық (дауыс қатысы) жақтан ықпал етіп, игеріп тұрады. Бұл, әсіресе сөз бен қосымшаның аралығында жақсы сақталады, яғни қосымшаның басқы дыбысы түбірдің соңғы дыбысына толық тәуелді болып тұрады.
Мұның өзі сөз бен сөздің аралығындағы дауыссыздарға тікелей қатысты. Дауыссыздардың әр түріне байланысты прогрессивті ассимиляция мынадай болады.
1. Үнді дауыссыздар сөзді аяқтап тұра алады және бұлар дауыстылар сияқты өзінен кейінгі морфеманың (қосымша, сөз) тек ұяң, үндіден басталуын талап етеді: мал-дың, мал-ға, ем-ді, ем-нен, аң-ды т.б.
Қатаң дауыссыздардан ерме с және ш дыбыстарынан басталатын қосымшалар: мал-шы, мал-сыз, ал-са, ал-сын, ем-сіз, ар-сыз т.б. Өзгелік етістің қатаң т жұрнағы да соңы л.н, р,й үнділеріне аяқталған туынды етістіктерге жалғана алады: жөнел-т, айнал-т, қинал-т, ойлан-т, ағар-т т.б.
Бұл заңаға бірер кірме қосымшаның басында кездесетін қ,к қатаңдары бағынбайды. Олар: -қор (жемқор, қам-қор), -қой (сән-қой, әзіл-қой, жанжал-қой), -кент (шым-кент, құм-кент, жар-кент), сондай-ақ әйелдердің есімдерінің құрамында кездесетін күл (гүл) сөзінің басқы дыбысы да ұяңданбайды: Базаркүл, Тойкүл, Әйкүл т.б.
2. Қазақ тілінде ұяң дауыссыздардан тек ж,з дыбыстары ғана сөз соңында келеді. Оның өзінде ж дыбысына аяқталған сөздер санаулы ғана (лаж, мұқтаж, уәж)
Бұл ұяңдарға біткен сөздерге дауыссыздан басталатын қосымшалар тек ұяң дыбыстардан басталады: жаз (зат), жаз-дың, жаз-ға, жаз-бен; жаз (етістік), жаз-ған, жаз-ды, жаз-ба.
Қатаңдардан тек с, ш дыбыстарынан басталатын ерме қосымшалар ғана қосыла алады. Оның өзінде сөз соңындағы ұяңдар (ж,з) регрессивті ассимиляцияға ұшырап, басқы дыбыстармен (с,ш) Алмасады: жасса (жазса), жашшы (жазшы), жассын (жазсын) т.б.
3. Қатаң дауыссыздардың бәрі де сөзді аяқтап тұра алады. Сөз соңындағы қатаңдар өзінен кейінгі морфемалардың тек қатаң дауыссыздардан басталуын талап етеді: тас-қа, тас-ты, тас-пен, тас-тай, кес-се, кес-кен, кес-ті.
Түбір мен қосымша арасында қатаңның прогрессивті ықпалынан пайда болатын бір-ақ алмасу кездеседі: Соңы қатаң ш-ға аяқталған сөздерге с дыбысынан басталатын қосымша жалғанса, с дыбысы ш-ға Алмасады: ашша (аш-са), шешше (шеш-се), қашша (қаш-са) т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет