9. А. Байтұрсынов қазақ фонетикасының негізін салушы



бет18/32
Дата10.01.2023
өлшемі99.24 Kb.
#468269
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32
ответи сессии

Тоғыспалы ассимиляция
Морфемалар аралығында қатар келген дауыссыздардың алдыңғысының өзінен кейінгі дыбысқа акустикалық жақтан, ал кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа артикуляциялық жақтан ықпал етуінің нәтижесінде екеуінің алмасуға ұшырауын тоғыспалы ассимиляция дейміз. Яғни тоғыспалы ассимиляция кезінде көрші дауыссыздар әрі прогрессивті, әрі регрессивті ассимиляцияға бірдей ұшырайды. Бұл екі түрлі жағдайда ғана, оның өзінде сөз бен сөздің аралығында кездеседі.
1. Алдыңғы сөз үнді н дыбысына бітіп, кейінгі сөз қ немесе к қатаңдарынан басталса, онда нқ және нк түріндегі дыбыс тіркесі ңғ, ңг дбыстарына алмасады. Мұның себебін былай түсіну керек: алдымен прогрессивті ассимиялция заңы бойынша ұяң н дыбысы қатаң қ, к дыбыстарын ұяң ғ,г дыбыстарымен алмасуға мәжбүр етеді де, тіл арты ғ, г тіл алды н дыбысына артикуляциялық жақтан регрессивті ықпал етіп, оны тіл арты ң дыбысына алмастырады: амаңгелді (аман келді), қаңғызыл (қан қызыл), қаңғұрт (қан құрт), жаңгешті (жан кешті) т.б.
2. Алдыңғы сөз с дыбысына бітіп, кейінгі сөз ж дыбысынан басталса, онда бұлардың екеуі де ш дыбысымен алмасады: ташшол (тас жол), башшақта (бас жақта), ташшарған (тас жарған), бешшыл (бес жыл), Дошшан (Досжан) т.б.
Қорыта айтқанда, дыбыстар үндестігі, дыбыстар тіркесі – қазақ тілі дыбыстық жүйесінің өзегі, қазақ тілінің өзі.


36.Аккомодация туралы түсінік
Аккомодация– морфемалар жігінде қатар келген дауысты және дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, бейімделіп айтылуы. Мысалы: ат, ет, от, өт деген сөздерде бір ғана т фонемасы дауыстылардың әсерінен төрт түрлі реңге ие болатынын білеміз. Бұл – буын ішіндегі ықпал.
Дауыстылар мен дауыссыздардың және керісінше, дауыссыздардың дауыстылармен көрші тұруында тарихи дамудың нәтижесінде қалыптасқан заңдылық бар. Аккомодация құбылысында қазақ тілінде негізінен дауыстылар дауыссыздарға күштілік жасап, өз ықпалын жүргізеді, көбіне дауыстың қатысы және айтылуы жағынан өзіне бейімдеп тұрады. Мысалы: тарағы (тарақ-ы), ағешкі (ақешкі), қарағой (қара қой) дегендерде дауыстылар дауыстың қатасы жағынан дауыссыздарды игеріп тұр деп түсіну керек.
Ал дауыстылардың артикуляциялық (айтылуы) жақтан әсері дегенде, әсіресе тілдің қалпы жағынан дауыссыздарға етер ықпалын айту керек. Яғни қазақ тілінде дауыссыздардың жуан және жіңішке болып айтылуы көбіне дауыстымен байланысты. Сондай-ақ жақтың, еріннің де ықпалы болады.
Морфемалар жігінде дауыстылар мен дауыссыздар және керісінше, дауыссыздар мен дауыстылар қатар келген кезде әрқашан дауыстылар күштілік жасайды да, аккомодациядағы ықпалдың түрі (прогрессивті, регреесивті) дауыстының орын тәртібімен байланысты болады. Сондықтан аккомодацияны екіге бөліп қараймыз:
1. Дауысты мен дауыссыздардың үндесуі (прогрессивті аккомодация)
2. Дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуі (регрессивті аккомодация)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет