61. Қазақ графикасыныӊ тарихы
Қазақ тілі жазудың осы үш түрлі жүйесін басынан өткізді. Қазақ жазуы 30-жылдарға дейін араб графикасын пайдаланып келеді де, 1929 жылы шілденің 25-інде Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің «Қазақтың жаңа емлесі туралы декреті жарияланғаннан кейін Қазақтың жаңа емлесі туралы декреті жарияланғаннан кейін латын графикасына көшті. Жаңа алфавитте 29 әріп болды: 9-ы дауыстыларды ( а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і), 18-і дауыссыздарды (б, г, ғ, д, ж, з, к, қ, л,м, н, п, р, с, т, h, ш), екеуі жарты дауыстыны (й, у) таңбалады. Емленің негізгі принципі фонетикалық болды. Бас әріп пайдаланылмады. 1938 жылдың басында қаулы қабылданып жазудағы негізгі принцип морфологиялық деп танылды және бас әріппен жазу заңдастырылады. Осы күнгі и, у, х, ф, в әріптері енгізіледі. Алайда латын графикасына негізделген жазудың өмірі қысқа болды.
1940 жылы орыс графикасына негізделген жазуға көшу туралы заң қабылданды, соның нәтижесінде қазіргі жазуға ие болдық. Алғашқы алфавитте 41 әріп болды. Алфавиттік қатарда алдымен орыс тіліне тән әріптер, содан соң орыста жоқ, қазақ тіліне ғана тән әріптер тұрды. Бұл тәртіп 1957 жылы өзгеріп қазіргідей күйге келді, яғни а, ә, б, в, г, ғ деген сияқты және қазақ алфавиттерінің қатарына ә әрпі қосылды.
Қазіргі қазақ алфавитінде 42 әріп бар.Оның 33-і орыс тілінен өзгеріссіз қабылданды да, орыс графикасының негізінде жаңадан тоғыз әріп (ә, ғ, қ, ң, ө, ү, ұ, і, h) жасалады. Бұл әріптердің 25-і дауыссыздардың, 15-і дауыстылардың таңбасы, екі әріпте (ь,ъ) дыбыстық мән жоқ.
Рас, тілдегі дыбыстарды бас-басына жеке әріппен таңбалау, әсте мүмкен емес. ондай жағдайда өзімізге таныс ат, от, ет, өт сөздерінің құрамындағы т-ға төрт түрлі таңба табу керек болады. Сондықтан алфавиттік жазу көбіне фонемаға негізделеді де, әріп саны тілдегі дыбыстардан әлдеқайда кем болып шығады. Мұндай жағдайда жазу айтудың барлық ерекшеліктерін бере Алмайтыны аян. Орыстың алфавиттік жазуы фонемаға негізделген. Бір ғана фонема қолдану барысында әлденеше дыбыстық реңге ие болады.
Қазақ жазуы да фонемалық жазу. Үндестік заңына сәйкес кез келген фонема бірнеше реңде ұшырайды.
Әріптер негізгі және қосалқы мәнді болып келеді. Егер әріп сөз ішінде жеке тұрғандағыдай дыбысталса, онда негізгі мәнде тұрғаны. Ал ол сөз ішінде жеке тұрғандағыдай дыбысталмаса, онда қосалқы мәнде тұрғаны. Мысалы: бала, жаз, екі, елес, сары сөздеріндегі б, з, і, е, ы әріптері негізгі дыбыстық мәнде қолданылып тұрса, ал араб, жазса, үкі, үлес, ұры дегенде, олар қосалқы мәнге ие болып тұр, яғни б-п, з-с, дыбыстан көз жазып қалады, графика үшін сөздің мағынасы і-ү, е-ө, ы-ұ болып дыбысталады да, әріп өзі таңбалайтын, айқындайтын әріптердің негізгі мәні маңызды. Ал әріптердің қосалқы мәні орфография ережесіне сай қолданылуынан көрінеді.
Қазақ алфавитіндегі әріптер негізгі мәнісіне қарай екі топқа бөлінеді: бір мәнді және көп мәнді. Бір мәнділер (ә, о, ө, ұ, ү, к, г, қ, ғ) үнемі бір-ақ дыбысты бейнелесе, ал қалған әріптер екі, тіпті үш-төрт мәнді болып келеді. Мәселен: б,д,ж,с,ш әрі жуан, әрі жіңішке айтылатын дыбысты таңбалайды; тоба-төбе, дау-дәу, қожа-көже, аса-есе, ұшық-ішік. Ал и,у,ю әріптері үш-төрт мәнді болатыны жоғарыда айтылды
Достарыңызбен бөлісу: |