9. А. Байтұрсынов қазақ фонетикасының негізін салушы



бет15/32
Дата10.01.2023
өлшемі99.24 Kb.
#468269
түріҚұрамы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
ответи сессии

Ерін үндестігі
Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметі жағынан ыңғайласып, үйлесіп келуін ерін үндестігі дейді. Бұл заң бойынша сөздің бірінші буынында еріндік дауысты болса, қалған буындарында да еріндіктер тұруға тиіс.
Қазіргі қазақ тіліндегі ерін үндестігі жайында пікір айтушылар академик I.Кеңесбаевтың тұжырымын негізге алып жүр. 1954 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілінің» фонетика тарауында былай делінген: «Әдеби тілде ерін үндестігі тіпті еленбейді десе де болады. Осыған қарағанда ерін үндестігінің қазақ әдеби тілі үшін айтарлықтай үлкен мәні бар деуге болмайды». Ал келесі бетте мынадай жолдар жазылған: «Қазақтың ауызекі тілінде аздап болса да ерін үндестігі байқалады. Ерін үндестігінің күші үш буыннан аспайды: әсіресе екі буынды сөзде ерін дауыстысымен келген алғашқы буынның еріндік ықпалы анық сезіліп тұрады: үшінші буында солғындау сезіледі». Осы қағида фонетика оқулығының кейінгі басылымдарында да өзгеріссіз қайталанып жүр.
Бұдан шығатын тұжырым: Қазіргі қазақ тілінде бірінші буында еріндік дауыстылар (о, ө, ұ, ү) келіп (оларды жазбасқа мүмкіндік жоқ), екінші буында езулік (е, ы, і) әріптері жазылса, онда олар (е, ы, і) сөзсіз еріндік (ө, ұ, ү) болып айтылады. Бұған шек келтіру мүмкін емес. Тіпті «Қазақ тілінде өзге түркі халықтарының тілдеріндегі сияқты еріндік дауысты дыбыстар үндестігі жоқ»-дейтін автор да: «құлұн, жұлұн, бұрұн, күңгүрт, орұн, тоғұз, күрөк, жүрөк, бөлмө, төсө сияқтанып естіліп тұрса да»-деп мойындауға мәжбүр.
Сөздің айтылу нормаларын арнайы қарастырған еңбегінде Р.Сыздықова да ерін үндестігіне сақтықпен қарайды.
«Сөздің басындағы немесе бірінші ашық буындағы ұ, ү, у, о, ө дыбыстары және екі дауыстының ортасында келген у дыбысы (тауық, бауыр сияқты сөздерде) келесі буындағы ы, і дыбыстарын өзгертіп, ұ, ү-лерге жуықтатып естіртеді…Мысалы: кү-ліп, құ-лын, бү-гін, о-рын, ө-мір деген сөздер құлұн, бүгүн, орұн, күлүп, өмүр болып айтылады. Еріндік дыбыстардың ықпалы үшінші, төртінші буындарда біртіндеп әлсірей береді. Мысалы: күмістің деген сөздің екінші буыны ү-ге ұқсап, соған жуық айтылса, үшінші буынында і-ге жуықтау айтылады: күмүстің.
Сол сияқты сөздің басындағы немесе бірінші ашық буындағы ө дыбысы келесі буындағы е дыбысын өзіне жуықтатыңқырай естіртеді, бұл әсердің күші үшінші, төртінші буындарда әлсірей түседі. Мысалы: ө-нер, кө-ре-ді, ө-сер, көбе-лек, жү-рек, күрек деген сөздер өнөр, көрөді, көбөлек, жүрөк, күрөк болып айтылады.
Қазіргі кезде бұл сияқты ерін үндестігі байқалатын сөздерді жазылуынша оқу орын алып барады, әсіресе, екінші буындағы е дыбысын э етіп, өрэр, үлэс, өрэн түрінде айтушылық байқалады. Бұл, әрине, қате. Ал «қолтық, қойдыр, құлдық, көркем, көлде,бөрте» сияқты сөздердің екінші буындарындағы ы, і, е дыбыстарының езулік болып айтылуы сәл солғындау (күмүс, өнөр дегенге қарағанда).
Осыдан бір ғасыр бұрын қазақ тілінде ерін үндестігі мықты болғанын ірі түркологтар В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский .б. ғалымдардың еңбектерінен жақсы көруге болады.
Акад. В.В.Радлов «Опыт словаря тюркских наречи»деп аталатын еңбегіндк қазақ сөздерін мол қамтыған. Фонетика тұрғысынан сөздіктің бір артықшылығы сөздер орыс алфавиті негізінде жазылған. Ал араб алфавитімен жазылған сөздерден әсіресе ерін үндестігін айқындау мүлдем қиын. Түркі сөздерінің дыбыстық жүйесін дұрыс беруді мақсат еткен В.В.Радлов қазақ сөздерін: бөлтүрүк, бөбөшүк, жұмұсшұ, жұлдұздұ түрінде жазған. «Түркологияның атасы» аталған академик В.В.Радлов сөздерімізді бұзып жазған деуге ешқандай ақымыз жоқ.
Қазақ тілінің грамматикасын жазған профессор П.М.Мелиоранский қазақ сөздерін төрөлөр, төрөлөрдүң, төрөлөргө, төрөлөрдү, төрөлөрдөн деп жіктейді.
Сингармонизм – тіліміздің тарихи дамуының нәтижесінде қалыптасқан заңдылық, өзге тілден ерекше етіп тұратын өзіндік жарасым. Тіліміздің табиғи жарасымдылығына ерін үндестігі де жатады. «Ерін үндестігі өткен ғасырлар ішінде күшті болған, енді әлсіреп құрып барады» (акад.Н.Сауранбаев) десек, оған себеп, біріншіден, жазудың ықпалы, өзіміздің құнтсыздығымыз болса, екіншіден, артикуляциялық базамыздың дамуы, ерін үндестігі жоқ көрші тілдердің әсері деп қарау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет