9. А. Байтұрсынов қазақ фонетикасының негізін салушы



бет13/32
Дата10.01.2023
өлшемі99.24 Kb.
#468269
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
ответи сессии

30.Үндестік,заңы.
Морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустика-артикуляциялық жақтан бейімделіп, үйлесіп тұруын дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы дейміз.
Дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы қазақ тілі фонологиясының ең өзекті мәселелерінің біріне жатады. Дыбыстардың акустика-артикуляциялық сипаттарын нақты білгенде ғана бұл заңдылықты жақсы және түсінуге болады. Олай болса, тіліміздегі дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп бөлу, оларды сан және сапа жағынан айқындау, әр дыбысқа тән белгі-қасиеттерді мұқият оқып, үйрену - алдымен осы дыбыстардың үндесу заңдылықтарының сырын, сипатын білуге, айқындауға қажетті бірден-бір тетік, кілт деп қараған жөн.

Қазіргі қазақ тілінде түбір мен қосымшаның аралығында қатар келген буындар мен дыбыстардың өзара үйлесімі, яғни тілімізге тән, өзімізге мектептен таныс, негізгі үндестік заңдар мынадай болып келеді:


1. Түбірдің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан буынды болады: мал-шы-лық-та, ал-ды-рың-дар, институт-тар-дың, қала-лық-тар-ға, республика-мыз-дың, жылқы-лар-ымыз.
2. Түбірдің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке буынды болып келеді: мек-теп-тер-ің-ді, кел-тір-ің-дер, университет-ім-ді, пионер-лер-дің, қате-лік-тер-ді, мұғалім-дер-ге.
3. Түбірдің соңғы дыбысы дауысты не үнді болса, оған жалғанатын қосымшалар ұяң не үндіден басталады: бала-лар, бала-ға, бала-да, бала-мен, жел-дің, жел-ге, жел-мен.
4. Түбірдің соңғы дыбысы ұяң болса, қосымша ұяңнан басталады: қаз-дар, қаз-ға, жез-ге, жез-ді, мұқтаж-дық.
5. Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса, қосымша тек қатаңнан басталады: мақсат-қа, мақсат-тан, мақсат-пен, университет-те, университет-пен.

31.Cингормонизм туралы түсінік. Сингормонизнің түрлері
Сингорманизм (грек. Sun– бірге және harmonіa-байланыс, үндесу) – түркі тілдеріне тәне аса күшті заң. Осы уақытқа дейін сингормонизм дауысты дыбыстардың үндесуі немесе буын үндестігі делініп келді: «түбірдегі дауысты жуан (не жіңішке) болуына қарай оған тікелей көршілес қосымшадағы дауысты да тиісінше жуан (не жіңішке) болуы алдындағы өзімен тетелес қосымшамен байланысты; біртіндеп, сатылап барып бір буын екінші буынды ілестірумен барабар, сөздегі барлық буындарға арқау түбірдің дауыстысы». Яғни қосымшадағы дауыстының сипаты түбіріндегі дауыстыға байланысты, бірімен бірі үндесіп тұрады. Бұл, әрине, негізінен дұрыс.
Ә. Жүнісбеков өз зерттеулерінде түркологияда сингорманизм туралы ертелі-кеш айтылған пікірлерді елеп-екшеп, соны бір қорытындыға келді, тілімізді басы артық қоспалардан арашалап, осы уақытқа дейін еленбей келген тың арнаның көзін ашты. Атап айтқанда:
Сингорманизмнің басты фонологиялық қызметі- қазақ сөзінің өн бойында біркелкі тембрдің сақталуында. Бұлай болмаған жағдайда сөз құлаққа жағымсыз естіліп, қабылдауды, түсінуді қиындатады.
Үндіевропа тілдеріндегі фонеманың конститутивтік қызметін түркі тілдерінде сингорманизм атқарады.
Сингорманизм тіл және ерін үндестігі түрінде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет