9. А. Байтұрсынов қазақ фонетикасының негізін салушы


Дауыссыз дыбыстардың айтылу мен жазылуындағы ерекшеліктер



бет11/32
Дата10.01.2023
өлшемі99.24 Kb.
#468269
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
ответи сессии

27.Дауыссыз дыбыстардың айтылу мен жазылуындағы ерекшеліктер
Қазақтың төл сөздерінде л, р дыбыстарының алдынан ы, і дыбыстары айтылады, бірақ жазылмайды.


АЙТЫЛУЫ

ЖАЗЫЛУЫ

Ыриза
Ырақат
Ырас
Ірең
Ірет
Іреніш
Ылайық
Ылақ
Ылажсыз
Ылаңкес
Ілебіз
Ілезде

Риза
Рақат
Рас
Рең
Рет
Реніш
Лайық
Лақ
Лажсыз
Лаңкес
Лебіз
Лезде

28.Дауыссыз дыбыстарды жасалуы мен артикуляциялық орнына қарай топтастыру
1. Қатаң дауыссыз дыбыстар таза салдырдан жасалады. Қатаң дауыссыз дыбыстар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ.
2. Ұяң дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з – салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалады. Ұяң дауыссыз дыбыстарда үннен салдыр басымырақ болады.
3. Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстар үнді дауыссыз дыбыстар деп аталады. Олар: р, л, й, у, м, н, ң.
Дауыссыздардың кейбіреулері дауыстың қатысуымен жасалса, қайсыбіреулері дауыстың қатысуынсыз жасалады.Осыған орай, дауыссыздар екі топқа бөлінеді: оның бірі – қатаң дауыссыздар, екіншісі – ұяң дауыссыздар. Қатаң дауыссыздар деп дауыстың қатысынсыз жасалған дауыссыздарды айтамыз да, ұяң дауыссыздар деп дауыстың қатысуымен жасалған дауыссыздарды айтамыз.
Егер дауыссыздарды айқанда, дауыс шымылдығы жиырлып қысылмаса ж\е дауыстың қатысы болмаса, онда қатаң дыбыстар жасалады. Мысалы: қ,к,т,п,с ж\е т.б.Егер дауыссыздарды айтқанда,дауыс шымылдығы үн шығарарлық қалыпта болса,онда ұяң дыбыстар жасалады. Мысалы: ғ,г,д,б,з ж\е т.б
Қатаң дауыссыздар мен ұяң дауыссыздар түрлі ділдерде дауыстың қатысуы жағынан ажыратылмайды да, өз-ара жұп-жұбымен айтылады.Тіл-тілде қатаң дауыссыздардың ұяң сыңарлы, керісінше ұяң дауыссыздардың қатаң сыңарлары бар. Мысалы:к-г, п-б, т-д, с-з, ф-в, ж\е т.б
Дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай ауыз жолды ж\е мұрын жолды дауыссыздар болып 2 топқа бөлінеді.Егер жұмсақ таңдай жоғары көтеріліп, жұтқыншақтан мұрын қуысына баратын кіре беріс жолды жауып тұрса, онда ауа ауыз қуысымен өтеді де, осының нәтиежесінде ауыз жолды деп алатын дауыссыздар жасалады.Егер жұмсақ таңдай төмен түсіп, жұтқыншақтан мұрын қуысына баратын кіре беріс ашық болса, онда ауа мұрын қуысына өтеді де, осының нәтиежесінде мұрын жолды деп аталатын дауыссыздар жасалады. ( Мысалы:м,н…).
Артикуляциялық жолын қарай салдыр дауыссыздар шұғыл дауыссыздар ж\е ызың дауыссыздар болып 2 топқа бөлінеді.
Шұғыл дауыссыздарды айтқанда дыбыстау мүшелері бір-біріне жабысады да, бірден кілт ажырасып кетеді, осының нәтиежесінде ауа үзіліп, шұғыл шығады.Шұғыл дауыссыздардың осы қасиеті ескеріліп, олар эксплозив дауыссыздар деп те аталады. Шұғыл дауыссыздар мыналар: п,б,т,д,ж,қ,ғ.
Шұғыл дауыссыздардың айтылу ерекшелігін т дыбысының артикуляциялық жолын сипаттаудан да аңғаруға болады.Бұл дыбысты айтқанда, тілдің ұшы күрек тіспен жымдасып, бірден кілт ажырап кетеді де, ауа шұғыл шығады.
Ызың дауыссыздардың дыбыстау мүшелерінің жылдамдасуынан емес, тек өз-ара жуысуынан,соның нәтиежесінде, ауаның сүзіліп шығуынан жасалады. Ызың дауыссыздар кейде фрикатив дауыссыздар деп те аталады.
Олар мыналар:в,ф,ғ,с,ш,х,з,ж,һ.
Ызың дауыссыздардың айтылу ерекшелігін х дыбысының артикуляциялық жолын сипаттаудан да аңғаруға болады. Бұл дыбысты айтқанда, тіл мен таңдай нық жабыспай, тек бір-біріне жуысады да, ауа сүзіліп ызыңмен шығыды.
Тіл-тілде ызың дауыссыздар мен шұғыл дауыссыздардың ерекшеліктерін бірдей қамтыған дауыссыз дыбыстарда кездеседі.Мұндай дауыссыздар аффрикат дыбыстар деп аталады.
Дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық жолы мен артикуляциялық орнына қарай жіктеліп,
топ-топқа бөлінуін жете білудің дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өз-ара үндеу заңдылығынтүсіну үшін үлкен мәні бар.
Тіл білімінде дауыссыз дыбыстар консонтизм деп те аталады.
Дыбыстылардың жасалуының анатомия-физиологиялық жалпы жағдайының ерекшелігі мынада: сөйлеу каналында салдыр тудырарлықтай елеулі кедергінің болмауы ж\е ауа ағысының баяу өтуі.
Ауа ағысының баяуы дауыстылардың жасалуының қажетті ж\е басты шарты болып саналады.
Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі 3 түрінің қатысы мен қалпына қарап, атап айқанда,1)тілдің қалпына ,2)еріннің қалпына ж\е 3) жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет