48. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардыӊ жақтыӊ қатысына қарай түрлері
Жақтың қатысына қарай:
а) ашық дауыстылар: а, ә, о, ө, е.
ә) қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
Ашық дауыстыларды айтқанда астыңғы жақ барынша тө-мен түседі де, қысаңдарды айтқанда бір-біріне жуықтай
түседі. Алайда ауаның еркін шығуына кедергі жасамайды. Ал жарты-лай ашықтар осы екеуінің аралығында айтылады.
Дауыстылардың жақтың қатысына қарай жіктелуін тілдің тік бағытта қозғалуы түрінде де тануға болады. өйткені тіл
жақ-тың қалпына қарай жоғары, төмен қозғалатынын аңғару қиын емес. Орыс тілінде дауыстылар тілдің көлбеу және тік
бағытта қозғалуына қарай жіктеледі.
49.Қазақ фонетикасының 1960-1990 жыллардағы зерттелуі
Жұбаныш Аралбайұлы Аралбаев (26. 11. 1920 жылы туған, Қарақалпақстан, Шымбай ауданы — 1990, Алматы қаласы ) — тіл білімі маманы, филология ғылымдарының кандидаты (1949), доцент.
Қарақалпақ мемлекеттік мұғалімдер институтын (1937), Шымбайдағы педагогикалық институтты (1945) бітірген. 1937-1938 жылы мектепте мұғалімі. 1938-1939 жылы Шымбайдағы педагогикалық училищеде оқытушы. 1939—1940 ж. Кеңес Әскері қатарында қызмет етеді. 1940-1942 ж. Шымбай педагогикалық училищесінде мұғалімі, оқу бөлімі меңгерушісі. 1943-1945 жылдары. Қарақалпақ мұғалімдер институтының филология факультетінде аға оқытушы, декан. 1945-1961 ж. ҚазМҰУ-дың аспиранты, осы университетте оқытушы, қазақ және жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі болды. 1961 жылдан бастап өмірінің ақырына дейін А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында экспериментальды фонетика бөлімінің меңгерушісі болып істеді. Академик І.Кеңесбаевтың жетекшілігімен "Қазіргі қарақалпақ тілінің фонетикалық жүйесі" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Қазақ және қарақалпақ тілдерінің фонетикасы жайлы 100-ге тарта мақалалар және екі-үш монографияның авторы.
50.Дауысты дыбыстардың емлесі
Дауысты дыбыстарды емлесі.
А –жуан, ашық, езулік дауысты дыбыстың әрпі. Ол жуан сөздердің барлық буынында, байырғы, кірме сөздерді талғамай жазыла береді. Мысалы: баба, ата, ағайын, адырна, авиабайланыс т.б.
Ә – жіңішке, ашық, езулік дауысты дыбыс. Ә әрпі жіңішке сөздің басқы буынында ғана жазылады, соңғы буында жазылмайды. Мыс: әке, әже, әдемі, әсем т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |