Ескерту: 1.Санаулы сөздердеәәрпі сөздің екінші буынында жазылады: күнә, сірә, куә, мәрмәр, Күләш, т.б. 2. Біріккен сөздер мен қос сөздердің екінші сыңарында ә әрпі жазылады: Әбдікәрім, Асанәлі; тәлім – тәрбие, дәрі – дәрмек, т.б.
О– жуан, ашық, еріндік дыбыстық әрпі, байырғы сөздерде сөздің алғашқы буынында жазылады: озат, оймақ, ойпат, ойын, т.б.
Ө– жіңішке, ашық, еріндік дауысты дыбыстың әрпі. Сөздің алғашқы буынында жазылады, соңғы буынында жазылмайды: өрнек, өнеге, көктем, өнім, т.б.
Ескерту: Біріккен сөз бен қос сөздің екінші сыарында ө әрпі жазылады: көркемөнер; көл – көсір.
Ұ– жуан, қысаң, еріндік дауысты дыбыстың әрпі. Сөзде орын талғайды, ол сөздің алғашқы буынында жазылады: тұқым, ұршық, ұстаз.
Ү – жіңішке, қысаң,еріндік дауысы дыбыс. Ү әрпі жіңішке сөздің алғашқы буынында жазылады: үшаяқ, үшбұрыш, т.б.
Ы, І– жуан және жіңішке, қысаң, езулік дауысты дыбыс. Бұл әріптер сөзде орын талғамайды, сөздің барлық буынында жазыла береді: кіреуке, ызғырық, т.б.
И – қысаң, езулік дыбыстың әрпі. Ол жазуда ый, іи дыбыстарының тіркесін де белгілейді: быйыл – биыл, кійім – киім, т.б
У– дифтонг дыбыстың әрпі. Ол дауысты және дауыссыз у әрпін де таңбалайды, жуан сөзде де жіңішке сөзде де жазыла береді: тау, жау, тәуелсіз, тәуекел, т.б.
Э, еәріптері орыс тілінен кірген сөздерде жазылады: экскурсия, эпиграф, актер, т.б.
Юәрпі қосынды й+у дыбыстарын таңбалайды.1. Байырғы сөздерде қолданылады: аю, қою, қию, жию, тию, т.б. 2. Орыс ілінен енген сөздерде қолдаылады: юбка, юмор, велюр, т.б.
Я әрпі й+а дыбыстарның тіркесін таңбалайды. 1. Байырғы сөздерде: тая, қоян, тұяқ, т.б. 2. Орыс тілінен енген сөздерде жазылады: геометрия, ядро, яхта, т.б.
51.Дауысты дыбыстардыӊ ерініӊ қызметіне қарай топтастырылуы
2. Ерін қатысына қарай:
а) Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
ә) Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
Еріндік дауыстыларды айтқан кезде ерін дөңгеленіп, сүйірленеді де, езуліктерді айтқанда ерін екі жаққа қарай тартылып, езу жиырылады. Еріндік дауыстылардың да тіліміздің байырғы заңы сингорманизмді (оның ішінде ерін үндестігін) танып білуде мәні зор.
Көрші буындардың бірыңғай жуан не жіңішке, еріндік не езулік болып келуі (яғни сингорманизм заңы) тіл мен еріннің неғұрлым үнемді қызметіне негізделген.
Еріннің қатысына қарй: а) еріндік дауысты дыбыстар еріннің дөңгеленуі арқылы жасалады (ұ,ү- доғал ерін, о,ө- сүйір ерін); ә) езу дауысты дыбыстар еріннің бейтарап қалпы арқылы жасалады (а,ә,ы,і-езу, е-емеурін);
Достарыңызбен бөлісу: |