9. А. Байтұрсынов қазақ фонетикасының негізін салушы


Ж.Аралбаевтың қазақ фонетикасы бойынша зерттеулері



бет29/32
Дата10.01.2023
өлшемі99.24 Kb.
#468269
түріҚұрамы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
ответи сессии

58. Ж.Аралбаевтың қазақ фонетикасы бойынша зерттеулері
Қазақ тіл білімінің қалыптасуында өзіндік орны бар ғалымның бірі – Ж. Аралбаев. Ғалым қазақ тілі фонетикасының фонемалар құрамы мен олардың айтылу ерекшеліктерін, сингармонизм зандылығын, буын жігін және т.б. сияқты өзекті мәселелерді зерттеді. Сонымен бірге Ж. Аралбаев – өз еңбектерінде қазақ фонетикасының тарихына ракурс жасап, алғаш рет қазақ фонетикасының пән ретіндегі терминдерінің ықшам сөздігін жасаған ғалым (Вокализм казахского языка (1970); Вопросы казахской фонетики и фонологии (авт.бірі) (1971); Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер (1988). Ж. Аралбаевтың қазақ тілінің фонема теориясының дамуына қосқан үлесінің мәні мен жаңалығы, біріншіден, фонемаларды бір-біріне қарсы қойып айқындауында, екіншіден, олардың тек өзінің комбинаторлық не позициялық варианттарында көрініс табуын нақты мысалдармен дәлелдеуінде еді. Ғалым фонетиканың тарихи мәселелеріне де назар аударып, қазақ тіліне байланысты ламбдацизм, ротацизм құбылыстарын және дыбыстардың ілгерілеу процестері жайында сөз қозғап, ритмикалық және ой екпіні, фразалық әуен, интонацияның семантика-синтаксистік функциялары жөнінде де құнды пікірлер айтты. Бұл пікірлер қазақ тілінің дыбыс құрамын экспериментті түрде зерттеу қажеттілігіне алып келді. Осымен байланысты бөлім қызметкерлері диссертациялық зерттеулерін эксперименттік жұмыстар негізінде жүргізді (Ә. Жүнісбеков, С. Татубаев, Н. Түркпенбаев, М. Райымбекова, А. Қошқаров, С. Кеңесбаева, З. Базарбаева).


59.Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар тіркесі
Дәстүрлі қазақ фонетикасында дауыссыздар тіркесіне қатысты ілгерінді/кейінді ықпал деген ұғым пайдаланылады. Алайда оның анықтамасы тілдік фактыны дәйектеумен ғана аяқталады. Мысалы, «с дыбысы ш дыбысының ықпалымен ш дыбысымен алмасады: басшы-башшы» т.б. деген сықылды. Бірақ сол алмасудың күрделі тілдік құбылыс екеніне қарамай, фонетикалық себептері айтылмайды. Дыбыс тіркесі жайлы еңбектерде оларды барлық уақытта әріп қрамына қарай топтастырады, ал шын мәнінде артикуляциялық түрленіміне қарай топтастыру керек болады дейді проф. Ә.Жүнісбек. Ғалым пікірінше әріп құрамына қарай топтастыру фонетикалық талданымға жатпайды. Артикуляциялық түрленіміне қарай топтастыру фонетикалық талданым болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет