-
номиналды және іс жүзіндегі өндірістік қуаттылық;
-
сызба түрінде өндірістік циклды сипаттау (шикізатты жеткізуге тапсырысты орналастыру кезінен бастап тауар партиясын сатып алушыға беруге дейін кезеңдер мен уақыт шығыны;
-
өнімдерді (қызметтерді) өткізу бағдарламасы (натуралды түрде жылдар бойынша сатудың жоспарлаған көлемдері, сату бағасы, елдер бөлігіндегі экспорт үлесі).
2.5 Шикізатты, материалдар мен толымдаушыларды зерттеу нарығы -
Шикізаттың, материалдар мен толымдаушылардың номенклатурасы, сипаттамасы;
-
Шикізаттың, материалдар мен толымдаушылардың қол жетімді болуы (өндіруші/жеткізушіде рұқсат құжаттардың бар болуы, қордың жеткілікті болуы, қайта өндеу жерлерінен алшақтығы, бар кедендік, салықтық және т.б. кедергілер);
-
Нарықтағы бар ұсынысқа бағалау (негізгі өндірушілер, өндіріс көлемі, сапасы, бағасы, қайта өндеу жерлерінен алшақтығы);
-
Нарықтағы бар сұранысқа бағалау (негізгі тұтынушылар, тұтыну көлемдері);
-
Шикізат, материалдар мен толымдаушылар нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың күтілетін өзгеруі;
-
Шикізатқа, материалдар мен толымдаушыларға баға деңгейінің күтілетін өзгеруі;
-
Шикізат, материалдар мен толымдаушылар үшін нарықта тәжірибеленетін жеткізудің шарттары мен мерзімдері, төлемдері;
-
Жоба бойынша жабдықтау бағдарламасы (жылдар бойынша натуралды түрдегі жоспарланған көлемдер және сатып алу бағасы).
2.6 Жобаның келісімшарттық пысықталуы -
Жобаның шикізат, материалдар мен толымдаушыларды сатып алуға келісімшарттармен қамтамасыз етілуі (жеткізушілердің тізбесі, сомалар, бағалар, көлемдері, жеткізу шарттары мен мерзімдері, төлемдер, кесте нысанында);
-
Жобаның өнімді өткізу келісімшарттарымен (кесте нысанында – жеткізушілер тізбесі, сомалар, бағалар, көлемдер, жеткізу шарттары мен мерзімдері, төлемдер), соның ішінде Offtake келісімшарттары, жеткізуге келісімшарттар, концессиялық келісімдер, табыстылықты қамтамасыз ететін өзге де келісімшарттармен қамтамасыз етілуі. Келісімшарттар бойынша жеткізудің/сатып алудың/ жауапкершіліктің мерзімі, сомасы, көлемі;
-
Шетелдік әріптес болған жағдайда (бас мердігер, жеткізуші, сатып алушы, оператор), даулар мен арбитраждарды шешу шарттарын, құзырет пен қолданылатын құқықты сипаттау.
-
Дайын өнімнің бірлігіне шикізат пен материалдардың іс жүзіндегі-жоспарланған қазақстандық мазмұныны бойынша ақпарат.
3. Техникалық тарау және жоба бойынша сатып алу
3.1. Жобаның орналасқан жерін таңдау негіздемесі 3.1.1. Жобаны орналастыру жері Жобаның орналасқан жерін таңдау негіздемесі және жобаны орналастыру орнын таңдаған кезде шешуші рөл атқарған ең маңызды факторларды сипаттау; -
Жобаны іске асыруға қажетті көлік байланыстарының, инженерлік желілердің (электр энергия, су, жылу, кәріз байланысы және т.б.), ресурстардың (еңбек, материалдар, шикізат және т.б.), бос және бағасы бойынша қол жетімді жер учаскелерінің, өндірістік алаңшаларының бар болуы/болмауы.
3.1.2. Өндірістік алаңша -
Жобаның мекенжайы – іс жүзінде орналасқан жері ;
-
сыртқы алаңша тораптарын және коммуникацияларды, көлік инфрақұрылымы және жобада әрекет ететін өзге де объектілерді көрсетіп, жақын тұрған елді мекендерге қатысты өндірістік алаңшаның орналасу жоспар-сызбасы;
-
құрылысы бар және жобаланған өндірістік және қосымша ғимараттардың, имараттар мен үй-жайлардың, қоймалардың (оларды пайдалануын нақтылап) блок/модульдері орналасуын көрсетіп, бар және жоспарлаған коммуникация желілері орындарын, олардың сипаттамалары мен өзге де шарттарын белгілеп, жоба іске асырылуға жоспарланған алаңша(лар) аумақтары сипатталған аумақты жоспар;
-
жоба жүзеге асыруға жоспарланған жер учаскесінің меншік иелері (қазіргі және/немесе жоспарланған) туралы ақпарат;
-
жергілікті өкілетті органдарының жер учаскесін объект құрылысына пайдалануға рұқсаты.
3.1.3. Инфрақұрылымды қамтамасыз ету Энергия жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, кәріз, газбен жабдықтауды, сумен жабдықтауды және т.б. қоса алғанда, өндірістік алаңшаның инфрақұрылымын нақты сипаттау. -
Таңдалған өндірістік алаңшаның жоба қажеттілігіне сәйкес келуін растау;
(Құрастыру үлгісі)
№ р/р
|
Атауы
|
Қосу нүктелеріне дейін арақашықтық
|
Қосу нүктелерінің жоба бойынша қажетті қуаттылығы
|
Қосылу нүктелерінің қолдағы қуаттылығы (бос, пайдалануға болжамдалған)
|
Ескертулер
|
1
|
Электрмен жабдықтау
|
|
|
|
|
2
|
Жылумен жабдықтау
|
|
|
|
|
3
|
Сумен жабдықтау
|
|
|
|
|
4
|
Кәріз
|
|
|
|
|
5
|
Газбен жабдықтау
|
|
|
|
|
|
басқалар
|
|
|
|
| -
Жеткізуге техникалық жағдайлар мен шарттар және жоба бойынша қажет ететін энергия қорын жіберу;
(Құрастыру үлгісі)
№
р/р
|
Атауы
|
Қызмет жеткізуші
|
Бөлінетін қуаттылық
|
Шарт, Тех. шарттар
|
Ескертулер
|
1
|
Электрмен жабдықтау
|
|
|
|
|
2
|
Кәріз
|
|
|
|
|
3
|
Жылумен жабдықтау
|
|
|
|
|
4
|
Сумен жабдықтау
|
|
|
|
|
5
|
Газбен жабдықтау
|
|
|
|
|
|
басқалар
|
|
|
|
| -
Жобаның орналасқан жерін таңдаған кезде көлік инфрақұрылымын толық сипаттау;
-
Шикізатты өндірістік алаңшаға және оны сақтау орнына жеткізу (алу) тәсілі, шикізатты тікелей технологиялық жабдыққа дейін жеткізу тәсілін, сондай-ақ дайын өнімді тасымалдау мен сақтау тәсілін сипаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |