А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет108/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

 
 
16.2 Өткізгіш жүйе, жүректің тамырлары мен жүйке-жүйесі 
Сабақтың мақсаты: Өткізгіш жүйе, жүректің тамырлары мен жүйке
жүйенің құрылысын игеру 
Жүректің синовентрикулярлы жүйесіsystema sinoventriculares 
cordis–жүректің қалыпты жұмысымен қамтамасыз етеді. Онда, екі түйінді 
ажыратады 
— 
синоаурикулярлы 
және 
атриовентрикулярлы, 
атриовентрикулярлы буда мен Пуркин талшығын. 
Синоаурикулярлы, немесе синусты түйін — nodus sinuatrialis (nodulus 
sinoauricularis, Keith—Flack) — бозғыл – қызыл түсті, Оң жүрек құлағы мен 
алдыңғы қуыс венаның арасындағы шекаралық жерде орналасқан. Оның пішіні 
семсер тәрізді, ұзындығы 3-5 см, ені 1 см және қалыңдығы 3 мм болып келеді.
Атриовентрикулярлы, немесе жүрекше түйіні — nodus atrioventricularis
(Aschoff—Tawara)— үлкен жүрек венасының қасындағы сопақша шұңқырдан 
алшақ 
вентральды 
түрде 
жатыр. 
Өзінің 
краниальды 
ұшымен 
атриовентрикулярлы будаға ауысады. 
Атриовентрикулярлы буда — fasciculus atrioventricularis — жалпы аяқшалар 
түрінде көрсетілген — crus communis, оның ұзындығы 0,9—1,2 см, ені 5—7 
мм; қарыншалардың жиектерінде оң жіңішке және сол қалың аяқтарға бөлінеді 
— crus dextrum et sinistrum. Құрамында көлденең бұлшық еті бар оң аяғы 
жүректің қабырғасына бірте-бірте ауысады. Ал сол аяқшасы емізікшелі бұлшық 
еттің негізіне ауысады.
Пуркин талшығы эндокард астында, әсіресе ақшыл келген өрім түрінде сол 
қарыншасында жақсы көрінеді. Лимфа қуысы Пуркин талшығын аяқтардың 
негізінен ажыратады.


172 
Жүректің жүйке-жүйесі— nervi cordis –жұлдызшалы түйіннен қалыптасады 
— симпатикалық жүйке-жүйе — nn. Accellerantes cordis — және кезеген 
жүйкеден – парасимпатикалық жүйке-жүйесі —п. depressor cordis. Осы 
жүйкелер жүректе алты өрім құрайды (В. П. Воробьев): өкпе артериясының 
негізінде орналасқан оң және сол жағында – екеу, қуыс венасының арасында – 
біреу, өкпе венасының алдыңда және артыңда – бір-бірден және жүрекшенің 
алдыңғы қабырғасында – біреу орналасқан. Сонымен қатар, жүрек сезімтал 
талшықтардан да тұрады (И. Догель), олар nn. Accellerantes құрамына кіреді. 
Онда тежегіш, тездеткіш, әлсіреткіш және күшейткіш жүйкелер өтеді (И. П. 
Павлов). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет