А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет114/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Ішкі ұйқы артериясы(внутренняя сонная артерия) — a. carotis іnterna— 
жалпы ұйқы артериясынан дорсальды бағытта бөлініп, шүйде сүйегінің 
жырымдалған тесігі арқылы ми сауытының ішіне еніп, миды артерия қанымен 
қоректендіретін негізгі қан тамыры. 
Жылқы мен итте ішкі ұйқы артериясы жақсы жетілген. Жылқыда ішкі ұйқы 
артериясы жалпы ұйқы артериясынан бөлінер алдында кеңейіп басталады. 
Артерияның бұл бөлігін ұйқы артериясының қойнауы— деп атайды. Ішкі ұйқы 
артериясы ми қорабының ішінде миды қоректендіретін ұйқы- негіздік 
артерияны, ал итте алдыңғы және артқы ұйқыаралық артерияларды түзеді.Күйіс 
қайтаратын жануарлар мен шошқада ішкі ұйқы артериясы тек іштөлдерінде 
ғана жақсы жетілген. Сақа жануарларда ішкі ұйқы артериясы қалдықтүрінде, 
дәнекер ұлпалықжелі ретінде сақталған. Ол шүйде артериясының жетілмеген 
бір тармағы болып есептеледі. 
Сыртқы ұйқы артериясы(наружная сонная артерия) — a. carotis externa — 
жануарлар денесі бас аумағының ми сауыты және бет бөлімі мүшелері мен 
олардың қуыстарын артерия қанымен қамтамасыз ететін негізгі магистральды 
қан тамыры. Сыртқы ұйқы артериясы жалпы ұйқы артериясынан ішкіұйқы 
артериясы бөлінгеннен кейінгі жалғасы. Сыртқыұйқы артериясы бассүйек 
негізінің бойында S әрпі тәрізді иілім жасайды. Осы тұста сыртқы ұйқы 
артериясынан бас аумағын қоректендіретін негізгі магистральды артериялар 
кезегімен ажырайды. Олар: 


179 
Шүйде артериясы (затылочная артерия) — a. occipitalis — сыртқы ұйқы 
артериясының дорсальды қабырғасынан бөлініп, атланттың қанат тесігі 
арқылы, оның дорсальды бетіне шығады да, атлант-шүйде және атлант-білік 
буындарының бұлшық еттерінде тарамдалып, оларды қоректендіреді. Шүйде 
артериясы бөлінген тұстан бастап, жалпы ұйқы артериясы сыртқы ұйқы 
артериясы — деп аталады. Шүйде артериясынан өз кезегінде бастың ми сауыты 
аумағына төмендегідей артерия қан тамырлары бөлінеді: 
Тіл артериясы (язычная артерия) — a.linqualis — сыртқы ұйқы артериясының S 
әрпі тәрізді иілімінің төменгі бұрышынан басталып, негізгі тіл бұлшық етінің 
медиальды бетімен бойлай алға бағытталып, иек-тіл бұлшық етінің латеральды 
жиегі арқылы тілдің ұшына дейін өтеді. Оның соңғы тармақтары тілдің ұшында 
тереңтіл артериясы— деп аталады.
Бет артериясы(лицевая артерия) — a.facialis — қанатша бұлшық еттің 
медиальды бетімен өтіп, төменгі жақ сүйектің тамырлы ойығы арқылы бастың 
бет бөлімінің латеральды бетіне шығады да, үлкен шайнау бұлшық етінің 
алдыңғы жиегімен жоғары көтеріліп, бастың бет бөлімін қоректендіретін 
артерия тамырларына бөлінеді. 
Үлкен шайнау бұлшық ет тармағы(ветвь большой жевательной мышцы) — 
r.massetericus — сыртқы ұйқы артериясының бүйір бетінен бөлініп, үлкен 
шайнау бұлшық етін қоректендіреді. 
Беткей самай артериясы(поверхностная височная артерия) — a. temporalis 
superficial — сыртқы ұйқы артериясынан самай-төменгі жақ буынының 
тұсынан басталып, беттің көлденең артериясын бөлгеннен кейін, самай 
шұңқырында тарамдалады. Ол өз кезегінде бірнеше артерия тармақтарын 
бөледі. Олар:
1) самай-төменгі жақ буын тармағы; 2) құлақ қалқанын тамырландыратын 
алдыңғы құлақ артериясы;3) жоғарғыжәне төменгі қабақтың бүйірлік 
артериялары;4) көз жасы безін қоректендіретін көз жасы тармағы. 
Ерекшеліктері.Күйіс 
қайтаратын 
мүйізді 
жануарлардабеткей 
самай 
артериясынан аталған қан тамырларынан басқа мүйіз аумағын артерия қанымен 
қамтамасыз ететін мүйіз артериясы, алдыңғы құлақ артериясынан медиальды 
құлақтармағы мен ми қабығының тармағы бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет