А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет115/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Жоғарғы жақ артериясы (верхнечелюстная артерия) — a. maxillaris — 
сыртқы ұйқы артериясынан беткей самай артериясы мен беттің көлденең 
артериясы бөлінгеннен кейінгі жалғасы. Жоғарғы жақ артериясы медиальды 
бағытта сына-тандай шұңқырына қарай бұрылып, бірнеше артерия 
тармақтарына ажырайды. Жылқы мен итте бұл артерия қанат өзегі арқылы 
өтеді. 


180 
 
 
53 - сурет. Ірі қара мал басының қан тамыр жүйесі 
 
Жоғарғы жақ артериясынан төмендегідей артериялар бөлінеді: 
1. Ми қабығының орталық артериясы(средняя оболочечная артерия) — 
a.meningea media — жырымдалған тесіктің алдыңғы жағымен ми сауытының 
қуысына еніп, мидың қатты қабығын тамырландырады. 
Ерекшеліктері.Күйіс қайтаратын жануарлардами қабығының орталық 
артериясы болмайды.Иттеаталмыш артерия ми сауытының қуысына сопақ тесік 
арқылы кіреді. 
2. Терең каудальды самай артериясы(глубокая височная каудальная 
артерия) — a. temporales profundae— самай бұлшық етін тамырландырады. 
Ерекшеліктері.Жылқыдатерең каудальды самай артериясы жоғарғы жақ 
артериясынан, ол қанат өзегіне кірер алдында бөлінеді. Күйіс қайтаратын 
жануарлардабұл артерия жоғарғы жақ артериясынан төменгі альвеола 
артериясынан кейін ажырайды. Аталмыш артерия үлкен шайнау бұлшық етіне 
ірі тармақ бөледі.
3. Қанатша бұлшық ет тармақтары(крыловидные ветви) — rr.pterygoidei 
— қанатша шайнау бұлшық етін тамырландыратын ірі артерия тармақтары. 
4. Төменгі альвеола артериясы(нижняя альвеолярная артерия) —
a.alveolaris inferior — төменгі жақ өзегіне кірер алдында төменгі жақтың 
көлденең бұлшық етін қоректендіретін артерия тармағын бөліп, төменгі жақ 
өзегі ішінде тістерді қоректендіретін тіс тармақтарынажыратады да, иек тесігі 


181 
арқылы шығып, тұмсықтың иек аумағын тамырландыратын иек артериясына 
айналады. 
Ерекшеліктері.Шошқадаиек артериясының тармақтары медиальды иек 
тесіктері арқылы сыртқа шығып, төменгі ерінді тамырландырады. 
5. Ұрт артериясы(щечная артерия) — a. buccinatoria — ұрт аумағын 
қоректендіреді. 
Ерекшеліктері.Күйіс қайтаратын жануарлардаұрт артериясынан самай 
бұлшық етін қоректендіретін алдыңғы терең самай артериясыжәне мидың 
эпидуральды “ғажап торын” жасауға қатысатын алдыңғыжәне артқы 
эпидуральды ғажап торы тармақтарыбөлінеді. Соңғы аталған артерия 
тармақтары ми сауыты қуысына көздік-дөңгелек тесікжәне сопақ тесікарқылы 
енеді.
6. Сыртқы көздік артериясы(наружная глазничная артерия) — a. 
ophthalmica externa — доға тәрізді иіліп, торлы сүйек тесігінеенгеннен кейін, 
сыртқы торлы артерия - деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет