189
тармақтарын бөледі.Шошқадасол қарын артериясы көкбауыр артериясынан
бөлініп, қарынның артқы бөлігіне бағытталады да, каудальды қарын
артериясы— деп аталады
Бауыр артериясы(a. hepatica) қақпалық венамен бірге қатарласып, бауыр
қақпасы арқылы бауырға енеді де, оны тамырландырады. Бауыр артериясынан
қарынның кіші иініне оң қарын артериясы (а.gastrica dextra) және қарын-он екі
елі ішек артериясы (a. gastroduodenalis) бөлінеді. Қарынның үлкен иінін
қоректендіруге карын- он екі елі ішек
артериясынан оң карын-шарбы
артериясы
және
ұйқы
безі-он
екі
елі
ішек
артериясы
ажырайды.Ерекшеліктері.Жылқыда
бауыр
артериясынан
ұйқы
безіне
қоректендіргіш тармақтар бөлінеді.Күйіс қайтаратын жануарлардақұрсақ
қуысында орналасқан ішкі мүшелердің орналасу орнына байланысты, іш
артериясыныңтармақтарға бөлінуі де ерекше түрде жүреді. Мес қарынның оң
жағымен өтетін құрсақ қолқасынан ажырайтын іш артериясынан (іш
артериясының ұзындығы жануарлардың түріне
байланысты мысалы, сиырда
оның ұзындығы 12 см, қой мен ешкіде 4-6 см) бірнеше артерия ажырайды.
Олар: 1) каудальды диафрагма артериясы
, жануарларда тұрақты кездесе
бермейді; 2) бүйрекүсті
безінің краниальды тармағы; 3) сол қарын артериясы
,
мес қарын мен жұмыршақтың аралығымен өтеді. Ол қатпаршақ маңында
қосымша жұмыршақ артериясынбөледі де, ұлтабардың үлкен
иініне қарай
бағытталып, сол қарыи-шарбы артериясынаайналады.
Достарыңызбен бөлісу: