А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет117/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Қолтық артериясы (подмышечная артерия) — a. axillaries — бұғана асты 
артериясының тікелей жалғасы. Ол иық буынының медиальды бетінде аттас 
венамен қатар орналасып, өз кезегінде алдыңғы аяқ аумақтарын артерия 
қанымен қамтамасыз ететін бірнеше артерия тармақтарын бөледі. Олар: 
1.Сыртқы көкірек артериясы(наружная грудная артерия) — a.thoracica 
externa — көкірек бұлшық еттерін артерия қанымен қамтамасыз етеді. 
Ерекшеліктері.Шошқамен иттесыртқы көкірек артериясы көкірек бұлшық 
еттеріне артерия тармақтарын ажыратқаннан кейін, латералды көкірек 
артериясы(a.thoracica lateralis) — деп аталып, көкірек аумағының терісі мен сүт 
безіне қоректендіргіш артерия тармақтарын (rr.cutanei et rr. mammarii lateralis) 
бөледі. 
2.Жауырынүсті артериясы(надлопаточная артерия)— a.suprascapularis, 
жауырын аумағының терісі мен теріасты бұлшық етін тамырландырады. 


183 
Ерекшеліктері. Жауырынүсті артериясы қолтық артериясынан жеке артерия 
тармағы 
ретінде 
жылқымен 
күйіс 
қайтаратын 
жануарлардағана 
бөлінеді.Шошқадааталмыш 
артерия 
жауырынасты 
артериясының 
тармағы.Иттебұл артерия беткей мойын артериясынан ажырайды. 
3.Жауырын асты артериясы (подлопаточная артерия)— a. subscapularis — 
жауырынның артқы жиегімен каудо-дорсальды бағытта жауырынның жоғарғы 
негізіне қарай көтеріліп, үшбасты бұлшықеттің ұзын басының медиальды 
бетімен жүріп, жауырынасты және үлкен жұмыр бұлшық еттеріне 
қоректендіргіш артерия тармақтарын бөледі. Жауырынасты артериясынан 
бұлардан басқа бірнеше артериялар ажырайды. Олар: 
1) көкірек-арқа артериясы(a. thoracicodorsalis) арқаның тым жалпақ бұлшық 
еті мен үлкен жұмыр бұлшықетін тамырландырады. Бұл артерия соңғы 
тармақтарымен 5 -інші қабырғааралық артериямен жалғасады; 
2) каудальды айналмалы иық артериясы(a. circumflexa humeri lateralis) иық 
буынынан артқа қарай, алдымен жауырынасты және үлкен жұмыр бұлшық 
еттерінің аралықтарымен өтіп, онан соң, үшбасты бұлшық еттің ұзын және 
латеральды бастарының арасымен, латеральды басының ішкі бетімен иық 
буынының сыртқы латеральды жағына шығады да, медиальды айналмалы иық 
артериясымен жалғасады. Каудальды айналмалы иық артериясы жол бойы иық 
буынының аталған бұлшық еттеріне қоректендіргіш артерия тармақтарын 
бөледі. 
Ерекшеліктері.Шошқадажауырынасты артериясының тармағы каудальды 
айналмалы иық артериясынан жауырынның латеральды бетінде жауырынүсті 
артериясы және медиальды айналмалы иық артериясына(a. circumflexa humeri 
madialis) ажырайды.Жылқыданбасқа жануарларда бұл артериядан айналмалы 
жауырын артериясы(a. circumflexa scapulae) мен коллатеральды кәріжілік 
артериясы(а. collateralis radialis) бөлінеді. Каудальды айналмалы иық 
артериясының 
төмендеген 
тармағы(r.descendens) 
күйіс 
қайтаратын 
жануарларда, шошқадажәне иттетым жақсы жетілген. Ал жылқыдабұл тармақ 
болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет