А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет132/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Сыртқы мықын вена тамырлары—v. iliaca externa — терең сан венасы 
мен айналмалы терең мықын венасын —v. Circumflexa ilium profunda алады. 
Терең сан венасы —v. Femoralis profunda — кішкентай сафена венасымен 
және медиальды айналмалы сан венасымен — v. Circumflexa femoris medialis, 
теріасты құрсақ венасымен — v. Subcutanea abdominalis және сыртқы жыныс 
венасымен қалыптасқан. 
Сыртқы жыныс вена тамырлары — v. Pudenda externa — сиырлардың 
желінінен қанды айдайды да, желіннің краниальды және каудальды венларына 
құяды. 
Желіннің краниальды вена тамыры — v. Uberis cranialis — емізіктің веналы 
өрімі — plexus venosus papillaris мен без паренхимасынан қанды айдайды. 
Сыртқы жыныс вена тамырларына желін негізінің краниальды және каудальды 
веналары - vv. Basilares uberis cranialis et caudalis құйылады. Олар ішкі жыныс 
венасы — v. Pudenda interna мен теріасты құрсақ венасымен ұштасады.
Сан вена тамыры—v. Femoralis — көптеген веналардан қандарды 
жинайды. Оған каудальды сан вена тамыры— v. Femoralis caudalis, үлкен 
сафена вена тамыры — v. Saphena magna, медиальды айналмалы сан вена 
тамыры —v. Circumflexa femoris medialis және краниальды сан вена тамыры —
v. Femoralis-cranialis құйылады.
Ерекшеліктері: шошқаларда каудальды қуыс вена тамыры негізгі болып 
саналады. Сыртқы мықын венасы айналмалы терең мықын және терең сан вена 
тамырларын қосады. Сан вена тамыры краниальды санды латеральды 
айналмады санды, каудальды сан венасы мен үлкен сафена венасын түзеді. 
Сирақ асты, артқы үлкен мықынды, алдыңғы үлкен мықынды, үлкен және кіші 
сафена венасы сиырдың вена тамырларының құрылысына ұқсас. 
Жылқылардың краниальды қуыс венасына жамбас, ішкі ауыспалы, бүйрек 
және бауыр веналары кіреді. Сыртқы және ішкі мықын веналары жалпы мықын 
венасын құрайды. Жамбас пен артқы аяқ веналары негізінде тармақтарға 
бөлінеді. Иттердің каудальды қуыс венасы айналмалы терең мықын, құйымшақ, 
ішкі ауыспалы, бүйрек үсті, бүйрек, диафрагма-құрсақ пен бауыр веналарынан 
тұрады. Ішкі мықын венасы ішкі жыныс құйрықты латеральды, мықын-
құйымшақ, краниальды сан, каудальды қуық (аналықтарда – каудальды жатыр), 
краниальды қуық веналарынан тұрады. Сыртқы мықын, сан және сирақ асты 
веналары сиырдың вена тамырларының құрылысына ұқсас келеді. Каудальды 
сан вена тамырлары үшеу – проксимальды, ортаңғы және дистальды. 


203 
Латеральды теріасты вена тамыры (кіші сафена венасы) табанның дорсальды 
және плантарлы бетінен қанды басқа жерге айдайды. Медиальды теріасты 
венасы әлсіз дамыған және қанды сирақтан басқа жерге айдайды.
Артқы аяқтың терең және теріасты вена магистральдары қанды сыртқы 
мықын венасына құяды. Барлық жануарларда сыртқы мықын венасы ішкі 
мықын венасымен қосылып, жалпы мықын венасын түзгенге дейін, терең сан 
венасын (v.femoralis profunda) қабылдайды. Терең сан венасын вена қанын 
құрсақтың төменгі (вентральды) қабырғасынан жинайтын құрсақүсті-жыныс 
венасы (v.pudendoe-pigastrica) мен сыртқы жыныс мүшелерінен қан 
жинайтынсыртқы жыныс венасы (v.pudenda externa)құрайды.Өз кезегінде 
сыртқы жыныс венасына каудальды құрсақүсті венасы (v.epigastrica caudalis
келіп құяды. Каудальды құрсақ үсті венасы құрсақтың вентральды 
қабырғасында краниальды құрсақ үсті венасымен қосылып, құрсақтың теріасты 
венасын(v.subcutanea abdominis) түзеді. Сиырдағы бұл тамырды “сүт венасы” 
— деп атайды. Төссүйектің сүріншек (семсерше) өсіндісі аумағында құрсақтың 
теріасты венасы көкірек қуысына өтіп, ішкі көкірек венасына қосылады. 
Аталған веналардың қосылған жері тері арқылы сипап байқауға болады. Тері 
астындағы “сүт венасы” көкірек қуысына өтетін осы тесікті құрылымды — “сүт 
құдығы” — деп атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет