А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет144/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Айырша без (тимуст)жануарларда тақ көкірек және кеңірдектің екі 
қапталында орналасқан жұп мойын бөліктерінен тұрады. Ол, әсіресе, жас 
төлдерде жақсы жетілген. Тимус организмдегі иммундық жүйенің қалыптасуы 
мен қызметін бақылап, реттеп тұратын қан жасау және иммундық қорғаныс 
жүйесінің орталық мүшесі. Бұнда организмдегі торшалықжәне сұйықтық 
(гуморальдык) иммунитеттің қалыптасуын іске асыратын Т — лимфоциттердің 
түрлі топтары түзіледі. Бұған қоса, тимуста шеткі қан жасау мүшелеріндегі 
лимфоциттердің қызметін реттеуге қажет тимозин гормоны бөлінеді. Тимус 
паренхимасының лимфоидты ұлпасын сүйектің қызыл кемігі майынан қоныс 
аударған Т — лимфоциттер бастамалары түзеді. 
Сүйектің қызыл кемігі майы — medullaosseamrubram — жануарлар 
организміндегі қан жасау мүшелерінің орталық мүшесі. Себебі, бұнда барлық 
қан торшаларының ізашар бастама торшалары (бласттар) түзіліп, олардың көбі 
(эритроциттер, гранулоциттер, қан табақшалары, моноциттер) осы қызыл кемік 
майында толық жетіліп, қанға шығарылады. Ал лимфоциттер бастама 
торшалары — бласттары қан арқылы тимусқа, көкбауырға, лимфа түйіндеріне, 
лимфо-эпителиальды құрылымдарға қан арқылы барып қоныстанып, сол 
мүшелерде антигенге байланысты маманданып көбейіп, әсерлі торшаларға 
айналады. 
Сүйектердің қызыл кемігі майы жануарлар ұрығы эмбриондық дамуының 
алғашқы кезеңінде-ақ қалыптасады. Алдымен жалпақ сүйектерде: жауырында, 
жамбас сүйекте, шүйде сүйекте, қабырғаларда, төс сүйекте, бас сүйектің 


215 

негіздік сүйектерінде, кейіннен жіліктер эпифиздері мен омыртқалардың кемік 
затында мезенхимадан дамып жетіледі. Паренхиманың миелоидты ұлпасы 
сарыуыз қапшығынан қоныс аударған діңгекті торшалардан дамиды. 
Бақылау сұрақтары: 
1 Көкбауырдың анатомиялық-гистологиялық құрылысы мен орналасуы 
2 Сүйектің қызыл кемігі майының топографиясы 
3 Айрықша бездің (тимус) топографиясы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет