А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет142/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

19.4 Лимфа тамырлары 
Сабақтың мақсаты: Лимфа тамырларын игеру 
 
Лимфаны бүкіл жануарлар организмдерінен жинап, венаға құйылуын 
қамтамасыз ететін негізгі лимфа тамырларына: бел цистернасы, көкірек өзегі, 
оң лимфа бағаны, бел, ішек және кеңірдек өзектері жатады. 
Көкірек өзегі (грудной проток) — ductusthoracicus— құрсақ қуысындағы 
бел цистернасынан басталатын ең ірі лимфа тамыры. Бұл өзек лимфаны бастың, 
мойынның, көкірек қабырғасының оң жақ жартысы және оң аяқтан басқа
жануарлар денесінің 3/4 бөлігінен жинайды.Көкірек өзегі көкірек қолқасының 
оң жағында жатады. Қолқа доғасының алдында ол өңеш пен кеңірдектің сол 
жақ бетіне өтіп,S әрпі тәрізді иілім жасайды да, бірінші қабырғаның алдыңғы 
жиегі тұсында кеңейіп барып, алдыңғы қуыс венаға немесе күретамыр 
венасының соңғы ұшына жалғасады. 
Бел цистернасы (поясничная цистерна) — cisternachyli— диафрагма 
аяқшаларының аралығында, қолқаның жоғарғы жағы мен оң қапталында, 
алғашқы бел омыртқалардың астында орналасады. Оның пішіні ұзынша келген 
сопақ қапшық тәрізді. Бел цистернасына бел, каудальды шажырқай және 
медиальды мықын лимфа түйіндерінен лимфаны жинайтын: бел лимфа 
бағандары мен ішек бағаны құяды. Ішек бағаны лимфаны қарын мен ішектің 
лимфа түйіндерінен қабылдайды. 


213 
Оң және сол кеңірдек өзектері(правый и левый трахеальные 
лимфатические 
протоки) 
— 
ductustrachealisdexteretsinister— 
лимфаны 
жұтқыншақарты лимфа түйіндерінен жинайды. 
Оң 
лимфа 
бағаны 
(правый 
лимфатический 
ствол) 
— 
truncuslympnaticusdexter— лимфаны мойынның оң жақ жартысында орналасқан 
лимфа түйіндерінен және көкірекортасының краниальды лимфа түйіндерінен 
алып шығады. Ол бірінші қабырға тұсында алдыңғы қуыс венаға немесе 
күретамыр венасына ашылады. 
Ерекшеліктері. Жылқыда бел цистернасы 1-3 бел омыртқалардың астында 
орналасады. Оның ұзындығы 11-18 см, диаметрі 1,5-2,5 см. Көкірек өзегінде 10-
15 жұп және тақ қақпақшалар болады. Кеңірдек өзектері мен оң лимфа бағаны 
лимфаны мойынның терең краниальды лимфа түйіндерінен жинайды. Олардың 
диаметрі 3-5 мм және 8-10 мм.Күйіс қайтаратын жануарлардабел цистернасы 
соңғы көкірек және алғашқы бел омыртқалардың астында орналасады. Ішек 
бағаныныңдиаметрі 7,5-10 мм -ге жетеді. Сиырда диаметрі 8-12 см бел лимфа 
бағаны қолқа мен артқы қуыс венаның астында жатады. 
Шошқадабел цистернасы 1-2 -інші бел омыртқалардың астында орналасады. 
Кеңірдек өзектері лимфаны мойынның дорсальды және жұтқыншақарты 
медиальды лимфа түйіндерінен қабылдайды.Иттебел цистернасы 1 -4 -інші бел 
омыртқалар мен қолқаның астында орналасады. Оң лимфа бағаны лимфаны оң 
бұғанаасты венасына құяды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет