216
Қатты үсті кеңістікте(cavum epidurale) жұлынды сыртынан қоршап,
қорғаныс қызметін атқаратын борпылдақ дәнекер
ұлпасы мен май ұлпасы
орналасады. Қаттыасты кеңістікте(cavum subdurale) және өрмеліасты
кеңістікте(cavum subafachnoidale) жұлын сұйығы болады. Олардың ішкі
беттерін эндотелий астарлайды. Омыртқа бағанындағы
орналасу орындарына
байланысты жұлын: мойын, көкірек, бел және құйымшақ бөлімдеріне бөлінеді.
Жұлын мен мидың шекарасы шамамен ауыз омыртқаның алдыңғы жиегі
бойымен өтеді. Жануарлар аяқтарының дамуына байланысты жұлынның мойын
және бел бөлімдерінде жұлын жуандаулары(intumescentia
cervicalis et
lumbosacralis) жетілген. Бел бөлімінен кейін жұлын сүйірленіп, жұлын
конусын(conus medullaris) түзеді. Ол одан әрі құйрыққа қарай тым жіңішкеріп,
1-2-нші құйрық омыртқалары тұсында соңғы жіпке(filum terminales) айналады.
Жұлынның жоғарғы арқа жағында ұзынынан өтетін орталық дорсальды
сай(sulcus medianum dorsalis) және оның екі жағындағы оң және сол дорсальды
латеральды сайлар(sulci laterales dorsales) болады. Ал төменгі бетінде де,
жұлынның ұзын бойында жатқан терең орталықвентральды саңылау(fissura
mediana ventralis) және оның екі бүйіріндегі оң жәнесол вентральды
латеральды сайлар(sulci laterales ventrales) бар.
Жұлынның көлденең кесіндісінде бір-бірінен анық ажырайтын:
Достарыңызбен бөлісу: