А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет153/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

 
Бақылау сұрақтары: 
1 Соңғы мидың құрылысын атап беріңіз? 
2 Иіс миына не жатады? 
3 Ми күмбезінде нені айрады? 
 
21.4 Аралық пен ортаңғы ми 
Сабақтың мақсаты: Аралық пен ортаңғы мидың құрылысын игеру 
 
Аралық ми (diencephalon) ортаңғы ми мен соңғы мидың аралығында 
орналасып, аталған ми бөлімдерін жалғастырып тұрады. Аралық ми көру 
төмпектері — таламустан, төмпекүсті бөлігі — эпиталамустан және 
төмпекасты бөлігі — гипоталамустан тұрады (сурет 59). 
Көру төмпектері (таламус) (thalamus) аралық ми массасының айналасында 
сақина тәрізді орналасқан үшінші ми қарыншасының (ventriculus tertius 
cerebri) екі бүйір қабырғасын құрайтын аралық мидың негізгі орталық бөлігі. 
Аралықми массасы оң және сол көру төмпектерінің бір-бірімен жалғасуы 
нәтижесінде пайда болған. Ми қарыншасының төбесін тамырлы жабын 
құрайды. 
Сақинаша 
үшінші 
ми 
қарыншасының 
алдыңғы 
жағықарыншалараралық тесіктер арқылы соңғы ми жартышарларындағы 
бүйірлік қарыншалар қуыстарымен, ал артқы жағы ортаңғы мидың 
суқұбырымен жалғасады. Таламустың сыртқы беті ақ заттан, ал ішкі жағы сұр 
заттан құралған. Көру төмпегінің сұр заты бір-бірінен ақзаттық аралықтармен 


224 
бөлінген көптеген нейроциттер ядроларын түзеді. Бұлар негізінен жұлын мен 
мидың төменгі бөлімдерінен келген сезімтал өткізгіш жолдарды, үлкен ми 
қыртысына баратын орталық сезімтал өткізгіш жолдарға қосатын аралық 
сезімтал орталықтарАл бұлардың ішіндегі медиальды орталық ядро— үлкен 
ми қыртысынан төменгі ми бөлімдері мен жұлынға қарай бағытталған 
қозғалтқыш өткізгіш жолдарды экстрапирамидалық жүйке ядроларына, 
ортаңғы мидың қызыл ядросына, ми жүйкелерінің ядроларынажәне жұлынның 
қозғалтқыш ядроларынақосу орталығы. Көру төмпектерінің ядролары бір-
бірімен торлы құрылым арқылы байланысып жатады. Көру төмпектерінің 
төменгі бетіндегі көру жүйкелері қиылысынан шығатын көру жолдары 
таламусты айналып етіп, оның ядроларына енеді. 
Эпиталамус (epithalamus) көру төмпегі — таламустың жоғарғы жағында 
жатады. Ол эпифизден — еpiphysis (эндокринді без) және үшінші ми 
қарыншасының тамырлы жабынынан тұрады. Эпиталамус көру төмпектері мен 
төрттөмпешіктің араларындағы ойыста орналасады.Үшіншіми қарыншасы 
аралық мидағы пішіні сақина тәрізді куыс. Үшінші ми қарыншасының tela 
chorioidea ventricli cerebri tertiaeоң және сол бүйір қабырғасын көру төмпектері, 
төбесін эпиталамус, түбін гипоталамус құрайды. Ол алдыңғы жағындағы оң 
және сол қарыншааралық тесіктер арқылы оң және сол бүйірлік ми 
қарыншалары қуыстарымен, ал артқы жағындағы тесікпен ортаңғы мидағы су 
құбырымен қатысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет