25
Самай сүйегі - os temporale. Жүп самай сүйегі самай облысында орналасқан.
Ол қабыршақтық пен тасьық сүйектен құралады. Самай сүйегінің қабыршағы -
sguama temporalis сыртынан немесе латериальды бағытта бет өсіндісін -
processus zygomaticus құрайды. Ол самай астынан самай шұңқырын - fossa
temporalis
ажыратады, сонымен қатар бет доғасын - arcus zygomaticus түзеді.
Бет өсіндісінде буын төмпешегінен -trochlea articularis, буын шұңқырынан -
fossa articularis және буын арты өсіндіден құрылған буын аппараты орналасқан.
Самай жолы -meatus temporalis қабыршақ пен тастық сүйектің
арасында
орналасқан және құрамында самай тамырлары бар, ол буын арты өсіндіден
самай шұңқырына дейін созылады.
Тастық сүйек- os petrosum. Ол дабылдық, емізікше бөлімінен тұрады.
Дабылдық бөлімі - pars tympanica вентральды бағытта бағытталған, өте жақсы
дамыған, сүйек көпіршігі тығыздалған -bulla ossea, есту түтігінің -tuba auditiva
көмегімен хабарлайтын дабылдық қуысы -cavut tуmpani жақсы орналасқан.
Құлақ ұлуы үшін сыртқы есту жолы – meatus acusticus
externus латеральды
орналасқан. Олардың арасында, яғни тастық көбікше арасында тіл асты өсінді -
processus hyoideus орналасады. Тіл асты өсіндіден ауызға қарама-қарсы қарай
бет жүйкесі үшін бет каналының тесігі - canalis facialis орналасады. Бұлшық ет
өсіндісі - processus muscularis тастық көбікшеде орналасады, ал есту түтігінің
тесігі -foramen tubae auditivae тастық көбікшенің алдыңда жатыр.
Емізікше бөлімі - pars mastoidea –
нашар дамыған,өмірінің алғашқы кезінде
сыртқы есту жолымен және самай сүйегінің қабыршағымен бірге тұтасып өседі.
Тастық бөлімінің - pars petrosa іші құлақтың ішкі қуысындай. Тастық жота -
crista petrosa әлсіз дамыған. Ішкі есту жолы -meatus
acusticus internus есту
жүйкесі үшін бет каналына өтетін түбінде бір-неше ұсақ тесіктері бар. Ұлу
өзекшесінің су құбырының тесігі - apertura aguaeductus cochleae және ұлу
өзекшесінің су құбырының кіреберіс тесігі - apertura аguaductus vestibuli –
нашар дамыған.
Ерекшеліктері: шошқаларда бет өсіндісі қомақты және қысқа келген,
сыртқы
есту жолы ұзын. Дабылдық жарғағы назальды-вентральды бағытта ұзартылған.
Емізікше өсіндісі үлкен емес, буынды төмпешегі ершік тәрізді, тар. Самай
каналы жоқ. Иттерде сыртқы ету жолы өте қысқа, дабыл жарғағы дөңгеленген,
кең. Сыртқы есту жолынан емізікше өсіндісі дорсо-каудальды орналасқан. Ірі
қара малда сыртқы жолы ұзын латеральды бағытта бағытталған.
Онда тастық
қынабымен қоршалғантіл асты өсіндісі бөлінеді. Жылқыларда тастық сүйек
қабықшамен жасы келген кезінде бірге тұтасады, ал сыртқы есту жолы қысқа
болып келеді, одан емізікше өсіндісі каудальды бағытта орналасқан.
Жыртылған тесігі кең. Шошқаларда қабығы мен тастық сүйегі
бірге тұтасып
26
өскен, ал оның тастық бөлімі оңашаланған, самай жолы мен бұлшық ет өсіндісі
жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: