30
Жылқыларда осы сүйектер жұқа, таспа тәріздес, үлкен ілгегімен. Иттерде қанат
тәріздес сүйектері төрт бұрышты және ілмешегі ұшбұрышты болып келеді.
Соқаша сүйек- vomer- тақ сүйек, кеңейген аборальды ұшымен, сиырларда ол
сынаша сүйекпен,
қанатша тәріздес, жоғарғы жақ сүйегімен және тұмсық
сүйегімен шектеседі. Соқаша сүйектің бүйірінде қанаттар орналасқан -alae
vomeris, олардың ортасында мұрын пердесінің емізікше көрінеді.
Ерекшеліктері: Жылқыларда соқаша сүйек аборальды және кесілген үлкен
қанаттары бар. Сонымен қатар таңдай және тағы басқа сүйектермен қосылған.
Иттерде соқаша кішкентай кесіндісімен.
Тіл асты сүйегі- os hyoideum тақ емес, сиырларда тас сүйегімен қосылады және
тіл түбірі мен кеңсірік үшін негіздеме болып саналады(сурет 11).
Тіл асты
сүйегінде дене, үлкен және кішкентай мүйіздер және бұталардан тұрады. Дене -
basi hyoideum– үлкен емес көлденең пластина, одан дөңгеленген тіл өсіндісі -
processus lingualis алға шығып тұрады. Дененің
ұшынан кеңірдекпен жалғасу
үшін каудальды бағытта үлкен мүйіздер – thyreo hyoideum өтеді. Денеден
дорсальды бағытта кішкентай мүйіздер - cerato hyoideum өтеді. Тіл асты
сүйектің астында дене мен мүйіздің арасында тамырлар орналасқан.
Ерекшеліктері: Жылқыларда тіл асты сүйектің
денесі ұзын, өткір тілше
өсіндісімен. Шошқаларда тіл асты сүйегінің денесі жақсы дамыған. Денесі мен
мүйізі шеміршекпен тұтастай қосылған. Иттерде тіл асты сүйегі тас сүйегімен
жалғасып қосылған. Тілше өсіндісі жоқ. Кішкентай мүйіздері жақсы дамыған.