А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет73/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Бақылау сұрақтары: 
1 Ірі қара малда, жылқы мен шошқаның ащы ішегінің топографиясы мен 
анатомиялық-гистологиялық құрылысы қандай? 
2 Он екі елі ішектің гистологиялық құрылысы қандай? 
11.9 Бауыр мен ұйқы безі 
 
Сабақтың мақсаты: Бауыр мен ұйқы безінің құрылысын игеру 
Бауыр (печень) — һераг — организмдегі ең ірі ас қорыту безі(cурет 41). 
Эмбриондық кезеңде бауыр әмбебаб қан жасау мүшесі. Эмбриогенездің 
алғашқы кезендерінде бауыр он екі елі ішектің төменгі қабырғасындағы 
эпителий қатпары ретінде қалыптасып, кейінірек алдыңғы және артқы 
бөліктерге бөлінеді. Алдыңғы бөлігінен бауыр, артқы бөлігінен өт қабы мен 
оның өзегі дамиды. Бауырдың негізгі қызметі азықтың құрамындағы майды 
қорытуға қатысатын өт бөледі. Ол ішек-қарыннан жиналатын вена қаны ағатын 
қақпалак венаның бойында орналасып, қандағы әр түрлі зиянды да улы азоттық 
(белоктық) зат алмасу өнімдерін, биогенді аминдерді, дәрі-дәрмектер 
қалдыктарын бейтараптандырып микроорганизмдерді жояды. Онымен қатар, 
бауырда қан плазмасының белоктары (альбуминдер, фибриноген, протромбин), 
ыдыраған эритроциттегі гемоглобиннен өт пигменттері түзіледі, жануарлар 
организімінетән күрделі көмірсу – гликоген қор ретінде сақталады. Қан 
капиллярлары қабырғасындағы тармақты макрофагтар (Купфер торшасы) қанға 
түскен микроорганизмдерді және басқа да бөгде заттарды қармап, фагоцитоз 
арқылы жояды. Бауыр организмдегі қанның 20%-ы қор ретінде сақталады.
Жануарлардың түрлері мен бауырдың қанға толу деңгейіне байланысты, оның 
түсі қызыл-қоңырдан ақшыл –қонырға дейін өзгеріп отырады. Бауыр құрсақ 
қуысында, көкеттің артқы бетінде орналасқан. Оның алдыңғы бетін 
диафрагмальды бет (faсies diaphragmalis), артқы бетін висцеральды бет (facies 
visceralis) – деп атайды. Дорсальды жиегі (margo dorsalis ) доғал, вентральды 
жиегі (margo ventralis) жұқа да қырлы болып келеді. Бауырдың оң және сол 
жиектері (margo dexter et sinister) болады. Доғал жиегінде өңеш батыңқысы 
(impressio oesophagea) мен артқы қуыс венаның өтетін орны көрінеді. 
Вентральды қырлы жиегінде бөлікаралық ойықтар ( incisura interlobularis) 
бауырда оң бөлікке (lobus hepatis dexter), сөл бөлікке (lobus hepatis sinister) және 
олардың аралығындағы аралық бөліктерге бөледі. Бауырдың висцералды 
бетінде жылқы, түйе және бұғыдан басқа жануарларда өт қабы (vesica fellae) 
мен одан шығатын өт қабының өзегі (ductus cysticus) орналасады. Аралық 
бөлікті сол бөліктен жұмыр байлам (іштөлінің бұрыңғы кіндік венасы) - 


122 
ligamentum teres, ал оң бөліктен өт қабы бөліп тұрады. Бауырды диафрагмамен 
байланыстыратын жұмыр байламның жалғасы орақша байлам, одан әрі қысқа 
көлденең немесе тәждік байламға (ligamentum coronarium) ауысады. Бұл байлам 
өз кезегінде екіге ажырап, оң және сол үшбұрышты байламдарға (ligamentum 
triangulare dextrum et sisnistrum) жалғасады. Аралық бөліктің өзі қақпалық вена 
(v.portae) бауырға енетін бауыр қақпасы (porta hepatis) тұсынан: жоғарғы 
құйрықты бөлікке (lobus caudatus) және төменгі шаршы (квадратты) бөлікке - 
lobus quadratus бөлінеді. Құйрықты бөлік деп аталу себебі, бұл бөлікте көп 
жануарларда құйрық өсіндісі (processus caudatus hepatis) болады. Сөйтіп, 
бауырда төрт: оң, сол, шаршы және құйрықты бөліктер ажыратылады. Аталған 
бөліктер күйіс қайтаратын жануарларға тән. Жылқыда оң бөлік қосымша ойық 
арқылы латеральды және медиальды бөліктерге — lobus dexter lateralis et 
medialis, ал шошқа мен итте оң бөлікпен қатар сол бөлік ие екіге: латеральды 
және медиальды бөліктерге — lobus dexter et sinister lateralis et medialis – 
бөлінеді. Кейбір жануарлар бауырларында бүйрек батыңқысы (impressio renalis) 
жақсы көрінеді.
Ерекшеліктері: Жылқы бауырында өт қапшығы болмайды. Сол бөлігі 
латеральды және медиальды бөліктерге бөлінеді. Бауыр өзегі қабырғаастылық 
аумағында орналасқан. Бірақ, оның сол бөлігі сол қабырғаастылық аумағына 
аздап өтеді. Күйіс қайтаратын жануарлардабауыр оң қабырғаастылы аумақта, 8 
-інші қабырғадан соңғы қабырғаға дейінгі аралықта жатады. Бауыр бөліктері 
нашар байқалады. Өт қабы алмұрт пішіндес болып келеді. Оның вентральды 
ұшы бауыр жиеігінентөменірек түсіп тұрады. Шошқабауырының оң және сол 
бөліктері өз кезегінде латеральды және медиальды бөліктерге бөлінеді. Оның 
денемен салыстырмалы мөлшері, таза шөп қоректі жануарларға қарағанда 
үлкендеу болып келеді, құйрықты бөлігі оң бүйрекпен жанаспайды. Бауыр оң 
қабырғаастылық аумақта, 14 -інші қабырға тұсына дейінгі аралықта жатады. 
Сол қабырғаастылық аумаққа сәл ғана өтеді. Итбауырының салыстырмалы 
мөлшері басқа жануарлаға қарағанда көлемді келеді. Оң және сол бөліктері 
латеральды жәнемедиальды бөліктерге бөлінген. Құйрықты бөлікте қосымша 
емізікше өсінді (processus papillaris) болады. Бауыр оң және қабырғаастылық 
және семсерше өсінді аумақтарында орналасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет