А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет77/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Ерекшеліктері.Жылқыбүйенінің пішіні үтір тәріздес, көлемі үлкен, 
қабырғасында төрт қатар ұзын ет таспалары(teania) және олардың 
аралықтарында төрт қатарда орналасқан қалташалар (haustra) болады. Жуан 
келген бүйеннің негізі(basis ceci) жамбас қуысында жатады, ал оның ұзын бүйен 
денесі(corpus caeci) құрсаққуысының оңжағында бауырға дейін созылады. 
Жіңішкерген бүйен төбесі(арех сесі) сол жаққа қарай иіліп, семсерше есінді 
аумағына қарай бағытталған. Бүйенде үлкен және кіші иіндер болады. 
Сиырда бүйен тегіс қабырғалы, пішіні ұзынша келген, ұзындығы30-70 см. 
Ол құрсақ қуысының оң бүйірлік аумағының жоғарғы жағында орналасады. 
Оның артқыұшы жамбас қуысында, алалдыңғы шекарасы бел аумағының орта 
тұсына дейін созылады, 
Қойменешкі бүйенінің құрылысы мен орналасу орындары сиырға ұқсас. 
Шошқабүйені қысқа, пішіні конус тәрізді болып келеді.Бүйеннің 
қабырғасында үш қатар еттаспалары мен қалташалары болады. Бүйеннің 
алдыңғы жағы оң бүйректің артқы бетімен жанасады, ал төбесі каудальды және 
оң жаққа қарай бағытталған. 
Ит бүйенінің ұзындығы 20 см. Қысқа шажырқайға ілінген бүйенденесінде 
2-3 иілім болады. Ол құрсақ қуысының оң бүйірлік аумағында, бел 
омыртқалардың орта тұсында орналасады. 
Тоқ ішек (ободочная кишка) — intestinum colon—жуан ішектің ортаңғы 
бөлігі. Оның пішіні мен көлемі жануарлардың қоректену сипатына байланысты. 
Итте ол қысқа, шошқада орташа, шөппенқоректенетін жануарларда ұзын болып 
келеді. 
Ол, 3 кескінге бөлінеді: 1) бастапқы ілмек, 2) шиыршық лабиринт және 3) 
соңғы ілмек. 
Бастапқы ілмек — ansa coli proximalis — бүйеннің толық жалғасы, оның 
арасындағы шекара ретінде мықын ішектен бүйен ішекке деген кіреберіс тесігі 
бар.
Шиыршықты лабиринт — ansa spiralis — мес қарынның оң қабырғасында 
орналасқан. Және бір жазықтықта екі тізімді шиыршық түзеді: центрипетальды 
және центрифугальды. 


127 
Соңғы ілмек — ansa distalis — бастапқы ілмектен гөрі, диаметрі кішкентай. 
Жамбасқа қарай бағытталған, содан кейін омыртқа астына қарай тура бұрылады 
да, тағы да артқа қарай бұрылады. Сосын, шекараны өтпей тура ішекке түседі. 
Жуан ішек іш қуысының оң жартысына орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет