14.1 Ен, ен қосымшасы, енбау, шәуетжол және енқап Сабақтың мақсаты: Ен, ен қосымшасы, енбау, шәуетжол және енқап
құрылыстарын игеру Ен (семенник) — testes — пішіні сопақша келген жұп аталық жыныс безі.
Ол құрылысы жағынан паренхималымүшелерге жатады. Енде аталықжыныс
торшалары шәуіттер көбейіп жетіледі және аталықжыныс гормоны тестостерон
түзіледі.
Ен құрсақ қабырғасынан пайда болған арнайы қалташа құрылым енқапта
орналасады. Оның ен басы(extremitas capitata), ен денесі(corpus), ен
құйрығы(exiremitas caudata) сияқты бөліктерімен қатар, ен қосымшалық
жиегі(margo epididymis) және бос жиегі(margo liber) мен латеральды және
медиальды беттері болады. Енді сыртынан өзіндік қынаптық қабық(сірлі қабық
ішперденің висцеральды жапырақшасының жалғасы)— tunica vaginalis testis—
пен оның астындағы ақ қабық(тығыз дәнекер ұлпасы) — tunica albuginea
testis— қаптап жатады. Ақ қабық еннің басынан құйрығы жағына қарай үңгілей
еніп, ен ортасын(mediastinum testis) құрайды. Ақ қабықты ен ортасымен
байланыстырып отыратын тығыз дәнекер ұлпалық ен перделіктері(septulae
testis) ен паренхимасын(parenchima testis) бөліктерге бөледі. Дәнекер ұлпалық
аққабық, ен ортасы және перделіктер еннің стромасын, ал оның паренхимасын
ен бөлікшелері құрайды. Ен бөлікшелерін қабырғаларында шәуіттердің түзілу
процесі сперматогенез жүретін 2-4 ирек тұқымдық өзекшелер(tubuli seminiferii
contorti)құрайды. Бұл өзекшелердің аралығында борпылдақ дәнекер ұлпасы мен
аталық жыныс гормонын бөлетін аралық (интерстициальды) торшалар
150
орналасады. Ен бөлікшелеріндегі ирек тұқымдық өзекшелер ен ортасына қарай
бағытталып, түзу тұқымдық өзекшесіне(tubuli seminiferi recti) айналады. Олар
өз кезегінде ен ортасында бір-бірімен қосылып ажырап, ен торын (rete testis)
жасайды.