148
кетеді. Еркек жануарларда ол жыныс мүшесі өзегімен қосылып,
несеп-жыныс
өзегін, ал ұрғашы жануарларда жыныстық кіреберіске ашылып, несеп-жыныс
кіреберісін немесе несеп-жыныс қойнауын қүрайды.
48 - сурет. Қуық пен несепшығар өзек
Ерекшеліктері.Жылқыда қуықтың денесі
мен мойнының вентральды
бетінде сірлі қабық болмайды. Қуық үшбұрышы анықкөрінбейді.Сиырмен ұсақ
малдарданесепағар тесіктері бір-біріне жақын орналасқандықтан, қуық
үшбұрышы білінбейді. Бұқалар менқошқарларданесепағар қыры несеп-жыныс
өзегінің ұрықтық төмпешігіне дейін созылады
.Шошқаданесепағар қатпары жұп
болады. Қуық үшбұрышы айқын көрінеді.Иттеде қуық үшбұрышы анық
көрінеді.
Қуықтың гистологиялық құрылысы.
Қуықтың қабырғасы да кілегейлі,
етті және сірлі (адвентиция) қабықтардан тұрады. Қуықтың кілегейлі қабығы
үш қабаттан тұрады. Кілегейлі қабықтың ішкі бетін көпқабатты жалпақ
ауыспалы эпителий қабаты астарлайды. Оның
астындағы өзіндік тақташа
борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Кілегейлі қабықтың ортаңғы етті
қабықпен шектесетін сыртқы кілегейліасты негіз де,
борпылдақ дәнекер
ұлпасынан құралған. Өзіндік тақташа мен кілегейліасты негізде, зәрге толғанда
149
қуық қабырғасының созылып, ал зәрден босағаннан соң,
оның қайтадан
қалпына келуіне ықпалын тигізетін эластин талшықтары көптеп кездеседі.
Бақылау сұрақтары:
1 Несепағар, қуық пен несепшығар өзегінің топографиясы мен құрылысын
сипаттап беріңіз?
2 Несепағардың қабырғасы қалай құрастырылған?
14 Аталықтың көбею мүшелері
Аталықтың көбею мүшелеріне: ен,
ен қосымшасы, енбау, шәуетжол, енқап,
несеп-жыныс өзегі, қосымша жыныс бездері, жыныстық қатынас мүшесі мен
күпек жатады.
Достарыңызбен бөлісу: