А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет93/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Ерекшеліктері. Айғырдың ені ірі, екі бүйірінен қысыңқы келеді. Оның 
бас жағындағы ұшы краниальды, ал ен қосымшалық жиегі дорсальды бағытта 
орналасқан(cурет 49). Ен қосымшасы мен еннің аралығындаен қосымшасының 
саңылауы (sinus epididymidis) болады. Ен ортасы мен перделіктер жай көзге 
жақсы байқалмайды.Бұқа, қошқар, теке ендері өте ірі болып келеді. Ен 
қосымшасының басы жалпақ, денесі жіңішке, құйрығы жуан болып, енмен 
тұтасып кетеді. Ен ортасы жақсы байқалады. Бұл жануарлар еннің басы 
дорсальды, ал ен қосымшасының жиегі қаудальды бағытта жатады.Қабанның 
ені өте ірі, пішіні сопақша келген. Ен қосымшасыныңбасы мен құйрығы еннің 
екі ұшында (полюсында) орналасқан. Ен ортасы мен перделіктер жақсы 
жетілген. Еннің басы кранио-вентральды, ал ен қосымшалық жиегі дорсо-
краниальды бағыттаорналасып, денеге қиғаш жатады.Төбеттің ені онша ірі 
емес, пішіні дөңгелек-сопақша болады. Ен қосымшасы жақсы жетілген. Бірақ, 
оның саңылауы айқын емес. Еннің денедегі орналасуы қабан енінің 
топографиясына ұқсас.
Еннің гистологиялық құрылысы. Ен сыртынан сірлі қабықпен (өзіндік 
қынаптыққабық), оның астындағы тығыз дәнекер ұлпалық ақ қабықпен 
қапталған. Ақ қабық еннің артқы жағынан оның ортасына қарай үңгілей еніп, 
ен ортасын құрайды. Ақ қабық еннің ортасын жалғастыратын дәнекер ұлпалық 
перделіктер, ен паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Еннің стромасын ақ қабық, 
ен ортасы және перделіктер, ал паренхимасын ен бөлікшелері құрайды.Әрбір ен 
бөлікшесі 2-4 ирек тұқымдық өзекшелерден тұрады.Олардың орташа диаметрі 
150-250 мкм, ұзындығы 30-70 см. Ендегі барлық ирек өзекшелердің жалпы 
ұзындығы 1-3 км болады. Ирек тұқымдық өзекше сыртынан коллаген, эластин 
талшықтары мен фиброциттерден құралған дәнекер ұлпалық қабықпен 
қапталған.Ирек тұқымдық өзекшелердің қабырғасын құрылымдық негізде 
тығыз байланысқан эпителиоциттер мен сперматогенді торшаларқабаты түзеді. 
Эпителиоциттер (Сертоли торшалары) негіздікжарғақта орналасқан пішіні 
пирамида тәрізді тіректік торшалар. Олардың сопақкелген ядролары негіздік 
жарғаққа жақындау жатады.
Сперматогенді торшалар сперматогенез сатысындағы жыныс торшалары. 
Ирек тұқымдық өзекшелердің шеткі жағындағы негіздік жарғақ маңында 
жатқан майда торшалар үздіксіз бөліну арқылы көбею сатысындағы 
сперматогониялар. Олардан өзекше қуысына қарай орналасқан 1-2 қатардағы 
ірі торшалар өсу сатысындағы біріншіліксперматоциттер. Олардың 


151 
ядроларында шумақталған хромосомалар жақсы байқалады. Олардан кейінгі 
ішкі қатарларда жетілу сатысындағы екіншілік сперматоциттер мен 
сперматидалар. Екіншілік сперматоциттер ірірек, ядроларында хромосомалар 
шумағы 
байқалады. 
Пішіні 
сопақтау 
келген 
сперматидалардың 
ядроларындахромосомалардың гаплоидты жиынтығы болады. Ирек тұқымдық 
өзекшелер қуысы маңында немесе қуысында қалыптасу сатысындағы 
сперматозоидтар топтасып орналасады. Ен бөлікшелердің құрайтын ирек 
тұқымдық өзекшелер аралықтарында қан және лимфа тамырлары мен жүйкелер 
өтетін борпылдақ дәнекер ұлпасы болады. Осы аралықтарда ірі ядролы 
торшалар топтасып орналасады. Бұлар тестостерон гормонын бөлетін 
эндокриноциттер. 
Бөлікшелер ішіндегі ирек тұқымдық өзекшелер ен ортасына қарай 
түзуленіп, түзу тұқымдық өзекшелерге айналады. Бұлардың қабырғаларында 
сперматогенді торшалар болмайды. Қабырғасы тек эпителиоциттерден тұрады. 
Ен ортасында түзу тұқымдық өзекшелер бір-бірімен қосылып, ажырап 
байланысып, ен торын жасайды. Ен торынан жетілген сперматозоидтарды ен 
қосымшасының басын құрайтын тұқым әкеткіш өзекшелер (10-30) алып 
шығады. Олар бір-бірімен қосылып, ен қосымшасының өзегін түзеді. 
Тұқым әкеткіш өзекшелердің қабырғасы екі қабаттан тұрады. Оның ішкі 
бетін призма тәрізді кірпікшелі торшалар мен кірпікшесіз текше тәрізді 
эпителий торшаларынан құралған бірқабатты эпителий астарлайды. Призма 
тәрізді эпителиоциттер кірпікшелері сперматозоидтардың ен қосымшасына 
қарай 
қозғалуын 
қамтамас 
етеді. 
Текше 
тәрізді 
эпителиоциттер 
сперматозоидтардың қоректенуіне қажет сөл бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет