А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет94/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Ен қосымшасы(придаток семенника) — epididymis — түзілген шәует 
уақытша жиналып сақталатын мүше. Ен қосымшасы қабырғасының бөлетін 
сөлі шәует (сперма) құрамындағы сперматозоидтарға әсер етіп, олардың қимыл 
қозғалыстарын тежеп, тіршілік қасиеттерінің ұзақ мерзімге сақталуын 
қамтамасыз етеді. Ен қосымшасы ен қосымшасының басынан, денесінен және 
құйрығынан (caput, corpus etcaudaepididymis) тұрады. Ен қосымшасының басын 
ен торынан шәуетті алып шығатын тұқым әкеткіш өзекшелер (ductuli aberrantes) 
құрайды. Олар бір-бірімен қосылып, ен қосымшасының өзегін(ductus 
epididymis) түзеді. Бұл өзек ен қосымшасының денесі мен құйрығын құрайды. 
Ен мен ен қосымшасын сыртынан қаптайтын өзіндік қынаптық қабық (сірлі 
қабық), ен мен ен қосымшасын бір-бірімен өзара және оларды енқаппен 
байланыстырып, ен шажырқайын (mesorchium) құрайды. 
Ен қосымшасы өзегі қабырғасының гистологиялық құрылысы. Ен 
қосымшасы өзегінің қабырғасы да екі қабаттан тұрады. Оның ішкі бетін бір 
қабатты екі қатарлы эпителий астарлайды. Эпителий қабаты екі түрлі 


152 
эпителиоциттерден тұрады. Призма тәрізді секреторлы эпителиоциттердің 
сопақ келген ядролары негіздік жарғақтан жоғарырақ бір қатарда орналасады. 
Олар сөл бөледі. Екінші аласа келген текше тәрізді эпителиоциттердің дөңгелек 
ядролары негіздік жарғаққа жақын бір қатарда жатады. Бұлар камбиальды 
қызмет атқарады. Сыртқы дәнекер ұлпалық-етті қабатын құрамында бірыңғай 
салалы ет ұлпасының миоциттері бар дәнекер ұлпалық қабықша құрайды. 
Несеп-жыныс өзегі шәует жолы мен несепшығар өзегінің қосылуынан 
пайда болады. 
Енқап(семенниковый мешок) — saccus testicularis— құрсақ қабырғасы 
қабаттарынан дамып жетілген, пішіні дорба тәрізді қуысты мүше. Енқаптың 
қуысы құрсақ қуысымен шап өзегіндегі қынаптық өзек арқылы жалғасады. 
Оның қуысында ен және ен қосымшасы орналасады. Енқаптың қабырғасы 
ұмадан, еннің сыртқы көтергіш бұлшық етінен және жалпы қынаптық қабықтан 
тұрады. Ұма(scrotum) екі қабаттан: сыртқы теріден (cutis scroti) және ішкі етті-
серпімді қабаттан (tunica dartos) құралған. Етті-серпімді қабат беткей шандыр 
мен бірыңғай салалы ет ұлпасынан түзілген. Етті-серпімді қабық ұма қуысын, 
ұма пердесі (septum scroti) арқылы екіге бөледі. Әрбір қуыста жалпы қынаптық 
қабықпен және сыртқы ен көтергіш бұлшық етпен (m. cremaster externus) 
қапталған ен орналасады. 
Еннің сыртқы көтергіш бұлшық еті (m. cremaster externus) құрсақтың ішкі 
қиғаш бұлшық етінің енқаптағы жалғасы. Жалпы қынаптық қабық (tunica 
vaginalis communis) екі: сыртқы талшықты немесе фиброзды қабаттан (lamina 
fibrosa) және ішкі сірлі қабаттан (lamina serosa) құралған. Ұма мен жалпы 
қынаптық қабық борпылдақ дәнекер ұлпасы арқылы байланысып, енқапты 
түзеді. Енқаптың сірлі қабықпен астарланған қуысы — қынаптық қуыста 
(cavum vaginalis) сірлі сұйық болады. Қынаптық қуыс құрсақ қуысының 
енқаптағы жалғасы. 
Өзіндік қынаптық қабық (tunica vaginalis communis) құрсақ қуысы сірлі 
қабығы висцеральды ішпердесінің ұмадағы бөлігі. Ол ен мен ен қосымшасын 
тікелей қаптап, жалпы қынаптық қабықтың сірлі қабатына ауысып, ен 
шажырқайын түзеді. Ол шәует жолының артқы жиегін тұтасымен ұма 
қабырғасына байланыстырып, шап өзегіне жақындағанда жалпақ қынаптық 
қабықтың сірлі қабатына айналады. Ен шажырқайы өзінің төменгі бөлігімен ен 
қосымшасының құйрықтарын өзара жалғастырып тұрған еннің арнайы 
байламын және оның жалғасы шап байламын қоршап жатады. Шап байламы 
енді жалпы қынаптық қабықпен байланыстырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет