83
10.2 Терінің туындылары: тері бездері, сүт безі
Сабақтың мақсаты: Тері бездері, май, тер және сүт
бездерінің құрылысын
игеру
Үй жануарларының тері бездеріне — glandulae cutis—май, тер және сүт
бездері жатады(сурет 34).
Май бездері - glandulae sebaceae — терінің емізікше қабатында
орналасады. Ол құрылысы қарапайым көпіршікше (альвеолалы) бездерге
жатады. Бездің секрет бөлетін соңғы бөлімін
көпқабатты безді эпителий
құрайды. Без өзегі түк қынабы қуысына ашылады. Май бездері қоршаған
борпылдақ дәнекер ұлпасынан негіздік жарғақ арқылы бөлінген. Май безінің
секреттері майы (sebum) — эпидермис пен тері түктерін майлайды. Май бездері
емшектің
терісінде, жануарлар қаңсарының терілерінде, майтабанда,
тұяқ пен
мүйізде болмайды.
Тер бездері - glandulae sudoriferae - құрылысы қарапайым түтікше
бездерге жатады. Бездің қабырғасын бірқабатты текше (куб) тәрізді безді
эпителий құрайды. Без көпіршігінің (альвеоласының) куысы терге толған кезде,
миоэпителиоциттер рефлекторлы түрде жиырылып сығып, жиналған тердің тер
безінің өзегі арқылы сыртқа шығуын қамтамасыз етеді. Тер безінің секреті тер
— sudor - арқылы денеден артық су, тұздар,
дәрі-дәрмектер, ақуыздық
алмасудың ыдырау өнімдері несепнәр (мочевина), несеп қышқылдары т.б.
организмге керексіз заттар шығарылады.
Ерекшеліктері: сиырларды май бездері әлсіз ықшамдалған. Шошқа мен
жылқыларда ұзын және домалаққа ықшамдалған.
Жылқылардың май
бездерінде ақуыз бар, сондықтан олар ақ көбікке айналады.
Теріде бездің пайда болуы жануарлардың анықталған тері жабында
бездердің жиналуы. Осындай пайда болулар жануарлардың
есту аппаратында
— glandulae ceruminosae; қабағында — тарсальды безі — glandulae tarsales.
Сірі бездер – glandulae plani nasolabialis - сиырдың жалтыр таңауында
орналасады. Шошқалардың тұмсығында тұмсық безі - glandulae plani rostralis;
алдыңғы тізенің медиальды және пальмарлы терісінде
тізе безі - glandulae
carpales; иек терісінде иекті бездер — glandulae mentales; күпектің
диверткуланың алдыңда диверткула безі — glandulae diverticuli praeputii
орналасқан. Жылқыларда майтабан безі - glandulae pulvinares — және емізікте
сүт безі — glandulae papillares. Итте бездердің жиналуы артқы қапшықта —
glandulae anales, майтабанда — glandulae pulvinares.
Достарыңызбен бөлісу: