84
төс пен құрсақтың
төменгі бетіндегі теріде, алдыңғы және артқы аяқтар
аралығында бірнеше жұп төбешік ретінде эпидермистен қалыптасады. Бездің
стромасы мезенхимадан дамиды. Жануарлардың түрлеріне байланысты
төбешіктер әр түрлі дәрежеде дамып жетіледі. Сиырда төрт бөлімді, төрт
емшекті;
биеде төрт бөлімді, екі емшекті; қой мен ешкіде екі бөлімді, екі
емшекті; шошқа мен итте көп бөлімді желін болып тері қабаттарынан
қалыптасады. Сүт безі құрылысы жағынан күрделі көпіршікше үтікше бездерге
жатады. Ол паренхималы мүше ретінде екі бөлімнен: паренхимадан және
стромадан құралады. Паренхиманы сүт
безінің безді белігі, ал строманы
паренхима болікшелері аралықтарындағықан, лимфа тамырлары мен
жүйкелерге бай борпылдақ дәнекер ұлпасы құрайды.
Сүт безі денеден —corpus uberis — және емізікшеден — papillae uberis -
тұрады. Сүт безі құрылысы жағынан күрделі тарамдалған түтікше-көпіршікше
бездерге жатады. Сүт тамшыларын бөлетін сүт альвеолаларының — alveolae
lactifeгае - қабырғасы бірқабат текше (куб) тәрізді
безді эпителиоциттерден
(лактоциттер)
тұрады.
Сүттену
кезінде
альвеола
қабырғасындағы
лактоциттердің биіктігі өсіп, призма тәрізді безді торшаларға айналады. Сүт
тамшылары — tubulae lactiferaeбезді эпителиоциттердің альвеола қуысына
қараған
апикальды
ұшында
жиналып,
торша
цитоплазмасынан
плазмолеммамен бірге үзілу арқылы түзіледі, яғни сүт тамшылары безді
торшалар бүтіндігінің жартылай бұзылуы нәтижесінде апокринді жолмен
бөлінеді. Сүттің құрамына кіретін заттардың барлығы (козеин ақуызы, лактоза,
май
тамшылары, иммунды глобулиндер, витаминдер, тұздар т.б.) сүт
тамшысымен бірге бөлінеді. Сүт альвеолалары сыртынан жиырылу қызметін
атқаратын себет тәрізді миоэпителиоциттермен шырмала қапталған. Альвеола
куысы сүтке
толған кезде, миоэпителиоциттер рефлекторлы жиырылып, сүтті
сүт түтікшелеріне айдайды. Сүт түтікшелері — canales lactiferes - бір-бірімен
қосылып, сүт өзекшелерін - ductus lactiferes - кұрайды. Сүт түтікшелері мен сүт
өзекшелерінің қабырғалары да, бірқабатты текше тәрізді эпителийден түрады.
Олар альвеолалармен бірге бірігіп, бөлікшелерді қүрайды. Аталған түтікшелер
мен өзекшелер сыртынан миоэпителиоциттермен қапталған. Сүт өзекшелері
бір-бірімен қосылып, сүт өзектерін - ductus lactiferes - түзеді. Сүт
өзектері
бөлікшелер аралық дәнекер ұлпалық аралықта орналасады. Сүт өзектері сүт
цистернасына- sinus lactiferus - ашылады. Сүт цистернасының кілегейлі
қабығын екі қабаттыпризма тәрізді эпителий астарлайды. Сүт безі паренхимасы
құрылымдарының (альвеолалар, сүт түтікшелері, сүт өзекшелері, сүтөзектері)
эпителий қабаттарының астындағы өзіндік тақташа борпылдақ дәнекер
ұлпасынан тұрады. Сүт өзегінің кілегейлі қабығы үшқабаттан: ішкі эпителий
және
миоэпителий қабаттарынан, олардыңсыртындағы өзіндік тақташадан
85
құралған . Кілегейлі қабықтың сыртынан жиырылу қызметін атқаратын
бірыңғай салалы ет қабаты қоршап, қаптап жатады. Сүт - сүт цистернасында
жиналып, емшек өзегі - canalis papillaris және оның үрпі
арқылы сыртқа
шығарылады. Емшек өзегінің ішкі беті көпқабатты жалпақ эпителиймен
астарланған. Оның астындаборпылдақ дәнекер үлпалық озіндік тақгаша
жатады. Емшек қабырғасының ортаңғы бірыңғай салалы ет ұлпалық қабығы
төрт қабаттан тұрады. Олар: ішкі ұзынша қабат,
оның сыртындағы
сақинашақабат, одан кейінгі үшінші аралас қабат және сыртқы радиальды
қабат. Етті қабықтың сакинаша қабаты емшек үрпінің қысқыш етінің - m.
sphincter papillae - (сфинктерінің) қызметін атқарады. Ол жиырылып емшек
үрпін қысып, сүтті ұстап тұрады. Емшектің сыртқы қабығы — тері.
Достарыңызбен бөлісу: