А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет59/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

қасқыр тіс"’ — деп атайды. Азу тістерінің мөлшері артқа қарай үлкейеді. 
Жоғарғы және төменгі тіс аркадаларындағықарама-қарсы орналасқан ең биік 
тістері кескіш тістер’ - деп аталады. Иттің барлық тұрақты тістері қысқа 
сауытты тістерге жатады. 


99 
Бақылау сұрақтары: 
1 Ірі қара малдың, шошқаның, жылқы мен иттің тістеріне сипаттама беріңіз? 
2 Аркададағы тұрақты және сүтті тістердің өсу мерзімі мен формуласы қандай? 
11.4 Қатты және жұмсақ таңдай, ауыз қуысының түбі, тіл 
 
Сабақ мақсаты: Қатты және жұмсақ таңдай, ауыз қуысының түбі мен тілдің 
құрылысын игеру. 
Қатты таңдай—palatum durum—сүйек таңдаймен жанасып, ауыз 
қуысының төбесін құрайтын кілегейлі қабық қатпары. Қатты таңдайдың 
ортасында ұзынынан таңдай жігіт— raphe palatine өтеді. Таңдай жігінен оңға 
және солға таңдай білеуліктері— rugae palatinae орналасады. Күрек тістің 
артқы жағында таңдай жігінің бойында күректіс бүртігі—papilla incisiva 
байқалады. Оның екі жақ бүйіріне ауыз және мұрын қуыстарын өзара 
жалғастырып тұратын жұп күректіс өзегі— ductusincisivas ашылады.
Ерекшеліктері: Жылқыда күрек тіс бүртігі тек жас құлындарда ғана 
жақсы байқалады. Таңдай білеуліктерінің пішіні жоға тәріздес болып келді. 
Саны 16-18. Сиыр таңдайында 15-20 шақты таңдай білеуліктері көрінеді. 
Олардың алғашқы он екісінде жиектері артқа қарай бағыталған өткір тісті 
қырлары болады. Негізгі білеуліктер аралығында ұсақ білеуліктер де кездеседі. 
Қойдың қатты таңдайында – 14 білеуліктер орналасқан. 
Жұмсақ таңдай— palatum molle — қатты таңдайдың артқа қарай жалғасы. 
Оның негізін таңдай сүйектен басталатын таңдай бұлшық етт.palatinus 
құрайды. Жұмсақ таңдай ауыз қуысын жұтқыншақтан бөліп тұрады, оның ауыз 
және жұтқыншақ беттері болады. Жұмсақ таңдайдың жоғарғы беті мұрын 
қуысына тән кілегейлі қабықпен, ал төменгі беті ауыз қуысына тән кілегейлі 
қабықпен қапталған. Жұмсақ таңдайдың артқы жағындағы бос иілген жиегін оң 
және сол таңдай жұтқыншақ жоғаларын түзеді. Таңдай доғасы мен тіл түбірінің 
аралығында, ауыз қуысын жұтқыншақпен жалғастыратын ауыздың шығаберіс 
тесігі (есін) жатады. Таңдай шымылдығының кілегейлі қабығы, тіл түбіріне 
қарай өтіп, тіл денесінің тұсында таңдай тіл-доғасын — arcus glossopalatinus 
түзеді. Осы доғаның артқы жағында және тіл түбірінің екі бүйірінде таңдай 
бадамшалары (миндалины)— tonsillae palatinae орналасады.
Жұмсақ таңдайдың ауыз қуысына қараған бетінің кілегейл қабығы 
көпқабатты жалпақ эпителиймен қапталған. Онда кілегей бөлетін таңдайбездері 
— glandulae palatinae болады. Ал жұмсақ таңдайдың мұрын-жұтқыншақ (аңқа) 


100 
бетіндегі кілегейлі қабық бірқабатты көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен 
астарланған. 
Таңдай шымылдығының бұлшық еттері. 
Таңдай 
бұлшық еті— m. palatinus —жұмсақ таңдайдың негізін 
құрайды. Ол тандай сүйегінің артқы жиегінен басталып, таңдай доғасына 
бағытталады. Бұл бұлшық ет жұтынғаннан кейін жұмсақ тандайды қысқартады. 
Таңдай шымылдығын көтергіш бұлшық ет— m. levator veli palatini — самай 
сүйектің ет өсіндісінен басталып, таңдай шымылдығының орта тұсына келіп 
аяқталады. Аталмыш бұлшық ет жұтыну кезінде тандай шымылдығын көтеріп, 
есінді кеңейтеді. Таңдай шымылдығын қатайтқыш бұлшық ет— m. tensor veli 
раlatini — таңдай шымылдығын көтергіш бұлшық етпен бірге басталып
қанатша сүйектің ілмегіне қарай бағытталады да, одан асып өтіп тандай 
шымылдығының екі бүйіріне бекиді. Бұл бұлшық ет жұту кезінде таңдай 
шымылдығын көтеріп, азықтың ауыз қуысынан жұтқыншаққа өтуіне 
көмектеседі. 
Ерекшеліктері.Жылқыдатандай шымылдығы ете ұзын. Оның тандай 
доғасы тіл түбіріне дейін жетеді. Осыған байланысты жылқы басқа малдармен 
салыстырғаңда аузымен дем ала алмайды. Таңдай шымылдығында тақ таңдай 
бадамшасы, ал тіл түбірінің екі бүйірінде жұп тандай бадамшалары орналасады. 
Күйіс қайтаратын малдардыңжұмсақ таңдайы сәл қысқалау келіп, көмекей 
бөбешігінің ұшына дейін созылады. Таңдай шымылдығының екі бүйірінде 
таңдай бадамшалары болады. Шошкадатаңдай шымылдығы қысқа және қалың 
болып келіп, бөбешікке көлденен бағытталады. Тандай шымылдығында тақ 
тандай бадамшасы орналасады.Иттетандай шымылдығы тіл түбіріне қарай 
бағытталып, бірақ оған сәл жетпей аяқталады. Тандай бадамшалары ерекше 
бадамша қуыстарда – sinus tonsillares - орналаскан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет