А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет84/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

 
2. Сақинаша-қалқанша бұлшықет (m. cricothyreoideus) сақинаша 
шеміршек доғасының сыртқы бетінен басталып, қалқанша шеміршек 
тақташасының сыртқы бетіне бекитін жұп бұлшық ет. Бұл етқалқанша 
шеміршекті төмен түсіріп, көмекей қуысын кеңейтеді. 


137 
3. Тіласты-бөбешік бұлшықеті(m. hyoepiglotticus) тіласты сүйегі 
денесінен басталып, бөбешікте аяқталады. Ол бөбешікті алға жылжытып, 
көмекей кіреберісін кеңейтеді. 
Көмекейдің тарылтқыш бұлшық еттері1. Латеральлды сақинаша-жауша 
бұлшық еті (m. cricoarytaenoideus lateralis) — сақинаша шеміршек доғасының 
бүйір бетінен басталып, ожауша шеміршекті ет өсіндісіне бекитін жұп бұлшық 
ет. Ол қалқанша шеміршек тақташасының медиальды бетінде жатады. 
Жиырылған кезде ол ожауша шеміршекті төмен тартып, дыбыс қатпарларын 
босаңсытады. 
2. Дыбыс бұлшық еті(m. vocalis) дыбыс қатпарының негізінқұрайды. Ол 
ожауша шеміршектің дыбыс өсіндісінен басталып, қалқаншашеміршектің 
тақташасында аяқталады. Дыбыс қатпарларын босаңсытады. 
3. Қарынша бұлшықеті(m. ventricularis) қарынша қатпарының негізін 
түзеді. Дыбыс бұлшықетімен қатарласа орналасып, бірдей қызмет 
атқарады.Күйіс қайтаратын жануарлармен шошқададыбыс және қарынша 
бұлшық еттері бірігіп кеткен. 
4. Көлденең ожауша бұлшық еті(m.arytaenoideus transversus) ожауша 
шеміршектірдің жоғарғы жағында көлденең орналасып, оның ет өсінділерін 
бір-бірімен жалғастырып тұрады. Дыбыс бұлшық еттерімен бірге жиырылып, 
дыбыс қатпарларын босаңсытады.
Көмекейге жалпы әсер ететін бұлшық еттер. 1.Төс-қалқанша бұлшық еті 
(m.sternothyreoideus) - төс тұтқасынан басталып,шеміршектің тақташаларында 
аяқталады. Ол жұтынғаннан соң, көмекейді кейін тартып, дыбыс қатпарларын 
қатайтатын бұлшық еттерге көмектеседі. 
2. Тіласты-қалқанша бұлшық еті (m.hyothyreoideus) тіласты сүйектің 
үлкен мүйіздігінен басталып, қалқанша шеміршектің бүйірінде аяқталады. Ол 
жұтыну кезінде көмекейді алға тартады. 
Кеңірдек (трахея) — trachea — көмекейді өкпе бронхтарымен 
байланыстыратын түтікше мүше. Ол денедегі орналасу орнына байланысты екі 
бөлікке бөлінеді. Олар: мойын және көкірек бөліктері. Кеңірдектің қабырғасы 
үш қабықтан: ішкі кілегейлі қабықтан, ортаңғы талшықты-шеміршекті 
қабықтан және сыртқы мойында адвентиция қабығынан, ал көкірек қуысында 
сірлі қабық — плеврадан тұрады. Ортаңғы қабығының негізін жоғарғы ұштары 
тұйықталмаған шеміршек сақиналары құрайды. Кеңірдек сақиналарының 
жоғарғы бос ұштары бір-бірімен кеңірдек байламы мен кеңірдек бұлшық еті 
арқылы байланысқан. Кеңірдек жүректің жоғарғы жағында, ауаны аттас 
өкпелерге жеткізетін сол және оң негізгі бронхтарға ажырайды. Кеңірдектің екі 
негізгі бронхтарға ажырайтын жерін кеңірдек бифуркациясы (bifurcatio 
tracheae) — деп атайды 


138 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет