142
Альвеолалардың қабырғасы арқылы ауа мен қанның арасындағ газ
алмасу процесі жүреді. Альвеолалардың қабырғасын
негіздік жарғақта
орналасқан тым жұқа бірқабатты жалпақ тыныс алу (респираторлары)
эпителийі астарлайды.
Көкірек перде (плевра) — pleura — бұл кеуде қуысының қабырғасы мен
өкпені жабатын сірлі қабық. Көкірек перденің жапырақтарын қабырғаға жақын
және орта қабырға деп ажыратады. Көкірек перденің қабырғаға жақын
жапырағын — pleura parietalis—деп атайды. Ол
кеуде қуысының ішкі
қабырғасын толықтай жабады, сондықтан қабырғадағы қабатын, қабырғалық
перде — pleura costalis; ал диафрагмадағыны — диафрагмалық перде —pleura
diaphragmalis дейді.
Өкпе пердесінен гөрі, қабырғалық пердеде сезімтал
рецепторлар өте көп. Осыдан, көкірек перде қабынған уақытта ауру пайда
болады.
Кеуде қуысының оң және сол жақ қабырғаларының қабырғаға жақын перде
кеуде омыртқасынан кеуде сүйегіне дейін түскенде
- кеуде қуысының орташа
қалқа түзеді. Осыдан оның атауы орташа қабырғалы перде деп аталды — pleura
mediastinalis.
Орташа қабырғалық перде бронхыдан өтіп, өкпеге барады,
оны өзімен
толықтай жабады да – өкпе пердесі деп атауға ие болды — pleura pulmonalis.
Перденің париетальды және өкпелі жапырақтары арасында жұпты перделі қуыс
орналасқан - cavum pleurale, оның құрамында сірлі қабық торшаларымен
бөлінетін аз ғана мөлшерде сірлі сұйықтық бар — liquor pleurale.
Сірлі
сұйықтық Тыныс алу уақытында, сірлі сұйықтық өкпе перденің қабырғаға
жақын пердеге үйкелесуін жеңілдетеді. Ересек жануарлардың перде қуысының
оң және сол жақтары орташа қабырғалық тесік арқылы жүрек
артында бір-
бірімен қатынасады. Орташа қабырғалық — mediastinum — кеуде фасцияның
ішкі жапырағы мен орташа қабырғалық перде жапырағымен қалыптасады.
Орташа қабырғалықта өңеш, кеңірдек, тамыр және жүйке орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: