А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет86/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Бақылау сұрақтары: 
1 Көмекейдің құрылуына қандай шеміршектер көмектеседі? 
2 Көмекейдің қуысы немен қапталған және қалай бөлінеді? 
3 Қандай бұлшық еттер көмекейге әсерін тигізеді? 
4 Үй жануарларының кеңірдектерінде негізгі түрлік ерекшеліктері 
12.3 Өкпе мен көкірек перде (плевра) 
Сабақтың мақсаты: Өкпе мен көкірек перденің құрылысын игеру 


140 
Өкпе (легкие) — pulmones — пішіні конус тәрізді, құрылысы қомақты 
көкірек қуысында орналасқан (оң өкпе - pulmo dexter және сол өкпе - pulmo 
sinister) паренхималы газ алмасу мүшесі(cурет 45). Көлемді келген өкпе негізі 
(basis pulmonis) каудальды бағытта, ал жіңішкелеу келген өкпе төбесі (арех 
pulmonis) краниальды бағытта орналасады. Өкпенің дорсальды жиегі немесе 
доғал жиегі (magro dorsalis s. obtusus) омыртқа бағаны жағына, ал қырлы жиегі 
(margo acutus) вентральды жаққа қараған. Көкірек қуысының сол жағында 
жүрек орналасқандықтан, оң өкпе көлемі жағынан сол өкпеге қарағанда үлкен 
келеді. Төменгі бөлік аралық сайлар арқылы өкпе бөліктерге бөлінеді. Сол өкпе 
үш бөліктен: краниальды бөліктен (lobus cranialis), ортаңғы бөліктен (lobus 
medius) және каудальды бөліктен (lobus caudalis), ал оң өкпе төрт бөліктен: 
краниальды бөліктен (lobus cranialis), ортаңғы бөліктен (lobus medius), 
каудальды бөліктен (lobus caudalis) және қосымша бөліктен (lobus accessorius) 
тұрады. Өкпенің сыртқы қабырғалармен жанасатын бүйірінде қабырғалық беті 
(facies costalis), көкетпен жанасып жатқан диафрагмалық беті (facies
diaphragmatica) және екі өкпе аралығындағы медиальды беті (facies 
mediastinalis) болады. Медиальды беті өз кезегінде омыртқалық бөлікке (pars 
vertebralis) және көкірек ортасы бөлігіне (pars mediastinalis) бөлінеді. Өкпенің 
бетінде жүрек, қолқа, өңеш батыңқылары және артқы қуыс вена сайы жақсы 
байқалады. 
Ерекшеліктері. Жылқы мен түйе өкпелерінде ортаңғы және каудальды 
бөліктер бірігіп кетеді. Нәтижесінде сол өкпеде краниальды және каудальды 
бөліктер, оң өкпеде краниальды, каудальды жөне қосымша бөліктер болады. 
Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада бифуркациядан бұрын кеңірдектен 
кеңірдектік бронх бөлініп, оң өкпенің краниальды бөлігіне енеді. Күйіс 
қайтаратын жануарларда өкпенің оң краниальды бөлігінің өзі алдыңғы және 
артқы бөліктерге бөлінеді. Ит өкпесінің сыртқы бетінде бөліктердің бір-бірінен 
ажырауы иашар байқалады. 
Өкпе екі бөлімнен құралған. Олар: бронхтар жөне көпіршіктік 
(альвеолалар) тарамдар. Бронхтар тарамы мен альвеолалар тарамдары өкпенің 
паренхимасын құрайды. Ал өкпенің стромасын өкпе паренхимасын біріктіріп 
дәнекерлеп, біртұтас ететін және қоректендіруші қан, лимфа тамырлары мен 
жүйкелер өтетін борпылдақ дәнекер ұлпалық аралықтар түзеді. Кеңірдектен 
ажырайтын негізгі бронхтар өкпеде кезегімен: ірі, орта, кіші бронхтарға және 
бронхиолаларға таралады. Олар өкпенің бронхтар тарамын (arbor bronchialis) 
құрайды. Бронхтар тарамында газ алмасу процесі жүрмейді. Бронхтар тыныс 
жолдарына жатады. Бұлардың қуыстарында ауа тазаланып, ылғалданып, 
жылып өкпенің газ алмасу (респираторлар) бөліміне өтеді.


141 
Бронхтар 
орналасу 
орындарына,құрылысына 
және 
арнасының 
диаметріне байланысты кеңірдектен кезегімен таралып, төмендегідей 
бронхтарға ажыратылады. Олар: негізгі бронхтар, ірі бронхтар, орта бронхтар, 
кіші бронхтар (терминальды) бронхиоламен аяқталады.
Негізгі бронхтың құрылысы кеңірдек қабырғасының құрылымына ұқсас, 
яғни кеңірдек қабырғасындағы қабықтар мен қабаттардан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет