А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет85/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

44 - суретЖылқының көмекейі 
Ерекшеліктері. Жылқыда кеңірдек сақиналарының пішіні көлденең 
сопақша болып келеді, олардың саны — 48-60. Кеңірдек бифуркациясы 5-6 
қабырғалар тұсында орналасады.Сиырда кеңірдек сақиналарының екі бүйірі 
қысыңқы келеді. Оның бос ұштары бір-бірімен түйісіп тұрады. Шеміршек 
сақиналарының саны — 46-50. Бифуркацияға дейін кеңірдектен оң өкпенің 
алдыңғы бөлігіне қосымша кеңірдектік бронх(bronchus trachealis) ажырайды. 
Ұсақ малдардакеңірдектегі шеміршек сақиналардың саны — 45-56. Бұларда да 
кеңірдек бифуркациясына дейін оң өкпенің алдыңғы бөлігінекеңірдектік 
бронхажырайды.Шошқакеңірдегіндегі шеміршек сақиналардың саны — 31-36. 
Олардың пішіні цилиндр тәрізді болып келеді. Сақиналардың бос ұштары ұзын 
болып келеді, бір-бірімен айқасып жатады. Шошқа кеңірдегінде де, оң өкпеге 
кеңірдек 
бифуркациясынан 
бұрын 
ажырайтын 
кеңірдектік 
бронхболады.Иткеңірдегінде 42-46 дөңгелек пішінді шеміршек сақиналар 
болады. Олардың шеміршек ұштары бір-біріне түйісіп жатады. Оларды 
жалғастырып тұрған көлденең бұлшық ет шеміршектің жоғарғы бетінде 
орналасады. 
Кеңірдектің гистологиялық құрылысы. Кеңірдектің қабырғасын ішкі 
кілегейлі, ортаңғы талшықты-шеміршекті және сыртқы адвентиция (сірлі 
қабық) қабықтары құрайды. Кеңірдектің кілегейлі қабығында үш қабат 
ажыратылады. Олар: эпителий, өзіндік тақташа және кілегейліасты негіз. 
Кілгейлі қабығының ішкі бетін бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителий 


139 
астарлайды. Эпителийді негіздік жарғақта орналасқан призма тәрізді 
кірпікшелі, құтыша, эндокринді және базальды торшалар құрайды Призма 
тәрізді эпителиоциттің апикальды ұшында 250 -ге дейін кірпікшелер болады. 
Олар минутына 150- 250 рет жиырылып, кұтыша торшалар мен кілегейлі қабық 
бездері бөлген кілегейді минутына 2-3 мм жылдамдықпен жылжытады да, 
жабысқан шаң-тозаңмен бірге жинақтап, қақырық түзеді. Түшкіру арқылы 
қақырық сыртқа шығарылады. Пішіні пирамида тәрізді эндокринді торшалар 
цитоплазмасында агранулалы эндоплазмалық тор жақсы жетілген. Олардың 
дөңгелек келген ядролары негіздік жарғаққа жақын жатады. Аталған 
торшалардың цитоплазмасында тығыз өзекті дәншелер көптеп кездеседі. 
Эндокринді торшалар тыныс жолдарындағы бірыңғай салалы ет ұлпасы 
миоциттерінің қызметіне ықпалын тигізетін пептидтік гормондар мен биогенді 
аминдер (серотонин, норадреналин, дофамин) түзеді. Аласа келген базальды 
торшалар негіздік жарғаққа жақын, алдыңғы аталған торшалардың 
аралықтарында орналасады. Базальды торшалар камбиальды қызмет атқарады. 
Өзіндік тақташаны борпылдақ дәнекер ұлпасы құрайды. Бұл қабаттағы 
кеңірдектің ұзын бойымен бойлай өтетін эластин талшықтары кілегейлі 
қабықтағы көлденең қатпарлардың түзілуіне жол бермейді. Борпылдақ дәнекер 
ұлпасынан тұратын кілегейліасты негізде сірлі-кілегейлі бездердің секрет 
бөлетін соңғы бөлімдері орналасады. Олардың шығару өзектері кеңірдектің 
ішкі бетіне ашылады. Аталған бездер кеңірдектің төменгі және екі бүйірінде 
көптеу орналасады.Ортаңғы талшықты-шеміршекті қабығын шеміршекқаппен 
қапталған, жоғарғы бос ұштары тұйықталмаған гиалинді шеміршек сақиналары 
түзеді. Шеміршек қап тығыз дәнекер ұлпасынан тұрады. 
Кеңірдектің сыртқы қабығын, оның мойын бөлігінде адвентиция қабығы 
құрайды. Ол борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Ал кеңірдектің көкірек 
қуысындағы бөлігінің сыртқы қабығы көкірек ортасының плеврасы (сірлі 
қабық). Ол ішкі борпылдақ дәнекер ұлпалық жұқа қабаттан және сыртқы 
мезотелийден құралған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет