134
оралымдардан тұрады. Олардың қуысы ортаңғы
және вентральды мұрын
жолдарымен қатысады.
Мұрын маңы қойнаулары (sinus paranasales) негізінен жалпақ
бассүйектердің ішкі және сыртқы сүйек тақташалары
аралығында орналасып,
мұрын қуысымен тесіктер арқылы қатысады. Қойнаулар ішкі жағынан кілегейлі
қабықтармен астарланған. Бұларға жоғары жаққойнауы(sinus maxillaries)мандай
қойнауы(sinus frontalis), сынаша қойнауы(sinus sphenoidalis), тандай
қойнауы(sinus palatinus) жатады. Аталған қойнаулардың
даму деңгейі көп
жағдайда азу тістердің көлеміне, маңдай сүйектің мүйіз өсінділерінің жетілуіне
тікелей байланысты. Аталған қойнаулар сиыр мен ұсақмалдарда өте жақсы,
жылқымен шошқадабіршама тәуір, ал иттенашар жетілген.
Аңқа (носоглотка) — nasopharynx — жұтқыншақтың ауа өтетін бөлігі. Ол
мұрын қуысын көмекеймен жалғастырады. Аңқаның
кілегейлі қабығы тыныс
жолдарына тән бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған.
Эпителий қабатының астында борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұратын өзіндік
тақташа болады.Қалған қабаттары мен қабықтары жұтқыншақта баяндалған.
Достарыңызбен бөлісу: