7 Топырақтың негізгі жылу қасиеттері: жылу сіңіру қабілеті, жылу сиымдылығы, жылу өткізгіштігі.
Топырақтың жылу сіңіру қабілеті оның күн нұры энергиясын сіңіру қаситетінің мөлшерін сипаттайды. Оны альбедо (А) көрсеткішімен өлшейді.
Альбедо – топырақ бетіне жетіп түскен жалпы күн сәулесі радиациясының топырақ бетінен шағылысқан қысқа толқынды күн сәулесі радиациясы үлесін көрсетеді, ол пайызбен есептелінеді.
Идеалды немесе мінсіз шағылыстыратын бет 100% болады. Альбедоның мөлшері топырақтың түсі, ылғалдылығы, құрылымы, тегістігі және оның өсімдік жамылғысына байланысты.
Жылу сиымдылығы – топырақтың жылу сіңіру қасиеті, оны сыбағалық (үлестік) және көлемдік деп ажыратады. Сыбағалық жылу сиымдылығы – бұл 1 г құрғақ топырақты 10 С-қа қыздыру үшін қажетті жылу калориясы, ал көлемдік — 1 см3 құрғақ топырақты 10 С-қа қыздыру үшін қажетті жылу калориясы ( джоуль).
Жылу сиымдылығы топырақтың гранулометриялық және минаралды құармына, органикалық заттар мөлшеріне, ылғалдылығына, құрамына байланысты.
Топырақтың жылу өткізгіштігі – оның өзіне жылуды өткізу қабілеті. Топырақта жылу әртүрлі жолдармен беріледі: бөлшектер немесе түйірлер бірімен-бірі түйісу кезінде қатты бөлшектерді бөлетін су немесе ауа арқылы.
Топырақтың жылу өткізу мөлшеріне оның химиялық және механикалық құрамы, ылғалдылығы, ауа мөлшері, тығыздығы және температурасы әсер етеді.
Гумусқа бай және аэрациясы жоғары қуыстылығына қарай жақсы құрғақ күйіндегі топырақ жылуды өте нашар өткізеді.
Жылу режимі – топырақта жылудың жиналу, таралу және жұмсалу құбылыстарының жиынтығы.
Топырақтағы жылу көздері – күн сәулесінің энергиясы (тура немесе тікелей, шашыранда, сонымен қатар атмосфералық радиация); ауадан алатын жылу; органикалық заттар ыдырау кезінде пайда болатын жылу; топырақтағы радиоактивті процестер жылуы. Ең маңызды жылу көзі – күн сәулесінің энергиясы.
Топырақтың үстіңгі қабатына түсетін күн сәулесінің энергиясы тәуліктік және жылдық мерзімділікке бағынады. Тәуліктік циклде топырақ күн шыққанан 14 сағатқа дейін қызады, содан кейін салқындай бастайды. Жылдық циклде ол наурыздан шілдеге дейін қызады, содан кейін салқындайды.
Топырақтың үстіңгі қабаты оның қалған қалыңдығына жылу көзі болып саналады және бұл жағдайда оның жылу өткізгіштігі маңызды.
Жыл мезгілі ішінде жаз айларында жылу топырақтың үстінен астыңғы қабаттарына таралып, оның қызуы, ал қыс айларында, керісінше, жылу топырақтың астыңғы қабатынан үстіне қарай таралып, оның салқындануы байқалады. Қысқы бөлінуден жазға өту сәуірде, ал жаздан қысқа өту қыркүйек айында байқалады.
Топырақтың температуралық режиміне қар жамылғысының зор әсері бар. Қар жылуды нашар өткізеді, сондықтан оның топырақтан шағылуын және атмосфераға беруін төмендетеді, олай болса топырақтың салқындауын азайтады.
Жылу режимі жер бедеріне де байланысты. Беткейлердің экспозициясы (көрінісі) және олардың құлдилығы немесе құламалығы күн радиациясынан алатын жылу айырмасын анықтайды. Оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс беткейлеріндегі топырақтар солтүстік, солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс беткейлеріндегі және су айрығындағы топырақтарға қарағанда жақсы қызады.
Өсімдік жамылған (күздіктер, шөптер, орман және т. б.) топырақтар жамылмағандарға қарағанда аз тоңданады.
Достарыңызбен бөлісу: |